Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТЖБ.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
516.61 Кб
Скачать

Дэпидермирленген Филаттық сабақшаны стжб анкилозын жою үшін қолдану.

СТЖБ анкилозын емдеудің нітижесімен айналысатын барлық авторлар, аурудың көп жағдайда қайталануын айта кетеді. Қайта асқыну операциядан кейін бір жыл ішінде дамиды, бірақ бірнеше жылдан соң да дамыған жәйттар жазылған. А.А.Лимберг төменгі жақ анкилозын қайталанып дамуы 1948жылы дэпидермирленген Филаттық сабақшаны сүйек аралық төсемге пайдаланған операция көп кезеңді сол себептен әдіс анкилозды жою үшін ғана пайдаланылады. Филаттық стебельді іштен құрайды. Үш аптадан соң сабақшаны білекке немесе иыққа орналастырады. Үш аптада анкилозды жою операциясы болады. Жоғарыда айтылған әдіспен анкилоз аймағын ашып және сүйекті өңдейді. Содан іштен тері сабақшасын кесіп және 7-8см көлемінде эпидермальды тері қабатын скальпелмен кесіп алып сабақшада тек торлы қабатты қалдырып май бүртігі дермамен жабылса болғаны. Дэ\пидермирленген сабақша бөлігін сүйек аралық бнткейларге енгізеді және ұрттың толық қабатына матрицамен қатырып 2-3 тігіспен қоршаған тіндерге жылжымастай бекітеді. Содан соң бұлшық ет және жұмсақ тіндерде өз орнына қояды кетгутты тігістермен орнаьады тері жарақатын тігеді. Дэпидермирленген сабақша жартысын тұйық болып бітетіндей етіп теріге тігіп тастаймыз тігіс аралыққа 48 сағатқа резеңкелң шығарғыш қоямыз. Науқасты ары қарай жоғарыда жазылғандай. Келесі кезек 2-3 аптадан соң төменгі жақтың қырынан сабақша артығын кесіп алып тастайды, микрогенияболғанжағдайда білектегі дэпидермирленген сабақшаны кесіп алып бет ассиметриясын коррекциялайды.

Сондай жағдаймен бұл әдіс тек жақ анкилозын жойып қоймай бет ассиметриясында қалпына келтіреді. Екіжақты анкилозды жою үшін Филат сабақшасынан төсемді жасау түрі келесідей: сабақшаның бір аяғын білектен кесіп алған соң, іштен екінші аяғын кесіп төменгі жақ бұрыш аймағына орналастырамыз. Сабақша иек астында саты тәрізді орналасады. Ендігі 3-4 аптпдан соң бір мезетте екі жақтың анкилозын жояды. Сабақша ұзындығы бойынша теңдей екіге бөлеміз, екі жақты остеотомия жүргізеді. Сабақшаның екі жағында дэпидермирлейді де екі жақтың сүйек аралық беткейіне ендіреді. Операция одан әрі жоғарыда айтылғандай жүргізіледі. Иекке праща байламын қояды. Науқасқа операциядан кейін 15-20 күн бойы тамақтануды зонд арқылы қояды. Жақпен қозғалысты 10-15 күннен соң ғана рұқсат етеді.

Стжб анкилозындағы операциялар.

Самай- төменгі жақ буынының анкилозы кезіндегі операциялар

Медведов әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1953 жылы .

Арнайы қысқыштардың көмегімен төменгі жақ тармағының жоғарғы үштен бірі аймағына сатылы остеотомияны жүргізеді, оны дұрыс қалыпқа келтіріп, төменге түсіреді. Фрагменттер арасындағы кеңістікке пішіні мен көлемі бойынша сай келетін биопластмассадан жасалған төсемді фрагменттер арасындағы кеңістікке орналастырады. Төсемді қоршаған тіндерге кетгут жібімен бекітеді. Түбір тістер арасына төсемді салып жақтың ауыздан тыс тартылуын 14-16 күнге жүзеге асырады.

Вешканова әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1956

Рауэр бойынша қиғаш остеотомияны жүргізеді, сүйектің кесілген жерлерін түтіндеген азот қышқылымен 1-2 минут бойы күйдіреді. Қышқылды таяқшадағы мақтамен жағады, қоршаған тінді қышқылды бейтараптау үшін натрий гидрокарбонатының қаныққан ерітіндісіне батырылған дәкемен оңашалайды. Жақты 10-13 күнге тартады.

