Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗяз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар(шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды.Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Адам қаңқасының бөлімдері

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырынбассүйекқабырғатөсжамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.

Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектербұлшықеттерсіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқажотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

  • орындықта түзу отырмау;

  • жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;

  • көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

  • сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.

Кеуде қуысының қанқасы - кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғаларомыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршекболмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі - бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

Түбір мен қосымша Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау. Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады. Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. -ын және -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық — адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер — туынды түбірлер. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі — өн.

Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. б.). Еркін сөз тіркесіндегі сыңарлардың байланысу түрлері ретіндегі қиысу(мен жазбаймын), матасу (наданның көңлі), меңгеру (кісілікті ойламай), қабысу (баяғы жартас), жанасу (ақыры өлең қылдым жасыдым да) мол ұшырасады. Абай шығармаларында, әсіресе, қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңарының толық мағыналы сөздердің тізбектелуі арқылы түйдектеле түсетіні білініп тұрады: қой мойынды (ат), қоян жақ (ат), теке мұрын (ат), бөкен желіс (ат). Себептік қатынастағы сөз тіркестеріңде шығыс септігіндегі сөздің орнына барыс септігіндегі сөздің қолданылатыны бар: сағынышқа сарғайма. Осындай себептік мағынаны білдіргенде көмектес септігі де жұмсалады: рахатпен әлсіреп. Әдетте мақсаттық мағынаны білдіру үшін Еркін тіркестегі бағыныңқы сыңар тұйық етістікке барыс септігінің жалғауын жалғайды (мұңдасуға, сенісуге, үйренуге), ал мұңдай қызмет атқаратын сөздер Абай шығармаларында болжалды келер шақ тұлғасына барыс жалғауын жалғау арқылы жасалады: мұңдасарға, сенісерге, үйренбекке. «Ойла» сөзі абстрактылы сезбен тіркесіп, бағыныңқы сыңары табыс септігінің жасырын түрінде келеді: пайда ойлама, ар туралы ойла деудің орнына. Абай өлеңдерінде де, көлемді поэзиялық шығармаларыңда да, прозасында да қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылатын Еркін тіркестердегі сөздердің байланысу түрлерінің толық сақталуымен бірге, сәл айырмашылықтардың болуы ұлы ақынның қолтаңбасын, ана тіліндегі сөздерді тіркестірудің мол мүмкіндігін білгірлікпен, саналы түрде пайдаланғандығын көрсетеді.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел(Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.