Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.6 Тібектей қоздырылатын тұракты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын реттеу

а) Якорь орамасын шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу

3.13-Сурет. Якорь орамасын шунттау арқылы қозғалтқыштың бұрышгық жылдамдығын реттеу

3.13-суретте келтірілген сұлба бойынша бұрыштық жылдамдықты якорьдің кернеуін азайту арқылы, магнит ағынды өзгерту арқылы және реостатты реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Егер де резистор Rш кедергісін өзгертіп тұратын болсақ, ондағы ток Ія тұрақты десек, онда әртүрлі Іқяш қоздыру тоғы туады.

3.14.а,б-суретте қозғалтқыш осы сұлба бойынша қосылған кездегі механикалық сипаттамалар көрсетілген.

3.14-Сурет. Якорь орамасын шунттаған кездегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының сипаттамалары

Rш = ∞ кезде якорь тізбегінің Rқ кедергісі бар резисторды қосқандағы сипаттама болады.

Егер де Rш = 0 болса,онда якорь кернеуі нөльге тең болады, сол себептен сипаттама координата басынан өтетін түзу сызық Rк = болса, қозғалтқыш желіден ажыратылған болады да, ол моментті құрмайды. Егер де Rк = 0 болса,онда Rш мен Rя тізбектері параллельді қосылған кездегі сипаттама болады.

3.13-суреттегі сұлба бойынша реттеу шектері (2.5-3):1 болады.

Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықгы реттеу сұлбасы 3.15 суреттге көрсетілген.

3.15 Сурет-Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықгы реттеу сұлбасы

Бұл сұлба бойынша бұрыштық жылдамдық қозғалтқыштың магнит ағынын өзгерту арқылы орындалады, себебі якорь тоғы Ія тұрақты кезде резистор Rш арқылы қоздыру токты Іқ = Iя-Iш өзгертуге болады. Магнит ағынының азаю себебінен негізгі жылдамдықтан реттеу жоғары жасалады.

Жүктеме тұрақты кезде қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдықты реттеу шектері 2:1.

3.16 Сурет.Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу кезіндегі механикалық сипаттамалар

3.7 Айнымалы ток электр жетегілердің бұрыштық жылдамдығын реттеу

Айнымалы ток қозғалтқыштардың қолдану себебі-олардын тұрақты ток қозғалтқыштарға қарағанда арзаншылығы, қарапайымдылығы, сенімділігі жоғарғылау және салмағы мен габариті төмендеу. Сонымен қатар, бұрыштық жылдамдықты реттеудің кейбір тәсілдері арнайы түрлендіргіш құралдарды қажет қылмайды .

Асинхронды қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын реттейтін тәсілдердің ең көп қолданылатын түрлері:

а) реостаттық реттеу;

б) полюстер санын өзгерту;

в) қоректендірілетін кернеудің жиілігін өзгерту;

г) басқа машиналармен және түрлендіргіштермен асинхронды қозғалтқышты каскадқа қосу.

3.8 Реостаттық және импульстік реттеу

Тұрақгы ток қозғалтқыштары сияқты ротор тізбегіне резисторды қосу арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеуге болады.Реттеу негізгі бұрыштық жылдамдықтан төмен болады.

Егер де механикалық сипаттаманың бөлігін сызықты деп есептесек, онда реостаттық сипаттаманың қаттылық коэффиценті

(3.18)

мұнда sном.р -номиналь моментке сәйкес реостаттық сипаттамадағы тайғанау.

Егер де реттеу диапазоны мынаған тең деп есептесек

(3.19)

онда,

Неғұрлым реттеуші резистордың сатылары көп болса, соғұрлым реттеудің ырғақтылығы жоғары болады.

Өзін-өзі салқындататын фазалы роторы бар АҚ-тың рұқсат етілетін моменті бұрыштық жылдамдығы азайған кезде мына теңдеумен анықталады:

(3.20)

Қозғалтқьштың тұрақты шығындары (статормен ротордың өзекшелеріндегі шығындар, механикалық және сейілу өрістермен тудырылатын шығындар) жүктемеге тәуелді емес.

Ауыспалы шығьндардың (статормен ротордың орамаларындағы шығыңдары) мынаған тең

(3.21)

мұнда sт –табиғи сипаттамадағы тайғанау.

Сонымен, жүктеме моменті тұрақты кезінде ротор тізбегіндегі шығындар тайғанауға пропорционалды, ал статор тізбегіндегі шығындар тайғанауға тәуелді емес.

Негізгі қуат резисторда реттеуде жоғалады. Мысалы, егер де қозғалтқыштың жылдамдығы номиналь жылдамдыққа қарағанда екі есе азайса, онда желіден тұтынатан қуаттың жартысы реттеу резисторларында жоғалады.

Реостаггық реттеудің кемшшіктері:

а) жылдамдық реттеудің сатылығы, ал бұл жағдай бекітілген автоматгы басқару жүйелерді қолдануға жағдай туғызбайды;

б) шапшандықгың аздығы;

в) энергияның үлкен шығындары.

Бірақ өзінің қарапайымдылығының арқасында реостаттық реттеу дағдылы қолданылуы орын алып отыр, мысалы кіші немесе орташа қуатты (100 кВт-қа дейінгі) насостардың , желдеткіштердің, көтеру-тасымалдау құралдардың жетегі ретінде қолданылады. Статордың немесе ротордың тізбектеріне резисторларды кіргізу арқылы ырғақты сатысыз бұрыштық жылдамдықты реттеу автоматтандырылған ЭЖ-лерде жүктеме момент өзгерген кезде берілген бұрыштық жылдамдығын тұрақты ұстауға немесс ЭЖ-нің тоқтау алдында жылдамдықты алдын ала төмендетуге қолданатын импульстік параметрлік реттеуді іске асыруға болады.

Қосымша кернеулерді статор тізбегінде (барлық үш фазада) импульстік реттеудің АҚ-ты қосу сұлбасы 3.17а-суретте, ал әртүрлі қуыстылық кездегі механикалық сипаттамалар 4.16б-суретте көрсетілген.