Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

9-сынып (оқыту тілі орыс)

Қазақ тілі, тест, і нұсқа

1. Ашық жəне қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарын табыңыз

A) көрік, бозша

B) сағыз, көлшік

C) күлкі, тұғыр

D) ырыс, құдірет

E) уақыт, тұрмыс

2. Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз

A) 4

B) 2

C) 6

D) 5

E) 3

3. Синонимдер тобы қай қатарда дұрыс берілмегенін көрсетіңіздер

A) ас, тамақ, дəм, тағам, ауқат

B) амандасу, сəлемдесу, есендесу

C) сабыр, тағат, дегбір, салмақ

D) тез, жылдам, шапшаң, лезде

E) халық, жұрт, көпшілік

4. Тұрақты тіркесті табыңыз

А) үлкенді құрметтеу

B) кірпік қағу

C) алтын-күміс

D) қолды болу

E) тату-тəтті өмір сүру

5. Түбірлес сөздерді табыңыз

A) түн, түндік, түнгі

B) арлы, арық,арқылы

C) бала, балық, балапан

D) жан, жанар, жанды

E) қала, қалашық, қалау

6. Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз

A) күншілдік, білім

B) салауаттылық, зиялылық

C) айтыс, келісім

D) мұнайшы, жолаушы

E) жақсылы, ізгілік

7. Бірыңғай жалпылау есімдіктерінің қатарын көрсетіңіз

A) бəрі, барлық, барады

B) барша, бар, жоқ

C) бүкіл, күллі, ауыл

D) бүкіл, бәрі, түгел

E) жалпы, жалқы

8. Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімді белгілеңіз

A) биік

B) күрең

C) сараң

D) ащы

E) көтеріңкі

9. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтаңыз.

Гүлдей бер, туған жерім.

А) құрмалас.

В) лепті.

С) сұраулы.

Д) жалаң.

Е) толымсыз.

10. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

А) ыңғайлас

В) қарсылықты

С) түсіндірмелі

Д) себеп-салдар

Е) талғаулы

11. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстары бар сөздерді белгілеңіз

A) білім, тіл, жіктік

B) әсем, көлем, мақал

C) ұлт, құс, құн

D) кісі, бұл, мін

E) қыз, қыс, күлкі

12. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз

A) көк базар

B) шашса

C) көрші-қолаң

D) Күмісқан

E) биыл

13. «Үлкен» сөзінің диалектісін табыңыз.

A) дардай, алпамсадай

B) топал, қопал, олақ

C) қортық, құртақандай

D) кіттей, мұқымдай

E) ұзынтұра, сорайған

14. «Бес саусақтай білу» мағынасындағы тұрақты тіркесті табыңыз

A) тату-тәтті өмір сүру

B) үйрету

C) көмектесу

D) жоқ болу

E) жетік білу

15. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беріп тұрған сөзді көрсетіңіз

A) керек

B) айла

C) келді

D) қалашық

E) ойла

16. Қысқарған сөз жазылған сөйлемді белгілеңіз

А) Менің ағам АҚШ-та тұрады.

B) Алатау бөктерінде алма бақтары бар.

C) Үлкен-үлкен үйлер қаз қатар тұр.

D) Қария аулада демалып отырды.

Е) Жеңіл-желпі сұрақтарға дайындыққа аз уақыт кетті.

17. Сөйлемнен көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз

A) Қазір жаңбыр жауып кетсе ше?

B) Біз сабақ туралы сөйлестік.

C) Мен әкеммен бірге кешке дейін жұмыс істедім.

D) Егер ол келмесе, жоспар өзгереді..

E) Бұны жазған Самат-ау деймін.

18. Күшейткіш үстеулі тіркесті табыңыз.

А) Тым биік.

B) Тез келді.

C) Ертең барады.

D) Ілгері жүр.

E) Онша жараспайды.

19. Қай қатардағы сан есімдер арасына сызықша қойылатынын белгілеңіз

A) он екінші

B) қырық шамалы

C) сағат төрттерде

D) алты жетіден

E) бір миллион

20. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) қарсылықты.

В) шартты.

С) себеп.

Д) мақсат.

Е) мезгіл.

21. Асты сызылған сөздің сөйлемдегі қызметін табыңыз: Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті

A) бастауыш

B) баяндауыш

C) анықтауыш

D) толықтауыш

E) пысықтауыш

22. Матаса байланысқан сөз тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Ол көзді ашып жұмғанша жоқ болды.

B) Ана түн ұйқысын төрт бөлді.

C) Атасы – ағаштан түйін түйген адам.

D) Адамдарды бір-біріне айдап салуды жақсы көреді.

E) Əкем Бауыржанның батырлығын айтып отырушы еді.

23. «Жерден жеті қоян тапқандай» тіркесінің антонимін табыңыз

A) ұмтылу

B) мерген

C) жауап беру

D) ренжу

E) қуану

24. Пысықтауыш қатынастағы қосарлама қос сөзді табыңыз

A) Барар-бармасын білмедім.

B) Көздерінен рас-өтірігі білінеді.

C) Қысы-жазы дайындалды.

D) Оқу саласында істейді.

E) Артында қалған бала-шағасы бар.

