Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

61

құнсызданады. Осының əсерінен бірінші жағдайда алтынның қағаз ақша түріндегі нарықтық бағасы артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетелдік ақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі.

Инфляция ақша жүйесінің «ауруын» көрсетеді. Ол шаруашылық салаларын қиратып, алыпсатарлықты күшейтеді, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне əкеледі. Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізеді.

Баға деңгейінің ақша массасына тəуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі:

M x V = P x Q,

мұндағы:

М – ақша бірлігінің массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы; Р – тауар бағасы;

Q – рынокқа ұсынылған тауарлар саны.

Осыдан тауарлар айналымына қажетті ақша саны шығады:

M = PQ

V

Тауар бағасының сомасы мен айналыстағы ақша массасы арасындағысандықтəуелділіктікөрсетугемүмкіндікберетінтеңдеу инфляция құбылысын тауарлар бағасы артуымен қатар жүретін ақшаныңқұнсыздануыретіндетүсіндіругемүмкіндікбереді.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. «Қоғамдық шаруашылық нысандары» түсінігі жəне оның элементтері.

Осы сұрақты зерттеу кезінде келесідей қағидаларды талқылаңдар:

Қоғамдық шаруашылықтың кез келген нысаны үшін басты

проблемажекееңбекті– өндіріспентұтынубайланысының, бүкіл қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың нысаны болып та-

62 Экономикалық теория

былатын қоғамдық еңбекке енгізу болады. Бұл нысан қандай болса, қоғамдық шаруашылық үлгісі де сондай. Осыған байланысты натуралды шаруашылық, тауарлық (рыноктық) шаруашылық жəне саналы түрде реттелетін шаруашылықты бөліп көрсетеді.

АлександрАлександровичБогданов(1873-1928) шаруашылық нысандары бойынша əлемдік-тарихи үдерістің келесідей кезеңдерін ұсынады:

1.Бөлшекті натуралды шаруашылық:

а) алғашқы қауымдық рулық коммунизм; ə) авторитарлық рулық тайпа;

ə) феодализм.

2.Айырбас шаруашылық:

а) өтпелі нысандары: құлдық; крепостнойлық ұйым; ə) ұсақ буржуазиялық құрылыс; б) үй – капиталистік жүйе;

в) мануфактура типтес өнеркəсіптік капитализм; г) машиналық капитализм.

3.Бірлескен натуралды шаруашылдық (ұжымдық).

II. Шаруашылықтың натуралды жəне тауарлық нысандары.

1. Бұл сұрақты зерттеу кезінде төмендегідей сызбаларды пайдаланыңдар:

 

 

Арасында тұрақты шаруашылық байланысы

 

 

 

жоқ жекелеген натуралды шаруашылық-

 

 

тардың үстемдігімен сипатталады

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс пен тұтынудың тікелей байланы-

 

 

сымен сипатталады

 

 

 

Натуралды

 

Еңбектің ерекше нысанымен сипатталады,

шаруашылық

 

ол кезде оның орнына өнімнің натуралды

 

 

 

нысанының өзі жүреді

 

 

 

 

 

Табиғи өндіргіш күштердің басымдылығы-

 

 

мен сипатталады

 

 

 

 

 

Экономикалық емес, тəуелділік қатынаста-

 

 

рымен сипатталады

 

 

 

5.1-сызба. Натуралды шаруашылықтың сипаттық белгілері

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

63

Натуралды шаруашылық

айырбассыз айырбаспен

5.2-сызба. Натуралды шаруашылықтың шағын типтері

 

 

 

Натуралды шаруашылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы

 

Азиялық

 

Антикалық

 

 

Германдық

қауым

 

қауым

 

қауым

 

 

қауым

5.3-сызба. Түрлі елдердегі шаруашылықтың натуралды үлгілерінің түрлері

2.Тауарлық шаруашылықтың мазмұнын ашу үшін 5.4-сыз- баны пайдаланыңдар.

3.Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

а)

«Еңбек бөлінісі» терминін қалай түсінесіңдер?

ə)

Еңбек бөлінісі пайда болу себептері қандай?

б)

Еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін арттыру үшін қандай

 

жағдайлар жасайды?

III. Құн теориясы жəне шекті пайдалылық теориясы.

Осы сұрақтардың мазмұнын ашу үшін келесідей тапсырма-

ларды пайдаланыңдар:

1. Тауардың екі анықтамасын келтіріңдер:

а)

«Тауар – бұл сатып алу-сату жолы арқылы айырбасқа

 

арналған еңбек өнімі»;

ə)

«Тауар – экономикалық игілік, яғни шектелген кө-

 

лемде, айырбасқа арналған жəне төлем қабілеттілігі

сұранысы қойылған игілік».

Осы анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы жаңа классикалық теорияға жатады?

Осы анықтамалар:

а) еңбек шығындарына; ə) өндіріс саласына;

64 Экономикалық теория

б) айырбас аясына; в) сиректілік заңына;

г) қоғамдық қажеттіліктерге қандай рөл береді?

