Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikhotvety.docx
Скачиваний:
979
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
761.75 Кб
Скачать

62. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы тмд

1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Украинаның мемлекет басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет басшылары (Грузияны қоспағанда) аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Қазіргі уақытта Атқарушы комитеттің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы – Лебедев Сергей Николаевич болып табылады. ТМД Атқарушы комитетінің ғаламтордағы парақшасы

Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекет басшыларының 1 ресми және 2 бейресми отырыстары, ТМД үкімет басшыларының 2 отырысы және ТМД Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 2 отырысы өтеді.

Құрылымы:

1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі

2. Үкіметтер басшыларының кеңесі

3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі

4. Экономикалық кеңес

5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі

6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі

7. ТМД Экономикалық соты

8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы

9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері

10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері

11. ТМД-ның Атқарушы комитеті

Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.

ТМД қызметінің тиімділігін арттыру, оның құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен оны іске асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуының дәлелі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербор қаласында ТМД мүше мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар мен жалпы Достастықтың әлеуетіне қосымша даму серпінін береді деп бейімделген, Еркін сауда аймағы туралы Шартқа қол қою болды.

2011жылы ТМД өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

2011 жылы 21 желтоқсанда мерейтойлық саммитте мемлекет басшылары Достастықтың 20 жылдық қызметінің және оның даму перспективасы қорытындысына баға беріп, осы үлгідегі достастыққа бейілділігін және Достастыққа мүше мемлекеттердің өзара түсіністіктері мен өзара қатынастарын күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейін шын мәнінде жақсарту, олардың әл-ауқатын өсіру, өзара қарым-қатынасты кеңейтужөніндегі Достастықтың жұмысынан іс-жүзіндегі қайтарымды арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.

2012 жылғы 5 желтоқсанда мемлекет басшыларының Ашғабат саммиті қорытындысы бойынша қабылданған мемлекет басшыларының декларациясында мемлекеттердің дайындығы мен өңірлік және өңіраралық өзара қатынастардың жүйесін қалыптастыруда, қазіргі заманның талаптарына сай келетін ынтымақтастықтың өміршең және тиімді тетігін орнатуда ТМД рөлін күшейтуге одан әрі жәрдемдесу көрініс табады.

ТМД саяси өзара қатынас негізінде СІМ Кеңесі арқылы іске асады, оның шеңберінде көп деңгейлі сімаралық консультациялар сияқты ынтымақтастық нысаны жұмыс істейді.

2013 жылы БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде ТМД мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдары, жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шамамен 7-ден аса консультациялар өткізілді.

Достастық шеңберінде жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге ден қою мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері құрылды. Осы бірлескен қызмет шеңберінде келісілген қағидаттар, міндеттер, негізгі бағыттар, нысандар, ынтымақтастық жүйесі мен өзара қарым-қатынастар тұжырымы түрде анықталды. Олардың іс жүзінде іске асуы үшін қылмысқа, терроризмге және экстремизмнің басқа зорлық белгілеріне, есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотропты заттарға және олардың прекурсорларына, заңсыз миграция және адам саудасына қарсы күрестің біріккен шараларының мемлекетаралық орта мерзімді бағдарламалары қабылданады.

ТМД мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтық құжаттарға қатысуын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.

Олардың тікелей көмегінің арқасында 2013 жылы ірі мәдени және қоғамдық іс-шаралар: Шығармашылық және ғылыми интеллегенцияның VIII-Форумы (қыркүйек, Минск қ.), Мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлер съезді, ТМД мүше мемлекеттердің халықаралық спорттық ойындары, ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік-білім беру туры және т.б. өткізілді.

Осындай іс-шаралар: 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына, Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына, Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, 2013-2014 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

ТМД мүше мемлекеттердің арасындағы мәдени қатынастарды кеңейту және жаңа сапалы мазмұндармен толықтыру мақсатында, ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі 2014 жылы Алматы қаласы мен Ош қаласын ТМД-ның мәдени астаналары деп жариялап, 2013 жылғы 25 қазанда ҚР және Түрікменстанда «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

«Бір жыл-бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс қағидасын ескере отырып, 2014 жыл ТМД-дағы Туризм жылы болып, 2015 жыл – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды.

2013 жылғы 25 қазандағы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес, ТМД-да 2014 жылы төрағалық қызметін Украина, тең төрағалық қызметін – Қазақстан атқаратын болады.