Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.27-Сурет. Жиіліктік реттеудегі ақ алмастыру сұлбасы

Сұлбада келесі белгілеулер алынған:

а) статордын кернеуінің салыстырмалы жиілігі ;

б) абсолюттік тайғанаудың параметрі немесе ротордың салыстырмалы

жиілігі ,;

в) статордың салыстырмалы кернеуі .

Қозғалтқыштық момент

(3.27)

Екінші ораманың тоғы және кедергілері:

, (3.28)

мұнда

Түрлендірілгеннен кейін табамыз

мұнда

және - статормен ротордың сейілу коэффициенттері

және

- жалпы сейілу коэффицкенті

Абсолюттік критикалық тайғанау

Максималды момент

Бұрыштық жылдамдықгың жиілікті реттеу тәсілі-өте үнемді және реттеу қасиеттері бойынша қысқа тұйықталған АҚ (ең қарапайым, сенімділігі зор және арзан ЭҚ) тұрақгы ток ЭЖ кем түспейді.

4. Электр жетігінің бұрыштық жылдамдылығын және иін күшін автоматты реттеу

Реттеудің диапазонын кеңейту үшін және дәлдікті көтеру үшін тұйықталған реттеу жүйелері қолданылады. Тұйықталған реттеу жүйелерінде сыртқы ауытқулар әсерлерінің орнын жабу, қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын немесе моментін жоғарғы дәлдікпен қажетті шекте ұстау автоматты түрде орындалады.

4.1-Сурет. Ажыратылған г-қ жүйенің механикалық сипаттамалары

4.1- суретте механикалық сипаттаманың қаттылығын жоғары ұстау үшін және реттеу диапазонын кеңейту үшін генератордьң ЭҚК-ін жүктеме өскен кезде үлкейту керек.

Автоматталған реттеу жүйесі сыртқы кері байланысты қажет етеді:

кемінде жүйеде шығысын кірісімен қосатын сыртқы байланысы болуы керек. Бұдан басқа автоматталған реттеу жүйенің бөлек элементтердің шығындарын кірістерімен қосатын ішкі кері байланыстар болады.

Сыртқы кері байланыстар қатаң және иілгіш түрлерге бөлінеді. Қатаң сыртқы кері байланыс өтпелі және қалыптасқан режимдерінде, ал иілгіш-тек өтпелі режимде әсер етеді. Оң және теріс сыртқы кері байланыстар болып ажыратылады. Реттелетін шама үлкейсе, оң кері байланыс оны одан бетер үлкейтеді, ал теріс-азайтады. Кері байланыстар кернеудің, токтың, моменттің, жылдамдықтың, бұрулы бұрыштың мәніне немесе туындысына пропорционалды тәуелді сигналдарды жеткізеді. Автоматталған реттеуді орындау үшін кері байланыстың сигналын өлшеу керек, ал содан кейін кернеу түрінде болатын нәтижені кернеу түрінде берілген реттеу шамасының мәнімен салыстырып, (алгебралык қосындыны тауып) нәтижені реттеліп жатқан объектіге жіберу керек. Әдетте, өлшеу кұралдың реттеуіш құралға әсер ететін энергиясы жеткіліксіз болғандықтан күшейткіш құралдың қажеттігі туады. Айтылған элементтер (күшейткіш, өлшегіш және реттеуіш құралдар) реттеу үрдісін орындайды да, реттеуіштің жабдығына кіреді.

Сонымен, автоматталған реттеу жүйесі реттелетін объектіден және реттеліп жатқан шаманын өзгеруіне әсер тигізетін реттеуіштен құралады.

4.1. Кернеу бойынша қатаң теріс кері байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі

Жүйенің құрылымдық сұлбасы 4.2-суретте келтірілген.

4.2-сурет. Құрылымдық сұлба (а) және қозғалтқыштың сипаттамалары (б)

Қалылтасу режимінде жүйенің барлық элементтерінің теңдеулерінің түрі мынадай болады:

0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000

Uкір = Uтап –аUк , Етк Кт

Uқ =Eт – IRт , Uқ =Eқ+ IRқ

Еқ=C , М=EI

Мұнда Kк =Uк / Uкір , Kт =Eт / Uк -күшейткіш К және түрлендіргіш Т -ның күшейткіш коэффициенттері; Ет , Ек -түрлендіргіш Т -ның және қозғалтқыш К-ның ЭҚК-тері; Rт , Rк-түрлендіргішпен қозғалтқыштың кедергілері; а = Uк.б. / Uк-кернеу бойынша кері байланыстың күшейту коэффициенті.

Түрлендіруден кейін жабық жүйедегі механикалық сипаттаманың теңдеуін табамыз

, (4.2)

, .3)

мұнда Кск Кт