Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агро УМКД.doc
Скачиваний:
202
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.31 Mб
Скачать

Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын реостаттық және импульстік параметрлік тәсілмен реттеу

а) қосу сұлбасы; б) жылдамдықты қуыстылық ε өзгерту арқылы реттегендегі график; в) механикалык сипаттамалар; г) тиристорлық кілттің сұлбасы

3.6-сурет. Бұрыштық жылдамдықты импульстік тәсілі арқылы ретгеу

Якорь тізбегіне қосылған қосымша кедергі Rқос сұлбаға толық кіргізіледі немесе кілтпен тұйықталады. Rқос қысқа тұйықталған кезде тізбектегі ток және бұрыштық жылдамдық өседі, ал кілт К ажыратылған кезде ток және жылдамдық азаяды. Кілттің коммутациясы периодтық түрде жүзеге асырылады.

Бұрыштық жылдамдықгың орташа мәні жүктеме момент және кілт К-ның ажыратылған және бекітілген ұзақтылықтың қатьгнасына тәуелді, яғни басқару импульстердің қуыстылығына

ε =.

Егер де қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме тұрақты кезінде ε өссе, онда бұрыштық жылдамдықта да өседі, ал ε =1 болғанда (кілт К тұрақгы жабылып тұр) қозғалтқыш табиғи сипаттамада жұмыс істейді. ε=0 кезде қозғалтқыш Rқос тұрақты қосылған реостат сипаттамада жұлмыс істейді (кілт К ажыратылып тұрады) ε басқа мәндері кезінде эквивалентті қосымша кедергі былай белгіленеді

Rқос.экв. = Rқос (1-ε)

Ал механикалық сипаттамалар мына теңдеумен белгіленеді

ω =

3.15. Тақырып 15. Электр қозғалтқыштың жылуы және сууы. Жылу уақытының тұрақтысы. Электр қозғалтқыш жұмыстарының номинал режимі. Қуатты таңдау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Москаленко В.В. Электрический привод. М: Энергоатомиздат, 2000– 415 с.

2. Чиликин М.Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. – М: Энергия, 1981. – 1981 г.

3. Басов А.М., Шаповалов А.Т., Кожевников А.С. Основы электропривода и автоматическое управление электроприводом в с.х. – М: Колос, 1972. – 344 с.

4. Шичков Л.П. Автоматизированный электропривод. Методические указания и задания. – М.: ВСХИЗО, 1986.

Электр жетегінің қуатын анықтау

Электр жетегінің жүктеме диаграммалары

Жүктеме диаграммалар қозғалткыштың айналу моментінің, тоғының немесе қуатының уақыттан тәуелділігін сипаттайды. Жүктеме диаграммаларды ЭЖ-нің асқын жүктеме қабілетін және алдын ала қыздыру бойынша таңдалған қозғалтқыштың қуатын бағалауға пайдаланады.

Жүктеме диаграммалар статикалық және динамикалық жүктемелерді есепке алады.

Шахта көтергіш ЭЖ-нің жүктеме диаграммасы

Теңгеру қанаты және қажалу шкиві бар шахта көтергіштің кинематикалық сұлбасы 5.1-суретте көрсетілген.

Жылдамдық график 5.2- суретте көрсетілген, мұнда (t1 -бұрыштық тездету уақыты, t2 -тұрақты режимнің уақыты; t3-бұрыштық бәсендету уақыты; t4-көршілес көтеру арасындағы үзіліс уақыты.

5.1-сурет. Кинематикалық сұлба

1 және 2-пайдалы жүкті көтеретін немесе түсіретін көтермелер; Шк-жетегі қозғалтқыш М-мен тікелей қосылған қажалу шкифі; Шб бағыттайтын шкиф; 6-жүк. Механикалық құралдардың технологиялық мәліметтеріне сәйкес

көтергіштің бір цикл жұмысының диаграммасы V = f(t) (тахограмма) беріледі (а-сурет)

а-ЭЖ-нің жылдамдық диаграммасы; б-тездету диаграмма; в-динамикалық моменттің диаграммасы; г-котергаштік жүктеме диаграммасы; д-ЭЖ-нің жүктеме диаграммасы.

5.2-сурет. Шахта көтергіш ЭЖ-нің жүктеме диаграммасы

Жылдамдық графикте бұрыштық тездету графикке сәйкес (5.2,б-сурет), олардың абсолюттік мәндері тұрақты, ал t1 және t2 учаскелерде олардың белгілері әртүрлі. Жіберу және тежеу учаскелері моменттің динамикалық

құраушысы тең , олар 5.2в-суретте көрсетілген. Одан кейін

жүктеменің статикалық моменті белгіленеді:

мұнда Fc-қажалу шкифінің шеңберіндегі есептелу күші ; R-шкифтың радиусы;  -берілістің ПӘК-і.

Қозғалтқыштың қуаты мына формуламен табылады;

, (5.1)

мұнда k -қор коэффициенті (k = 1,2-1,3);

vт-көтергіштің тұрақты бұрыштық жылдамдығы (vт = R).

Бұл жағдайда M = const. ЭЖ-нің жүктеме диаграммасы белгілейтін тәуелділік M = f(t) статикалық және динамикалық моменттерінің қосындысы ретінде табылады, яғни M(t) = Mс + Mдин (t). M = f(t) 5.23д-суретте көрсетілген.