Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

 

 

 

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кəсіпорындарды жекешелендіруден түскен қаражатты үлестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

млн. теңге

 

 

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

 

1993-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2000

Жеке-

 

4144,2

542,6

590,2

1383,1

31105

55990,6

67138,8

36631,9

22048,0

215430,2

ше-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лен-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

діру-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ден

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

түсті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– бар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оның ішінде үлестірілді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рес-

 

3295,7

516,9

489,8

1245,8

30053,4

54511,4

66334,2

35888,8

21056,1

210096,4

пуб-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лика-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бюд-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жетке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер-

 

848,5

1,7

16,2

135,8

924,6

227,6

367,6

706,3

991,9

 

3371,7

гілік-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бюд-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жет-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

терге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа

 

Х

24

84,2

1,5

127

1251,6

437

36,8

-

 

1962,1

мақ-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сат-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Экономикалық категория ретінде меншік деген не?

а) өндірісті реттеуге байланысты қатынастар; ə) басқару нысаны;

б) өндіріс құралдары мен нəтижелерін иемденуге байланысты қатынастар;

в) өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы.

2.Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес меншіктің мынадай нысандары бар:

а) мемлекеттік, жеке, аралас; ə) азаматтардың меншігі, ұжымдық, мемлекеттік;

52 Экономикалық теория

б) мемлекеттік жəне жеке; в) мемлекеттік жəне ұжымдық.

3.Иелік ету құқығы немен сипатталады?

а) затқа бақылау жасау мүмкіндігімен; ə) заттан оның пайдалы қасиеттерін алу мүмкіндігі;

б) заттың тағдырын анықтау мүмкіндігімен; в) мұрагерлік мүмкіндігімен.

4.Өкім жүргізу құқығы немен сипатталады?

а) затқа иелік жүргізу мүмкіндігімен; ə) заттың нақты немесе заңды тағдырын анықтау мүкіндігімен;

б) заттан оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу мүмкіндігімен; в) объективті пайдалану мүмкіндігімен.

5.Пайдалану құқығы немен сипатталады?

а) заттың тағдырын анықтау мүмкіндігімен; ə) заттаноныңпайдалықасиеттеріналу, заттантүсетінтабыс-

тарды иемдену, сондай-ақ басқа да пайда көру мүмкіндігімен; б) затқа иелік жүргізу мүмкіндігімен; в) затты мұраға қалдыру мүмкіндігімен.

6.Жеке меншікті не сипаттайды?

а) ресурстарға өкім жүргізу еркіндігі жəне жеке таңдау; ə) байлықты жекелеген топтардың пайдасына қайта үлестіру; б) жеке тұтыну заттарына иелік ету; в) əркімнің өз жұмыс күшіне меншігі.

5-ТАҚЫРЫП

ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ. ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

5.1. Шаруашылықтың натуралды жəне

 

тауарлы нысандары......................................

54

5.2. Тауарлы шаруашылықтың негізгі

 

категориялары...............................................

56

5.3. Құн теориясы жəне шекті пайдалылық

 

теориясы.........................................................

57

5.4. Ақшаның пайда болуы жəне оның мəні.

 

Ақшаның айналым заңы................................

59

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

61

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

65

54Экономикалық теория

5.1.ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НАТУРАЛДЫ ЖƏНЕ ТАУАРЛЫ НЫСАНДАРЫ

«Қоғамдық шаруашылық нысандары» түсінігінің сипаттамасы.

Шаруашылық нысандарын айыру критерийлері:

а) өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс сипаты; ə) жеке еңбекті қоғамның жиынтық еңбегіне енгізу тəсілі; б) экономикалық қызметті үйлестіру тəсілі.

Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті үйлестіру патриархалды дəстүр мен еңбекке экономикадан тыс мəжбүр ету негізінде іске асырылады.

Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдық-эко- номикалық қатынастар жүйесі.

Бұл жүйе келесідей қасиеттерге ие (5.1-сызба).

