Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

Қазақ тілі, тест, V нұсқа

1. Еріндік дауыстыларды табыңыз

А) с,т,р,п,ж

В) қ,ш,ғ,д,г

С) о,ө,ұ,ү

D) і,а,ы,ә,е

Е) а,б,в,г

2. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз дыбыс болып тұрғанын анықтаңыз

А) жазушы, шешуші

В) туу, жуу

С) бу,қу

D) дауыс, қауын

Е) жабу, кебу

3. Мағыналас сөздерді анықтаңыз

А) ұқыпты-тиянақты

В) үлкен-кішкентай

С) сары-жасыл

D) жарық-қараңғы

Е) саусақ-қол

4. «Сөз қайыру» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз

A) жауап беру

B) сөз сөйлеу

C) үндемеу

D) ақыл айту

E) тыңдамау

5. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз

A) Сала,салғырт

B) түс, түстік

C) күл, күлгін

D) сән, сәл

E) кес, кесене

6. Туынды сөзді анықтаңыз

А) тәрбие,таулы

В) құрылысшы,көңілді.

С) қыр,төрле.

Д) еңбек,тәрбиеші.

Е) көлік, суретте

7. «Сіз таптыңыз» сөз тіркесіндегі жіктеу есімдігінің орнына қолданыла алатын өздік есімдігін табыңыз

A) өзім

B) өзің

C) өзіңіз

D) өзі

E) өздері

8. Туынды сын есімді көрсетіңіз

А) сирек

В) қиын

С) көрікті

D) алыс

Е) жарық

9. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Күн шықты.

В) Сендер де оқуды бітірдіңдер.

С) Талдықорған.

D) Сары жапырақ.

Е) Ит өлген жер.

10. Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз

A) Оттың жалыны əзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегені.

B) Сыздық – етікші жігіт жəне жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.

C) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

D) Жанат орнын ұсынып еді, – отырған жоқ.

E) Күндіз қоңыр салқын болып тұр.

11. Еріндік дауыстылардың жасалуын белгілеңіз.

A) Тілдің ілгері созылуы.

B) Тілдің кейін шегінуі.

C) Жақтың кең ашылуы.

D) Езудің кейін қарай тартылуы.

E) Еріннің дөңгеленіп алға созылуы.

12. Кейінді ықпалдағы сөз қатысқан сөйлемді табыңыз

A) Дос Ботагөзбен кездесті.

B) Айдар театрға барды.

C) Айнаш кітабын алды.

D) Райхан менімен келді.

E) Жанар Талдықорғанда тұрады

13. Hеологизм сөздерді табыңыз

A) Ел, елдік, азаматтық

B) Ана, әке, ата

C) Жүз, күз, ет

D) Махаббат, тұрмыс, сұхбат

E) Делдал, құжат, төлқұжат

14. Бірыңғай тұрақты тіркестердің қатарын көрсетіңіз

A) жұрдай болу, ит арқасы қиянда, ақ ат

B) мауқын басу, түлен түрту, жотадан түсу

C) тіс жармау, уайым жеу, көзайым болу

D) аяғын шалыс басу, тас жол, күлін көке ұшыру

E) тісі батпау, ана сүтін ақтау, дастарқан жаю

15. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табың

A) Зейнетпен.

B) Зейнеткер.

C) Зейнеті.

D) Зейнетін.

E) Зейнет.

16. Екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз

A) сары ала

B) жердің жүзі

C) əдемі құс

D) жылы су

E) белсенді оқушы

17. Сөйлемнен барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз

A) Айдар үйге қарай жүгіре жөнелді.

B) Мыңнан астам адам жиынға қатысты.

C) Барлық жаңалық достарымда болды.

D) Әкеммен бірге кешке қарай ауылға жүрдік.

E) Ақпаратты сенен бұрын алдым.

18. Қатемен жазылған, қос сөз түріндегі үстеуді табыңыз

A) Қысы жазы, анда санда.

B) Тым жас.

C) Бармайынша, келмейінше.

