Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

18. Сөйлемдегі үстеудің рөлін көрсетіңіз: Оқушылар концертке ерте келіпті.

А) толықтауыш

В) пысықтауыш

С) баяндауыш

Д) бастауыш

Е) анықтауыш

19. Сөйлемнен емлеге сай жазылған дара реттік сан есімді табыңыз

A) 22 қыркүйек

B) Х сынып оқулығы

C) 1991-жылы

D) сағат 5-терде

E) жетеу

20. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз

A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

B) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркəсіп соғұрлым көбейеді.

C) Оқу үйі.

D) Мұғалімнің сөйлегеніне Кəрім шыдап отыра алмай, біресе отырады, біресе тұрады.

E) Ана мен баланың бақытты сəттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты.

21. Есімдер тобынан жасалған қос сөздің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз:

Жылдан-жылға мектебіміз көркейіп келеді.

A) пысықтауыш

B) тура толықтауыш

C) жанама толықтауыш

D) дара анықтауыш

E) үйірмелі анықтауыш

22. Табыс, шығыс, барыс, жатыс, көмектес септік жалғауы арқылы байланысу түрін көрсетіңіз

A) Қиысу

B) Матасу

C) Қабысу

D) Меңгеру

E) Жанасу

23. «Ит терісін басына қаптады» тұрақты тіркесінің синонимін көрсетіңіз

A) дәріптеді

B) ұрысты

C) мақтады

D) асқақтатты

E) көтермеледі

24. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз

A) алысқа самғау

B) қысқа-нұсқа

C) аумалы-төкпелі

D) көпке мəлім

E) жақсылық көрген

25. Құрмалас сөйлемнен біріккен сөздің тəуелденген түрін белгілеңіз

A) Сен орталыққа барғанда, мен қала шетіне жетемін.

B) Мектепте кеш болатындықтан,менің анам көйлек əперді.

C) Бүгінгі таңда тілші маманы көп дайындықты талап етеді.

D) Сіз телекөрерменсіз, сондықтан да сұрақ қойып отырмын.

E) Жазушының қолжазбасы баспаға келіп түсті, сол себепті кітап шығаруға мүмкіндік туды.

26. Жақсыз сөйлемнен іс-қимылдың уақытын білдірмейтін етістікті көрсетіңіз

A) Естіген жақсы сөзін ешқашан ұмытпайтын.

B) Мырзалығын көргенде таң қалдым.

C) Кеше төрт кісі асарға барғанбыз.

D) Тест тапсыратындар отырып дайындалды.

E) Көңілге тиерлік сөзіңді оңаша жерде айту абзал.

27. «Жиналған қағаздарды отқа жаққызды» сөйлеміндегі ырықсыз етіс қай сөйлем мүшесінде қолданылып тұрғанын белгілеңіз

A) бастауыш

B) баяндауыш

C) толықтауыш

D) анықтауыш

E) пысықтауыш

28. Сөйлемдерден анықтауыш тұлғасында тұрған тұрақты тіркестерді табыңыз

A) Күні бойы үйде жалғыз отырған баланың іші жарылып кете жаздады.

B) Оның күлдіргі əңгімесін тыңдаған жұрттың сілесі қатты.

C) Соңғы күндері досымның ойы бұзылып жүр.

D) Нұржан достарының арасында ақжарқын мінезімен танылды.

E) Көпшіліктің арасында айтқан сөзінен қатты ұялып кетті.

29. Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі жақты сөйлемді табыңыз

A) Ол – сенің я ағаң, я інің.

B) Ескекті бірде ол, бірде мен есемін.

C) Орта бойлы, бірақ толықша сұр жігіт еді.

D) Марат та, Қанат та бар.

E) Маржан – əрі əнші, əрі биші, əрі домбырашы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]