2.50 кг астықты 1 жұп етікке, 1 қойға, 3 балтаға, 10 метр матаға жəне т.б. алмастыруға болады.

Əр тауардың айырбас құны мата арқылы қалай көрінетінін көрсетіңдер. Түрлі тауарлардың айырбас пропорциясының сандық белгілілігі немен белгіленген?

3.Экономикалықтеорияда«Смитпарадоксы» жақсыбелгілі. Оның мəні: алмасқа қарағанда адамға су əлдеқайда пайдалы. Алмас неге сондай қымбат, ал судың құны неге мардымсыз? Осы сұрақтарға Смит қалай жауап берер еді?

IV. Ақшаның пайда болуы жəне оның мəні. Инфляция.

Осысұрақтызерттеудекелесідейтапсырмалардыпайдаланамыз:

1.а) баға – бұл тауар құнының ақшалай көрінісі; ə) баға – игілік пайдалылығының ақшалай бағасы;

б) баға – бұл шаруашылықты жүргізуші субъектілерге не, қалай, кім үшін өндіру керектігін көрсетуші ақпараттық белгі.

Бағаныңжоғарыдакөрсетілгенəранықтамасынталқылаңдар. Осымаңыздырыноктықкатегорияныңқайжағыүшанықтаманың қайсысында алғашқы орынға шығады?

2.Сатылған тауарлар сомасы – 150 мың доллар, несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы – 7 мың доллар, төлеу мерзімі жақындаған төлемдер сомасы – 4 мың доллар, өзара бірбірінің орнын толтыратын төлемдер сомасы – 2 мың доллар, ал осы ақшалар бірлігінің орташа айналымының саны 5 рет болғандағы айналымға қажетті сан көлемін анықтаңдар.

Натуралды шаруашылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы

 

Азиялық

 

Антикалық

 

 

Германдық

қауым

 

қауым

 

қауым

 

 

қауым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.4-сызба. Түрлі елдердегі шаруашылықтың натуралды үлгілерінің түрлері

 

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық еңбек

Тауар өндірісінің пайда

Өндірушілердің

 

 

 

меншік иелері

 

 

 

бөлінісі

болу жағдайлары

 

 

 

ретінде оқшаулануы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАПАЙЫМ ЖƏНЕ КАПИТАЛИСТІК ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ БІРТЕКТІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қоғамдық еңбек бөлінісі. Өндіріс құралдарына жеке меншік. Сатуға арналған өнімді өндіру. Өндірістің стихиялық, жоспарсыз сипаты

Айырмашылықтары

Қарапайым тауарлы өндіріс

Өндіріс құралдары өндірушінің тікелей меншігінде

Өнім өндірушінің жеке еңбегімен өндіріледі

Жұмыс тауар күші емес

Тауарөндірісіөндірістіңжалпы нысаныболыптабылмайды

Өндірілген өнім өндірушінікі

Капиталистік тауарлы өндіріс

Өндіріс құралдары капиталиске тиесілі

Өнім өндіріс құралдарынан айырылған жалдамалы еңбекпен өндіріледі

Жұмыс күші тауар болып табылады

Тауар өндірісі жалпы сипатқа ие

Өндірілген өнім капиталистікі

5.5-сызба. Тауарлық шаруашылықтық пайда болуының шарттары мен оның түрлері

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Шаруашылықтық натуралды нысанына не тəн?

а) жекелеген шаруашылық бірлігі шеңберіндегі өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;

ə) шаруашылықтың ашықтығы; б) еңбек бөлінісі;

в) өнімді айырбастау мақсатымен өндіру.

2.Тауар өндірісінің дұрыс анықтамасын көрсетіңдер:

а) өнім өндірушінің тікелей тұтынуы үшін өндіріледі; ə) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған мате-

риалдықигіліктердіөндіру; б) сатып алу-сату арқылы айырбастау үшін өнімдерді өндіру;

в) тауар мен көрсетілген қызметтерді өндіру.

3.Төмендегілердің қайсысы тауар болып табылады?

а) табиғат сыйы; ə) ауа;

б) айырбастауға арналған еңбек өнімі; в) зауытішілік айналымның жартылай фабрикаттары.

5-3/108-11

66 Экономикалық теория

4.Тауардың тұтынушылық құны дегеніміз не?

а) осы тауарды дайындауға арналған материал саны; ə) тауардың басқа тауарларға айырбастала алу қабілеті;

б) адамдардың бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті; в) шекті пайдалылық.

5.Тауар қандай еңбекпен жасалады?

а) тек нақты; ə) тек абстрактілі;

б) бір мезгілде нақты жəне абстрактілі болатын еңбекпен; в) еңбек заттарымен, құралдарымен.

6.Нақты еңбекті не сипаттайды?

а) ерекше тиімді нысандағы еңбек; ə) уақыт бірлігіндегі еңбек шығындары; б) жалпы адам еңбегі; в) абстрактілі еңбек.

7.Абстрактілі еңбекті не сипаттайды?

а) жеке еңбек; ə) нақты нысандарынсыз жалпы еңбек;

б) өнімді өндірудегі нақты еңбек; в) мамандандырылған еңбек.