D) Екіншіəрі, таңертең.

E) Қаланы, үйді.

19. Қосарланып айтылатын топтау сан есімді табыңыз

A) он бес

B) сексеннен

C) қырық-елуге жуық

D) үш-үштен

E) елу тоғыздан

20. «-й» жұрнақты көсемшенің болымсыз түрінен жасалған

шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

A) Сақалына бурыл кіргені болмаса, Майбасар баяғысынша қызыл күрең жүзді.

B) Ол аяғын мысықша абаймен басып, үйге кірді.

C) Ат өнері білінбес, бəйгеге түсіп жарыспай.

D) Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім.

E) Бір сəтте аузын сəл ашып, дүниеге сүйсіне таңданып қараған бала əлпеттес болып кетті.

21. Сөйлемдегі зат есімнен болған күрделі анықтауышты белгілеңіз.

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

A) анасы бар

B) адамдар ешқашан

C) адамдар қартаймайды

D) ешқашан қартаймайды

E) анасы бар қартаймайды

22. Қабыса байланысқан сөздерді табыңыз

A) мен жазушымын

B) баланың қолы

C) қара қалам

D) алманы алды

E) кеше болды

23. «Мұрнын көкке көтеру» тіркесіне синонимдес сөйлемді табыңыз

A) Айдар Асқарды мақтады.

B) Жадыра айналасындағыларды менсінбеді.

C) Айманның айтқан сөзі сүйегінен өтті.

D) Менің досым қырсық.

E) Қыздар ұяттан жерге кірді.

24. Толымды сөйлем ішінен қайталама қос сөзді табыңыз

A) Əсет далада арлы-берлі жүгіріп ойнап жүр.

B) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.

C) Досыммен көзбе-көз кездестім.

D) Әжемнің төбеге қарай-қарай көзі талды.

E) Сабақ сегіз жарымда басталады.

25. Сөйлем ішіндегі біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды табыңыз

A) Бақанас өзені Шұбартау жеріндегі ағысы қатты, жағасы малға жайлы болып келеді.

B) Балқаш көлі еліміздегі балық байлығы мол өлке.

C) Байқошқар өзені туралы көп деректер жинадық.

D) Жексенбай бағы тау бөктерінде орналасқан.

E) Шұбартау жері- малға жайлы өлке.

26. Баяндауышы болжалды келер шақ етістіктен болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз

A) Зауыт директоры жиналыс ашты.

B) Сен мектепке барарсың

C) Өнерлі балалар ән салды.

D) Ол менен сұрады.

E) Балжан қарындасымды үйге алып қайтамын.

27. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз

A) Ол онымен қатты тартысты.

B) Мен ол айтысты көрген жоқпын.

C) Оның жағы қарысты.

D) Мен оған көмектестім.

E) Ол асығыс жетіп келді.

28. Қай жай сөйлемнің баяндауышы тұрақты тіркестен жасалғанын анықтаңыз

А) Олар бір - бірімен ит пен мысықтай төбелесті.

В) Ол көрер таңды көзімен атқызды.

С) Олар ит өлген жерден енді жетті.

Д) Төрт бұрышты қора Жәнібектікі.

Е) Түнде қайдан келдің?

29. Қалау райлы етістік пен көмекші етістік арқылы жасалған жақсыз сөйлемді көрсетіңіз

А) Менің бір жерге тұрақтамауыма тура келді.

В) Менің көрсеткім келмейді.

С) Айнаш көркем әдебиетті жақсы көреді.

Д) Қоңырау соғылып еді, оқушылар сыныпта жиналды.

Е) Мен ертеңгі күнімді бос жібергім келмеді.

30. Берілген сөйлемнің қай жалғаулығын алып тастаса,

мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысып кететінін анықтаңыз

Үйде тек əжеммен бірге ғана кейде ұршық иіріп отырамыз,

кейде уақытты бос өткізбеу үшін жүнді де түтеміз.

A) тек, ғана

B) бірге

C) кейде

D) үшін

E) де

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]