Бернадский-Михайлик әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1974 ж.

Төменгі жақтың буынына жақын жерден остеотомияны жүргізеді. Төменгі фрагментті төмен және алға тартып,жақты тіс шиналарымен бекітеді. Тармақтың төменгі фрагметінінің дақылын жұмытрқаның ақуыздық қабықшасынан (бұқаның) жасалған қалпақпен жабады. Қалпақты жақ бұрышын айналып өтетін кетгут тігісімен бекітеді.

Максудов-Драновский әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1981 ж.

Рауэр немесе Львов бойынша тілікпен төменгі жақтың бұрышы мен денесін жалаңаштайды. Шайнау бұлшықетін тармақтан сыдырып, оны буындық және тәждік өсіндісіне дейін қаңқаландырады. Сүйек қабығының астынан тармақтың ішкі жағынан ішкі қанат тәрізді бұлшықетті сыдырып алады. Зақымдалған буынға жақын жерден остеотомияны жүргізеді. Төменгі фрагментті төменге ығыстырып,жақты дұрыс қалыпқа келтіреді. Төменгі фрагменттің жиектеріне күміс палладий құймасынан дайындалған қалпақты орналастырады.

Михайлик-Бернадов әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1978 ж.

Тәж өсіндісінің негізінен остеотомия жасайды. Жарты айшық тәрізді ойық пен буын өсіндісі аймағындағы артық сүйек конгломератын алып тастайды. Төменгі жақты төменге және алдыға ығыстырады. Тәждік өсіндіні тармақтың жоғарғы артқы жиегіне орнықтырып сүйектік тігіспен бекітеді.

Михайлик әдісімен самай-төменгі жақ буынының артропластикасы 1948 ж.

Рауэр бойынша тармақтың қиғаш остеотомиясын жүзеге асырады. Пайда болған қуысқа фрагменттерді ажыратқаннан соң пластмассадан жасалған қалпақты орнықтырады,оны сүйектің қозғалмалы бөлігіне кигізеді. Қалпақ тармақтың сүйек қабығына бекітіледі.

Н.А.Плотников әдісі бойынша артропластика

Құлақ қалақанының сырғалығынан 1,52 см төмен басталатын,иекасты аймағынан дейін созылып жататын (шамамен 6/6 деңгейіне дейін) терінің жартылай оваль тәрізді тілігі арқылы буынға жетеді,ол жерде тармағының қысқарғыштығы мен төмен түсетінін ескере отырып,төменгі жақтың жиегінен 23 см төмен енгізеді. Тіндерді қабат бойынша сүйекке дейін ажыратады.Шайнау бұлшықетінің шандырын сүйектен ажыратпайды,төменгі жақтың компакті затының артқы табақшасымен бірге бөліп алады. Бұл үшін жақ бұрышының төменгі ішкі жиегі бойынша,яғни шайнау мен медиальді қанат тәрізді бұлшықеттердің біріккен шекарасына сызықтық тілік жасайды,шандыр бұлшықеттік талшықтарды ажыратып,оларды сүйектіің төменгі жиегінен бөліп алады.

Төменгі жақ бұрышының төменгі жиегімен шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегі аймағында бор машинаның көмегімен айналмалы ара немесе ультрадыбыспен сыртқы табақшаны аралайды. Ю.И.Бернадский. төменгі жақтың компактті затының травматологиясы мен қалпына келтіру хирургиясы,оны оған біріккен бұлшықетті жұқа кең өткір долотамен бөліп алады.

Жақ тармағының басқа аймағында (сыртқы және ішкі бетте) бет доғасына дейін субпериостальді распатормен жұмсақ тіндерді ажыратып алады. Трансплантатқа қабылдаушы арнаны жасау үшін жақ тармағының сыртқы бетінен фрезамен қалдық компактті заттың табақшасын бірдей қабатпен қан ағатын нүкте пайда болғанға дейін ажыратады.