8.Тауар құнының көлемі қандай еңбек шығындарымен өлшенеді?

а) еңбектің қоғамдық қажет шығындарымен; ə) қандай да бір өндірушінің жеке еңбек шығындарымен; б) тауарды өндіруге жұмсалған нақты еңбекпен; в) заттанған еңбек шығындарымен.

9.Экономикалық категория ретінде ақша дегеніміз не?

а) бұл жалпы балама рөлін орындайтын тауар; ə) натуралды табиғи өнім; б) еңбектің алтынмен көрсетілген құны;

в) бұл осы тауар үшін сатып алынатын еңбек саны.

10.Алтын, қозғалмайтын мүлік, активтер сатып алуға пайдаланылып, банктерге жедел депозиттерге салынатын болса ақша қандай қызмет орындайды?

а) құн өлшемі; ə) айналым құралы;

б) жинақтау құралы; в) төлем құралы.

11.Маржиналистік теория бойынша тұтынушы үшін игілік бағасы анықталады:

а) жалпы емес, шекті пайдалылықпен; ə) табыспен; б) еңбек шығындарымен;

в) ресурстар бағаларымен.

6-ТАҚЫРЫП

РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

6.1.

Рыноктық шаруашылық тауарлы өндіріс

 

 

дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде......

68

6.2. Рыноктық механизмнің мəні мен негізгі

 

 

элементтері.....................................................

70

6.3. Рыноктық экономиканың

 

 

басымдылықтары мен кемшіліктері..............

72

6.4. Рыноктың инфрақұрылымы.

 

 

Трансакциялық шығындар.............................

73

6.5. Рыноктың түрлері...........................................

75

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.....................

78

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

80

68 Экономикалық теория

РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ 6.1. ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ

ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ РЕТІНДЕ

Рынок – əлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мəнін анықтауда рынок түсінігінің

екі жақты маңызы бар екенінен шығу керек. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым аясында іске асыры-

латын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок – бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну үдерістерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржынесие жүйесінің түрлі нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың əрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға:

екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске асырылғанда кəсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты қатынастар;

шетелдік фирмалар мен бірлескен кəсіпорындардың айырбас үдерістері;

еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау жəне пайдалану үдерістері;

белгілі бір пайызбен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;

тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді

қамтитын рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету үдерісіне жатады.

Рынок белгілі бір жағдайларда жұмыс істейді.

Рыноктыңқалыптасушартынекітопқабөлугеболады. Бірін-

ші топ рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты.

Оларға жататындар:

меншіктің көп түрлі нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті, акционерлік, мемлекеттік);

6-тақырып. Рыноктық шаруашылықтың жалпы...

69

мемлекеттікреттеуіштердісақтағанжағдайлардаөндірісті демократиялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.

тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары жəне қаржы рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынок инфрақұрылымын құру.

Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау жəне шаруашылықты жүргізудің рыноктық əдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі жатады. Біріншіден, ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп түрлі нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралар қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы, шетелдік капитал тарту жəне аралас кəсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.

Рынок мəні оның қызметтерінде өте толық көрінеді.

Ең маңызды қызметтеріне жататындар:

Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Тауарға де-

ген сұраныс өскен кезде өндірушілер өз өндіріс көлемін кеңейтедіжəнебағаныөсіреді. Соныңнəтижесіндеөндіріс қысқара бастайды.

Ынталандырушы қызметі. Баға төмендеген кезде өндірушілер өндіруді қысқартып, жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастайды.

Өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыз-

дылығын орнату қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында (сатып алушы таңдай алғанда, өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда жəне олардың арасындағы жарыста) əрекет ете алады.

Реттеуші қызметі. Рыноктың көмегімен экономикада, өндіріс пен айырбаста негізі микро жəне макро тепетеңдік орнатылады.

70Экономикалық теория

Шаруашылық өмірді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін іске асыру қызметі. Əсер етудің рынок-

тық тетіктері көмегімен қоғамдық өндірісті оның экономикалық тіршілік қабілеті жоқ элементтерінен босату жүргізіледі жəне осының есебінен тауар өндірушілерді саралау іске асырылады.

6.2. РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ МƏНІ МЕН НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Рыноктық экономиканың əрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуы

болжанады.

Рыноктық экономиканың бірінші əрі маңызды элементі өнді-

рушілер мен тұтынушылар болады. Олар қоғамдық еңбек бөлінісі үдерісінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтынужекеөзіндікжəнеөндірушілікболыпбөлінеді.

Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс саласынан шығарып, олар халықтыңжекеқажеттілігінқанағаттандыруүшінпайдаланылады.

Өндірушілік тұтыну өндіріс үдерісінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілермен ары қарай өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара əрекет қызмет нəтижелерін алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады жəне көтерме рыноктық мəміле нысанында көрінеді.

Рыноктық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке

немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық оқшауланушылық жүреді.

Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға.

Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ескерту жасағымыз келеді. Бірінші, баға арақатынасы əрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нəтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық аудан-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]