25. Құрамындағы түбір сөздердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз

A) отағасы

B) қолғанат

C) сегізкөз

D) аққу

E) ақсүйек

26. Сөйлемдерден болымды тұлғасында тұрған ауыспалы осы шақ етістігін белгілеңіз

A) Менің інім жиналысқа бармайды

B) Анам қонаққа кетті.

C) Көктемде мал төлдейді.

D) Достарым жарысқа барыпты.

E) Дина жобалар жарысына қатыспады.

27. Орындаушы өзге біреу екенін көрсететін өткен шақ тұлғасындағы сөйлемді анықтаңыз

A) Айшаның құжаттарына жетекші қолын қойып берді.

B) Қолын қойған соң, Анар кітапханаға кірді.

C) Айша құжатқа жетекшінің қолын қойдырып алды.

D) Ұлдар ұзақ сөйлесіпті.

E) Мен ерте киіндім.

28. Тұрақты тіркестің сөйлемдегі пысықтауыш қызметін атқарып тұрған түрін анықтаңыз

A) Айдардың келгенін көзі шалды.

B) Айнұрдың Әлияға жұлдызы қарсы болды.

C) бесеуі ала ауыз болды.

D) Ол ит арқасы қиянға кетті.

E) Ілиястың келмегені арқама аяздай батты.

29. Пысықтауышы бар жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Сабақта сөйлеуге болмайды.

В) Мен елдің жіберген елшісімін.

С) Қамысы қалың, айдыны мол көл еді.

Д) Шоқшалау ақ сақалды, келбетті, зор дауысты адам еді.

Е) Ертең, май күні, чемпионат жалауы көтеріледі.

30. Берілген жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге мағыналас жалғалықсыз салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ән басылып қалғандықтан , гитара сазы тоқталған жоқ .

В) Ән басылып қалса да, гитара сазы тоқталған жоқ .

С) Ән басылып қалды, - гитара сазы тоқталған жоқ .

Д) Ән басылып қалды, гитара сазы тоқталған жоқ .

Е) Гитара сазы тоқталған жоқ, себебі ән басылып қалды

қазақ тілі, тест, ІІ нұсқа

1. Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді табыңыз

А) ауыл

В) жолаушы

С) қыздар

D) өндіріс

Е) жалқау

2. Қатаң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз

А) п,б

В) р,л

С) м,н

D) з,и

Е) ф,ш

3. Синонимдер қатарын белгілеңіз

А) түбіне-басына

В) бірінші-алғашқы

С) пікір-саяхат

D) баянды-сіңірген

Е) белгілі-белгісіз

4. Фразеологизмді көрсетіңіз

A) жазира дала

B) жақын туыс

C) қолы ашық

D) жол мұраты

E) шежірелі ел

5. Зат есімді түбірлес сөздерді табыңыз

A) сала, салғырт

B) бар, барымта

C) жолдастық, жолдас

D) ара, аралық,аралас

E) қал, қала

6. Туынды зат есімді табыңыз

А) күй,өрмек

В) іскер,байлық

С) әкем,түйе

D) қазандар,қозылар.

Е) бал, бала

7. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз

А) әлдекім

В) ешкім

С) кімнің

D) ешбір

Е) кімдер

8. Сын есімнің сұрағын белгілеңіз

А) кім?не?

B) кімге?неге?

C) қанша?неше?

D) қандай?қай?

Е) нешінші?

9. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Ағасы бардың - жағасы бар.

В) Таң мезгілі.

С) Інісі бардың - тынысы бар.

D) Ел іші - өнер кеніші.

Е) Киімін жинастырды.

10. Себеп-салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Бүгін ай туыпты.

B) Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.

C) Сиырлар есебінен жаңылмайсың: тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары – он үш.

D) Əдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.

E) Мына ағайдың жүзінде əжімнен сау жер жоқ, əйтсе де беті ойнақы еді.

11. Езулік дауыстылардың жасалуын белгілеңіз

A) Езудің кейін қарай тартылуы.

B) Тілдің кейін қарай шегінуі.

C) Еріннің дөңгеленуі.

D) Езудің алға қарай тартылуы.

E) Жақтың кең ашылуы.

12. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар зат есімді көрсетіңіз

А) көшемен

В) достарымызды

С) өнерпаздар

Д) асхананың

Е) кәсіпкерлерге

13. Өсімдік саласына қатысты тілімізге енген жаңа сөзді белгілеңіз

A) жапырақ

B) фотосинтез

C) бүршік

D) ағза

E) түйеқұс

14. Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді анықтаңыз

A) Жүк артқан түйе кейін келеді.

B) Жомартқа екі түрлі талап қойып, жүк артқан.

C) Соңғы көлікке жүк артқан.

D) Жүк артқан балаларға алғыс айтты.

E) Жүкті ұқыпты арту керек.

15. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз

A) зейнеті

B) зейнет

C) зейнетін

D) зейнеткер

E) зейнетпен

16. Қосарлану арқылы жасалған күрделі зат есімді анықтаңыз

A) балабақша

B) ауыл-аймақ

C) жауын

D) ақшағала

E) сантиметр

17. Ма, ме - шылауы қандай грамматикалық тұлғамен ұқсас келеді, белгілеңіз

A) етістік қосымшасы

B) есімше қосымшасы

C) етіс қосымшасы

D) болымды етістік

E) болымсыз етістік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]