Төменгі жақтың тармақтарының қиылысу деңгейі сүйектегі патологиялық өзгерістердің сипаты мен таралуымен сипатталады. Сонымен,төменгі жақтың басының самай сүйегінің буындық бетімен фиброзды және сүйекттік бітіскен жеріне айдаршықты өсіндінің резекциясын жүргізеді(кондилэктомия),төменгі жақтың ойығы арқылы сүйекті қиғаш бағытта артқа және төмен сымнан жасалған арамен кеседі. Егер айдаршықты өсіндіні кескеннен кейін самай бұлшықеті жақ тармағының төмен түсуіне кедергі келтірсе,онда остеотомияны тәж өсіндісінің негізімен жүргізеді. Кең көлемді сүйектік бітісулерде айдаршықты және тәж өсінділері бірдей сүйектік конгломерат түзсе,барынша буынға жақын жерден төменгі жақтың жоғарғы үштен біріне көлденең остеотомия жасайды. Бұл мақсатқа арнайы ұзын өткір трепан қолданылады. Бор машина көмегімен үшбұрышты хирургиялық фрезамен біріккен бірнеше өтпелі тесіктер жасайды. Жақтың тармақтары қиылысқаннан соң оны төменге ығыстырып,сүйектің кесілген бетін фрезамен тегістейді. Төменгі жақтың алынған аймағы қалыпты жағдайда буынның орналасу орнына жақын болатындай етіп,мүмкіндігінше үлкен болу керек.

Кей жағдайларда төменгі жақтың өзгерген басын толық кесіп алуға болады,егер сүйек конгломераты бас қаңқасының негізіне,төменгі жаққа және төменгі жақ ойығына таралса ,оны толығымен алудың қажеттілігі жоқ. Мұндай жағдайда сүйек тінің әртүрлі кесуші құралдардың көмегімен бөлшектеу жолымен самай сүйегінің төмпешігінен төмен орналасқан деңгейге дейін кесіп алады.

Табиғи буынның беткей деңгейінде шар тәрізді фрез көмегімен жартылай оваль тәрізді жаңа буындық аймақ құрылады. Оның беткейі мұқият тегістелген болу керек. Буындық алаңның алдыңғы бөлігіне шығудың алдын алу үшін төменгі жақ басының алдыңғы бөлігіне ығысуына кедергі келтіретін сүйектік бұдырмақ құрастырылады.

Ортаңғы сызық бойынша иектің дұрыс орналасуы үшін жақ тармақтарын мүмкіндігінше ажыратпай өзін сау жаққа қарай ығыстырады. Жасөспірімдер мен балалардың зақымдалмаған жақтарының өсуін ескере отырып олар тістеу кейбір гиперкоррекциямен орнатылады. Бұл жағдайда жақ шина көмегімен бекітіледі. Төменгі жақтың басында пайда болған ақаудың орнын басу үшін төменгі жақтың тармақтарынан оны басыменғ кей жағдайда самайлық өсінділермен қоса консирвіленген лиофилизирленген аллотрансплантант қолданылады. Реципиенттің жалған нағыз қабылдаушыса трансплантанттың ішкі қабырғасымен компакт заттың пластинкасынан алынады. Сыртқы қабырғасы тура осылай. Трансплантат мәйіттен алынады, оның бар бұрышы төменгі жақтың барлық еніне сай келуі керек, яғни біруақытта тармақты ұзарту ғана емес, жақтың бұрышын құрау, сонымен қатар артқы аймақтағы сүйектің кемшіл тұстарын толықтыру үшін тармақтарды пайдалана отырып жақты алға қарай ығыстыру керек. Трансплантат жақтың ақауының орнын басу үшін буын аймағына операция уақытында буын басы оған сәйкес келуі керек. Сақталған төменгі жақтың айдаршық өсіндісі трансплантаттың айдаршық өсіндісімен бірігеді. Трансплантаттың екінші соңы реципиенттің жақ соңымен бірігеді және екі сым жіппен тығыз бекітіледі. Айдаршық өсінді леской немесе хромирленген кетгутпен жабыстырылады. Шайнау және тәждік бұлшықеттің сіңірлері сүйек пластинкасымен жақ бұрышы емес оның артындағы жақ тармақтарының артқы аймағы бекітіледі, яғни физиологиялық тартылуы үшін бұлшықет ұзындығы өзгермейді. Аталған бұлшықеттердің толық ,шайнау қызметі қалпына келеді деп айтуға болады. Зақымдалған жерге антибиотик енгізеді және оны қабат-қабатымен тігеді.