Тұйық шаруашылық

Шаруашы-

Əмбебап

лықтың тікелей

еңбек

байланыстары

 

 

 

5.1-сызба. Натуралды шаруашылықтың негізгі қасиеттері

Натуралды шаруашылыққа тəн сипаттар:

а) ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

ə) оқшауланған түрлерге бөлуді жоққа шығаратын əмбебап қол еңбегі;

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

55

б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.

Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс – бөлу – тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасуы кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстем етті жəне феодалдық экономикалық басты қасиеттерінің бірін құрады. Қазіргі кезде ол индустрияға дейінгі өндіріс, дəстүрлі экономикасы басым дамушы елдерде сақталып қалды.

Шаруашылыктың ең кең таралған нысаны тауарлы шаруашылық болып табылады. Онда өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметті үйлестіру бəсеке жағдайында рыноктатауарлардысатыпалу-сатужолыарқылыіскеасырылады.

Тауарлы шаруашылық – бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.

Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады (5.2-сызба).

Ашық

шаруашылық

Еңбек Шаруашылық- бөлінісі тың жанама байланыстары

5.2-сызба. Тауарлы шаруашылықтың негізгі қасиеттері

Тауарлы шаруашылыққа тəн:

а) ұйымдық-экономикалық қатынастардың ашықтығы; ə) еңбекбөлінісіжəнеоныңəсерінентауарайырбасыжүреді;

56 Экономикалық теория

б) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, делдалды байланыстар.

Ол «өндіріс – айырбас – тұтыну» формуласы бойынша дамиды.

Дайындалған өнім рынокқа басқа бұйымдарға айырбасталу үшін түседі, содан кейін ғана тұтыну саласына барады. Рыноктық айырбас тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында экономикалық байланыс орнатады.

5.2. ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Тауарларды өндіру алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап бүгінге дейін əрекет етіп келеді.

Тауар өндірісін дамыту себептері: а) қоғамдық еңбек бөлінісі;

ə) адамдардың шаруашылық бойынша оқшауландырылуы. Тарихи тұрғыдан шаруалар мен қолөнершілердің қарапайым тауарлы шаруашылығы бірінші болды. Капитализм кезінде

дамыған тауарлы шаруашылық пайда болады. Бұл кезде еңбек нəтижесі ғана емес, адамның жұмыс күшінің өзі де тауар болады (бұлардың сипаттамасын семинар сабағының 5.4-сызбасынан қараңдар).

Тауар шаруашылығының қарапайым «клеткасы» таyap болып табылады.

Тауар – бұл рынокта басқа тауарға балама айырбастауға бағытталған еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық. Тауарды тепе-тең өнімге айырбастау кезінде рынокта айырбас құнына ие болады.

Айырбас құны – бұл тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа пайдалы заттарға айырбастала алу қабілеті.

Айырбас пропорциясы тауарларға енгізілген құн көлеміне байланысты болады. Сонымен тауардың 2 қасиеті болады: пайдалылық жəне құн.

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

57

5.3. ҚҰН ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ШЕКТІ ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Құнның еңбек теориясы.

Құнның еңбек теориясының негізгі мазмұны (Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс) келесідей қағидалардан көрінеді:

1.Рыноктық айырбастың түрлі өнімдері бірдей ішкі мазмұнға – құнға ие. Сондықтан олар белгілі бір айырбас пропорциясында бір-біріне теңестіріле алады.

2.Барлықтауарлардыңқұнытауарөндірушілердіңқоғамдық еңбегімен жасалады. Еңбек қоғамдық, себебі рыноктық өнімді дайындаушы өзіне жұмыс істемейді, пайдалы затты қоғамның басқа мүшелері үшін жасайды.

Құн – тауарға енгізілген қоғамдық еңбек.

3.Құнды құрайтын еңбектің өзі оның күрделілігі немесе сапасы бойынша ерекшеленеді. Еңбек қарапайым жəне күрделі еңбекболыпбөлінеді. Күрделіеңбек– бұлкөбейтілгенқарапайым еңбек. Күрделі еңбектің барлық түрлерін қарапайым еңбектің белгілі бір санына əкелу – бұл еңбек редукциясы.

