Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

2. Электр моментінің механикалық сипаттамалары

2.1. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сираттамалары

Қозғалтқыштың якорі Я және қоздыру орамасы ҚО бір-бірінен тәуелсіз түрленгіштерден U жәнеUқ-лардан көректендіріледі. Бұл жағдайда қоздыру ток Іқ якорь тоғынан Ія- дан тәуелсіз. Механикалық сипаттаманың көрінісі якорь тізбегінде құралған кернеулердің тепе-теңдік теңдеуінен табылады. Қозғалтқыштың байсалды режимде жұмыс істеп тұрғандағы кернеуі Uякорь тізбегіндегі кернеу құлауы ІR және якорьдің айналу электр қозғаушы күші (ЭҚК) Е-мен теңгеріледі, яғни

2.1 Сурет-Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы

U=ІR+Е (2.1)

мұнда І - қозғалтқьштың якорь тізбегіндегі ток, А; R-якорь тізбегінің қосынды кедергісі(Rх+Rя), Ом;

Е = КФ (2.2)

Мұндағы К = ; Р - полюстердің жұп саны; N-якорь орамасының өткізгіштер саны; а-якорь орамасының паралель тармақтары;

Ф-магнит ағыны Вб;  - бұрыштық жылдамдық, рад/сек.

Егер де (2.1) тендеуге Е=КФ қойсақ, онда қозғалтқыштың жылдамдық тендеуі шығады:

(2.3)

(2.3) тендеуі қозғалтқыштың айналу жылдамдығының якорь тоғынан тәуелділігін көрсетеді.  = (І) тәуелділікті қозғалтқыштың электрмеханика-

лық сипаттамасы деп атайды.

Механикалық сипаттаманы тұрғызу үшін, электр қозғалтқыштың айналу жылдамдығының моментінен тәуелділігін табу керек.

Қозғалтқыштың моменті:

М = КФІ, (2.4)

Егер де (2.3) теңдеуге (2.4) теңдеуінен І-дің мәнін қойсақ,онда:

(2.5.)

немесе

(2.6)

мұндағы С = КФ

2.2-суретте тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың якорь тізбегінің әртүрлі кедергілері үшін тұғызылған механикалық сипаттамалар келтірілген.

Егер де М= О болса, онда барлық сипаттамалар ординат бойында жатқан 0 нүктесі арқылы өтеді. Бұл нүктедегі бұрыштық жылдамдық кедергіден тәуелсіз. Бұл жылдамдық мүлткісіз бос жүріс жылдамдық деп аталады. Ол:

(2.7)

R1 R2 R3 R4 R5

2.2 Сурет- Механикалық сипаттамалар.

Егер де қозғалтқыш жүктемесіз 0 жылдамдықпен жұмыс істеп тұрса, онда оның білігінде кедергі моменті Мк пайда болғанда бұрыштық жылдамдық азаяды. Осы себептен ЭҚК-і Е азаяды, ал ток І және момент М ұлғайады. Бұрыштық жылдамдық қозғалтқыштың моменті М кедергі моментіне Мк тең болғанға дейін азаяды.(2.5) теңдеудің екінші мүшесі ЭЖ-нің жылдамдығының статикалық кұралуы деп аталады.

Қозғалтқыштың жылдамдық теңдеуін былай деп жазуға болады:

=0- (2.8)

Табиғи сипаттама жылдамдығының теңдеуі

(2.9.)

Қосымша кедергі Rқ якорь тізбегіне қосылған кезде жылдамдықтың төмендеуі:

(2.10)

Бұл жағдайға сәйкес сипаттамалар, жасанды сипаттамалар деп аталады.

Егер де (2.8) теңдеуді 0 бөлсек,онда жылдамдық азаюы салыстырмалы бірлікте көрсетіледі:

(2.11)