Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗяз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратынтұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты?деген сұрауларға жауап береді.

Толықтауыш болатын сөз таптары

Толықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Зат есімнен болады

  2. Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.

  3. Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.

Сырқатнама - ауру ағымындәрігердің барлық тағайындаған емін, оның нәтижесін және сырқаттамасын тіркейтін негізгі құжат. Сырқатнама, мұрағаттық сақтауға жататын және емделушінің өмір бойы денсаулығын кадағалауға, тағайындалған емшараларының тиімділігін бағалауға да қажетті ғылыми, іс- шаралар алып бару үшін де пайдаланылатын құжат. Сырқатнамаларға талдау жүргізу арқылы медициналық мекемелер жұмысына баға беруге, ал ондай талдаулар кең көлемде жүргізілген жағдайларда, бірегейлендірілген (стандартталған) технологиялар құруға, медициналық қызметтің сапасын бағалауға, т.б. шаралар қарастырылуына мүмкіндіктер туғызады.

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

  • Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;

  • Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;

  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;

  • Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;

  • Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;

  • Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақтыжалпылама жақты;

  • Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистікерекшеліктері бар.