4.Еңбектің ішкі өлшемі бар, ол – жұмыс уақыты.

5.Жекежұмысуақытын(қызметкерлер, кəсіпорындар) жəне қоғамдық қажет жұмыс уақытын (рыноктық) бөліп көрсетеді. Тауар құны жұмыс уақытының қоғамдық қажеттілігімен анықталады.

6.Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл төменде көрсетілген кездерде өнімдерді дайындауға жұмсалатын уақыт:

а) өндірістің қоғамдық дұрыс жағдайы (саладағы ең көп таралған) кезінде;

ə) қызметкерлердің орташа біліктілігі кезінде; б) еңбектің орташа қарқындылығы кезінде.

Құн заңына сай пайдалы заттардың рыноктық құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.

Егер құнның еңбек теориясы қоғамдық шығыннан шыға отырып құнға түсініктеме берсе, шекті пайдалылық теориясы

58 Экономикалық теория

(Карл Менгер, Евгений Бем-Баверк) игіліктер (қызметтер) құны мен бағасына пайдалы заттар тұтынушының экономикалық психологиясы тұрғысынан түсініктеме береді.

Осы теорияның негізгі қағидалары төмендегідей:

1. Пайдалылықты тауарлардың өзіндік қасиеттерімен шатастыруға болмайды.

Пайдалылық – бұл өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға белгілі бір игілік үшін əр сатып алушының беретін субъективті бағасы.

Игілік құндылығы (құн синонимі) – бұл адамның өз өмірі мен əл-ауқаты үшін тұтынатын заттың маңыздылығын түсінуі.

2.Пайдалы игіліктер екі түрге бөлінеді: а) шексіз көлемде барлар (ауа);

ə) салыстырмалы түрде сирек кездесетін жəне оларға деген қалыптасқан қажеттілікті қанағаттандыруға жеткіліксіз болып табылатындар; дəл осы игіліктерді шаруашылық жүргізуші тұлға бағалы деп есептейді.

3.Адам өз қажеттіліктерін олардың маңыздылық дəрежесі төмендеуіне қарай орналастырады жəне оларды өз иелігінде бар игіліктер санымен қанағаттандыруға тырысады.

Бұл кезде əр игіліктің құндылығы, біріншіден, қажеттілікті қанағаттандыру маңыздылығына, екіншіден, оның толық қамтамасыз етілу дəрежесіне байланысты болады.

4.Жеке тұтыну үдерісінде кемімелі пайдалылық заңы əрекет

етеді.

Егер бір өнімді біз үздіксіз пайдалана берсек, оның қанағаттандыру дəрежесі біртіндеп төмендейді.

5.Игіліктер құндылығын шекті пайдалылық анықтайды, яғни осы сияқты өнімге деген неғұрлым қажеттілікті қанағаттандыратын «шекті дананың» субъективті пайдалылығы.

Шекті пайдалылық игілікті тұтынудың түрлі деңгейінде тууы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол қандай да бір өнімнің жаңа бірлігін тұтыну өсуінен алынып, адам сезінетін қосымша пайдалылық көлемін білдіреді.

Шекті пайдалылық, сол сияқты игілік құндылығы осы өнім санына жəне оған деген қажеттілікке байланысты болады. Құн-

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық нысандары...

59

ның еңбек теориясы жəне шекті пайдалылық тұжырымдамасыментанысқаннанкейінжалпынарықтықбағабелгілеутеориясында қарама-қайшылық туындағанын байқамай қалуға болмайды.

Құнның еңбек теориясының өкілдері баға орнатуда шешуші рөлді өндірушілер (тауарды ұсыну) атқарады дегеннен шығады.

