Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okonchatelnye_testy_po_kaz_yazt.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
114.63 Кб
Скачать

1.Еріндік дауысты дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз

А) үгіт, ұйыту, ұрт

В) Ұзақ, үркек, үй

С) Ұлу, ұғу, үгу

D) үзеңгі, ұқсау

Е) Ұшқын, үтір, үр

2. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

А) ж, з

В) ң, й

С) ғ, г

D) л, р

Е) у, х

3. Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз

А) көп, мол

В) жаман, тартымды

С) кең, жуық

Д) қызық , сұлу

Е) биік, аласа

4. Бірыңғай тұрақты тіркестердің қатарын көрсетіңіз

A) жұрдай болу, ит арқасы қиянда

B) мауқын басу, аузын аулау

C) тіс жармау, уайым жеу

D) аяғын шалыс басу, күлін көке ұшыру

E) жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар

5. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз

A). жыл, жылдық

B) қас,қасық

C) бай, байсалдық

D) ат, атақ

E) тер, теріс

6. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз

A) Сый-құрмет

B) Баламыз

C) Түндік

D) Проза

E) Әтір

7. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз

A) Әлемдік тәжірибе

B) Үлгілі қыз

C) Нақыл сөз

D) Өнегелі отбасы

E) Өз өмірі

8. Сапалық сын есімді табыңыз

A) Көйлекшең.

B) Балалы.

C) Жауырынды.

D) Қалпақты.

E) Жұмыр.

9. Жақты сөйлемді табыңыз

A) Қанша ойлану керек

B) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын

C) Сонша шырқап не керек?

D) Түн іші

E) Мұныңызға нануға болады

10. Салаластың түрін ажыратыңыз

Ән басылып қалды,- бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

A) Қарсылықты

B) Ыңғайлас

C) Талғаулы

D) Кезектес

E) Түсіндірмелі

11. Бірыңғай жақтың тар ашылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстары бар сөздерді белгілеңіз

A) білім, тіл, жіктік

B) әсем, көлем, мақал

C) салт, қас, қан

D) кел, бел, мен

E) қаз, қиын, кен

12. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді атаңыз

A) Қызылорда

B) Аманжол

C) Жолсерік

D) Күздігүні

E) Айғыз

13.Көнерген сөзді көрсетіңіз.

A) Лашын

B) Өрік

C) Лашық

D) Нарық

E) Арық

14.Тұрақты тіркес мағынасындағысөзді табыңыз

A) Ит өлген жерде

B) Қалта сағат

C) Ойлы бала

D) Қою қара қас

E) Әдемі қыз

15. Зат есімнен болған етістікті белгілеңіз

A) ағар, көгер

B) шегеле, тамақтан

C) келтір, ескір

D) апар, әкел

E) ашсын, жапсын

16. Біріккен сөз қатысқан сөйлемді анықтаңыз

A) Жолда биік-биік таулар кездесті.

B) Бала-шағаңыз қалай?

C) Екібастұзда оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

D) Ол есікті тарс жапты.

E) Адал достық алтыннан қымбат.

17. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Туған жердің таулары мен көлдері бізге ыстық.

B) Орман ішінде жаяу келемін.

C) Ақын үйден шығып далаға беттеді.

D) Зухра еңбек еткенді жақсы көреді.

E) Ән әрқашан қуаныш сыйлайды.

18. Дара үстеу қатысқан сөйлемді белгілеңіз

A) Мен дүкеннен азық-түлік сатып алдым.

B) Бала мектепке барды.

C) Кеше бауырыммен сырғанаққа бардық.

D) Айнаш газеттен қызықты мақала оқыды.

E) Біздің ұшақ Павлодар қаласына қонды.

19. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз

A) Мен екінші сабақта жарысқа қатыстым.

B) Олардың барлығы бесеу.

C) Екі дос аңға шықты.

D) Біз бірінші көпірден өттік.

E) Қырық-қасиетті сан.

20.Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты түрін табыңыз

A) Поезд тоқтады да, халық платформаға қарай жылжыды.

B) Үлкендер төрде отыр, жастар есіктен кіре амандасты

C) Риза болғаны соншалық,-бетімнен сүйе берді.

D) Қыс келгенмен, қар жаумады.

E) Далада біресе қар жауып тұр, , біресе боран соғып тұр.

21. Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз

A) Ауыл тұрғындары әлі оянған жоқ.

B) Еңбек түбі-береке.

C) Үш салт атты жүріп келеді.

D) Сегіз қырлы, бір сырлы.

E) Талаптыға нұр жауар.

22. Сөз тіркесіндегі қабысуды табыңыз

A) Балалар жылы киім киді.

B) Ақынның күнделігі үстелде жатыр.

C) Мектеп оқушылары кірді.

D) Мен оқыдым.

E) Кино кеше болды.

23. Өнерлі ұғымындағы тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз

A) іші пісу

B) тепсе темір үзеді

C) мінезі ауыр

D) қолы ашық

E) бес аспап

24. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді қос созді анықтаңыз

A) Жап- жасыл ағаштар өсіп тұр.

B) Ағасы Нұрланнан бала-шағасын сұрады.

C) Мен құрбы - құрдастарыммен кездестім.

D) Ағалы- інілі Дастан мен Серік келді.

E) Жезқазғанда достарым көп.

25. Қосымшалы біріккен сөзді белгілеңіз

A) Біз Бауыржанға бардық.

B) Сен кітаптарды әкел.

C) Шаштараз Әсеттің шашын алды.

D) Әжем білезігін сыйлады.

E) Наурыз мерекесінде алтыбақан құрылды.

26. Толымсыз сөйлемнен келер шақ етістігін белгілеңіз

A) Қызықты кітапты оқыдым.

B) Ертең кітапханаға барамын.

C) Мен кешке өлең жаттаймын.

D) Қызықты кітапты оқығанмын.

E) Қызықты кітапты оқу.

27. Жалаң сөйлемде тұрған ырықсыз етістегі сөзді табыңыз

A) Мұғалім оқушыларға диктант жазғызды.

B) Туған күнде көп құттықтау сөздер айтылды.

C) Әділ досымен сырласты.

D) Достар ертең киноға барады.

E) Өлең айтылды.

28. Тұрақты тіркестің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз:

Оның жаны мұрнының ұшына келді.

A) дара баяндауыш

B) дара толықтауыш

C) күрделі баяндауыш

D) күрделі толықтауыш

E) дара анықтауыш

29. Анықтауышы бар жақсыз сөйлемді белгілеңіз

A) Ол бізге келеді.

B) Сізді қонаққа шақырамыз.

C) Сендер оларға көмектесіңдер.

D) Сақылдаған сары аяз.

E) Бұл орынға отыруға болмайды.

30. Жалқы есімдер қатысқан жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

A) Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

B) Айдар мұз айдынына келді,-Болат келген жоқ.

C) Келген екеу еді: бірі-мұғалім, екіншісі-компьютер маманы.

D) Достар киноға келді, -қыздар жоқ екен..

E) Ол жаяу жүріп кетті, себебі автобус әлі келген жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]