Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.1 Сурет-Әртүрлі қаттылығы бар механикалық сипаттамалары.

Егер де қарсылас Мк момент тұрақты болса, онда якорь тізбегіне кедергі қосылған кезде 1 жылдамдықпен істеп тұрған қозғалтқыш 2 жылдамдықпен істей бастайды. Бірақ жүктеме моменті кейбір шекте (±М) өзгерсе, онда жылдамдықта кейбір шекте () өзгереді.

д) жылдамдық реттеудің бағыты, яғни негізгі жылдамдыққа қалай реттеу әдістерден тәуелді жылдамдықтың азаюы немесе үлкейуі.

Негізгі жылдамдық ЭҚ-тардың тізбектерінде сыртқы кедергілер жоқ негізгі жылдамдық, яғни нег табиғи механикалық сипаттама жатады.

е) қозғалтқыштың рұқсат етілетін жүктемесі, яғни реттеу сипаттамаларда ұзақ жұмыс істегенде қозғалтқыштың моментінің ең үлкен мәні. Бұл жүктеме қозғалтқыштың қыздырулығымен белгіленеді және әр түрлі реттеу әдістерінде әртүрлі болады.

Әртүрлі кәсіп механизмдерінің жүктеме моментінің өзгеруі жылдамдықтан тәуелділігі әртүрлі. Мысалы, көптеген механизмдер реттеу тұрақты момент кезінде болтанын қалайды. Оларға жататындар: көтеру крандар, прокат стандар және т.б. Ал көптеген механизмдер реттеуді тұрақты қуат кезінде болғанын қалайды. Оларға жатады: металл кесу станоктары.

Қозғалтқыштың рұқсат етілетін жүктемесі деп, қозғалтқыштың тоғы номиналды тоққа тең жүктемені айтады. Онда рұқсат етілетін момент, мысалы тұрақгы ток қозғалтқыштың моментіне тең

Мрук КФІном

Момент реттеу тәсіліне тәуелді.

3.2 Сурет-Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың екі зоналық реттеуінің сипаттамалары.

Зона 1 тұрақты момент кезіндегі реттеуте сәйкес. Шынында, қозғалтқыштың магнит ағыны номиналды кезінде реттеу негізгі тізбекте кернеу немесе кедергі өзгерту арқылы жүзеге асырылса, онда якорь тоғы номиналды болса, момент тұрақты болады:

Мрұқ КФІном Const Mном

Бұл зонада қозғалтқыш білігіндегі қуат сызықты заң бойынша өзгереді, себебі ол бұрыштық жылдамдығына пропорционалды

Р2 М

Зона II тұрақты қуатпен реттеуге сәйкес, себебі бұл реттеу магнит ағынды өзгерту арқылы орындалады. Бұл жағдайда номиналды тоққа тең тұрақты ток кезінде бұрыштық жылдамдығы өскен кезде, магнит ағынын гипербола заңы бойынша өзгерту керек.

Мрұқ КФІном Мном .

Бұдан шығады, бұл реттеу зонада қуат тұрақты болып қалады, себебі

Ррұқ Мрұқ Мном ном Рном Const.

3.2 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығьн магнит ағынды өзгерту арқылы реттеу

 

теңдеуден үш әртүрлі бұрыштық жылдамдықты реттейтін тәсілі шығады:

а) қоздыру токты (магнит ағынды) өзгерту арқылы;

б) якорь тізбегінің кедергісін өзгерту арқылы (реостаттық);

в) қозғалтқыштың якорь кернеуін өзгерту арқылы.

а) кедергі арқылы және б) кернеу реттеуіші арқылы

3.3 Сурет-Магнит ағынды өзгерту арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу эж-нің сұлбалары.

ЭҚ-тың қоздыру орамасы қозғалтқыштың 2-2,5% қуатын тұтынады, сол себептен қоздыру токты өзгерту арқылы реттеу өте үнемді.

Бұл әдісті қолданғанда жылдамдық негізгі жылдамдықтан жоғары реттеледі, ал рұқсат етілетін момент гипербола заңы бойынша өзгереді және рұқсат етілетін қуат тұрақты болып қалады.  = f (І) электромеханикалық сипаттамаларға қоздыру тоғы өзгерген кезде, идеаль бос жүрістің бұрыштық жылдамдығының әртүрлі мәндері сәйкес келеді, ол мына өрнекпен анықталады

о

3.4-суретте Ф  Фном кезде тәбиғи сипаттама үшін идеаль бос жүрістің бұрыштық жылдамдығы о ордината өсінде көрсетілген.

Барлық электр механикалық сипаттамалар абцисса өсінің бір нүктесінде қиылысады. Бұл мынадан шығады,  = 0 кезде злектр механикалық сипаттамасының тендеу түрінен

0 = ,

ал мұнан токты белгілесек I I қт

3.4-сурет. Қоздыру токты өзгерту 3.5-сурет. Қоздыру токты өзгерту арқылы арқылы бұрыштық жылдамдықгы бұрыштық жылдамдықты реттеудің реттеудің электр механикалық механикалық сипаттамалары

сипаттамалары

Механикалық сипаттамалар ординат биікте бір нүктеде қиылысады, себебі магнит ағыны азайғанда қысқа тұйықталу моментінде азаяды

Mқ.т.=KIқ.т.

Реттеу диапазоны 5:1 ден 10:1-ге дейін болады.

Жылдамдық ырғақтылығын берілген диапазон шекте реттеу реостаттың саты санына тәуелді.

Бұрыштық жылдамдықтың тұрақтылығы жеткілікті жоғары болады.