Шекті пайдалылық теориясының өкілдері анықтаушы мəнді тұтынушылар сұранысына берген. Осы қарама-қайшылықты шешуге Альфред Маршалл кірісті. Ол бағаның «келісім» теориясын ұсынды. Сұраныс (пайдалылық) пен ұсыныстың (шығын) өзара байланысынталдауғанегізделгенбағаныңекіфакторлытеориясы осылай жасалды. Рыноктық баға сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы қалыптасады.

Бəсекенің рыноктық механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алады.

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 5.4. ЖƏНЕ ОНЫҢ МƏНІ.

АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫМ ЗАҢЫ

Ақша – жалғыз жалпы балама болып табылатын ерекше тауар. Алтын құнның жалпы танылған көрінісі болғандығынан, ол өзіндік эталон – барлық тауарлар құнының өлшеушісі ретінде

жүре бастады.

Ақшаның пайда болуына байланысты Т1 - Т2 формуласы бойынша жасалатын тауар айналысы Т1 - А - Т2 формуласымен алмастырылды. Ақша бір игілікті екіншісіне аудару кезіндегі ештемемен айырбастауға болмайтын жəне беделді делдалға айнал-

ды. Ақшаның экономикалық рөлі оның қызметтерінен көрінеді.

Ақша ең алдыменқұн өлшемі қызметін іске асырады, барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақшамен көрсетілген зат құны – оныңбағасы. Өнімбағасынанықтауүшінақшаныңөзікерегіжоқ, себебі тауар сатушы оның бағасын ойша қояды (құнды ақшамен өте жақсы көрсетеді).

Айналым құралы қызметінде ақша қаражаттары Т(тауар) – А(ақша)-Т(тауар) формуласы бойынша жасалатын айналым дел-

60 Экономикалық теория

далы ретінде жүреді. Бұл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолында ұзақ тұрмайды, қарастырылып отырған қызметті жолай орындай отырып, қолдан-қолға көшеді. Осы жағдайаяғындатолыққұндыақшанытолыққұндыемесақшамен айырбастауға əкеледі.

Егер сатушы өз тауары үшін ақша алып, оны өзіне қажет заттардысатыпалуғабірденжұмсамаса, ондаайналымүдерісіүзіліп қалады. Ол кезде ақша байлық құрау құралы қызметін орындай бастайды, ол байлықтың өкілі ретінде жинақтала бастайды. Байлыққызметінтекалтынмонеталарғанаемес, құймалар, алтыннан жасалған бұйымдар, барлық түрлердегі ақша материалының өзі орындайды.

Тауарларды несиеге (төлем мерзімін ұзартып қарызға) сатқан кездеақшатөлемқұралықызметінорындайды. Борыштықайтару мерзімі келгенде оны бұрын сатып алынған тауар үшін төлейді. Ақша қаражаттары мұндай рөлде тауар айналымы аясында тыс, егер жалақы төленіп, түрлі қаржы міндеттемелері (қарыз, салық бойынша, жер немесе үй жалдау кезінде жəне т.б) орындаған кезде де пайдаланылады.

Халықаралық саудада əлемдік ақшалар қызметі іске асырылады: олар барлық елдердің шаруашылықтық қарым-қаты- настарында ортақ балама рөлінде жүре бастады.

Əлемдік ақшалар қызметін ұзақ уақыт бойы алтын орындады. XX ғасырда алтын монеталар орнына жасанды ақша бірлігі келді.

Алтын стандартының жойылуы ақша ретінде алтынсыз іске асырылмайтын: а) байлықты құру құралы жəне ə) əлемдік ақшалар сияқты екі қызметтің қажетсіз болуына əкеледі.

Қазіргі жағдайда көбіне ақшаның үш қызметі орындалады:

а) құн өлшемі; ə) айналым құралы; б) төлем құралы.

Рыноктық экономикада ақшамен инфляция үдерісі байланысты. Инфляция (қампию) – бұл айналым аясын ұлттық шаруашылықтың шын қажеттілігінен артық толтырып жіберу. Инфляция кезінде қағаз ақшалар: а) алтынға (алтын стандарты кезінде); ə) тауарларға; б) шетелдік валюталарға қарағанда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]