Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.ОНА ЙДЕГІ ЫЗМЕТ КРСЕТУ САПАСЫ.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
617.98 Кб
Скачать

9 Сурет – «Риджент Алматы» 2003-2005жж қонақ үйі еңбек өнімділігінің

өзгеруі

9– суреттен біз 2005 жылдың еңбек өнімділігінің 2003ж салыстырғанда 2 есеге жуық өскенін, және 2004ж салыстырғанда 5%-ға өскенін көре алаламыз.

Кәсіп орындар үшін техникалық жабдықталуы, нарықтық экономикада, өте маңызды. Техникалық деңгейді талдау кезінде, кәсіп орынның жабдықпен қамтылған дәрежесін немесе керекті машиналармен жабдықталуын, олардың қазіргі кезгі деңгейге сәйкестігін және жаңа тенологияны пайдалану мөлшерін анықтап алу қажет.

Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, өтелу мерзіміне қарай 3-ке бөледі:

  • 10 жылға дейін;

  • 10-20 жылға дейін;

  • 20 жылдан жоғары;

Олардың тозу дәрежесі және бүкіл жабдықтардың үлесінен прогрес-сивті жабдықтардың (жаңа) үлес салмағы анықталады. 15-20 жылдан аса пайдаланылған жабдықтар, ескірген немесе моралдік тозған деп саналады.

Техникалық деңгейді анықтағанда, бірінші орында кәсіп орын меншігінің сапасы, құрамымен құрылысы анықталады (5 – кесте).

5 Кесте – «Риджент Алматы» 2005ж қонақ үй меншігінің құрылысы мен құрамы

Аты

2005ж

басына

2005ж аяғына

2005ж. басының жыл соңына өзгеруі %-бен

1. Барлық қордың құны, мың тг.

421087

441556

104,8

2. Иммобилизонды құралдар

246273

241411

98,0

- қордың бағасына , %

58,5

54,7

93,5

3. Мобилді құралдар

174814

200145

114,4

- қор бағасына, %

41,5

45,3

109,1

5 – кестеден кәсіп орындағы жыл соңына таман негізгі мүлкі бағасының, жыл басымен салыстырғанда 104,8 теңгеге ұлғайғанын көре аламыз. Бұл өсу, мобилді құралдар бағаларының 25331 теңгеге өсуімен байланысты.

Кәсіп орын мүлкінің құрылысы бойынша иммобилді құралдар 58,5% жыл басына және 54,7% жыл соңына, ең үлкен үлес салмағын алып отырғанын байқай аламыз. Ол қарастырып отырғант кәсіп орынның негізгі құралдарға салымдарының үлкен мөлшерін көрсетеді. Берілген уақытта мобилді және иммобилді құралдар арасындағы өзгерулер қатты байқалмайды.

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде мүліктердің құрамын талдағанда келесі көрсеткіштерді есептейді:

Мобилді коэффициент.

Мобилді құралдардың бүкіл мүлік құнының қаты-насына тең. Кәсіп орынның жалпы актив бағасының ағымды активтердің мөлшерін мінездейді. Бұл коэффициент 0,5> болғанда оптималды шегінде болады. Біздің кәсіп орынымызда коэффициент жыл бсына 0,415 және 0,453 жыл соңына құрайды. Коэффициенттердің бұл көрсеткіштері жыл соңында қордың рационалды орналасуын көрсетеді.

Иммобилді коэффициент.

Иммобилді құралдардың бүкіл мүлік құнының қатынасына тең. Бұл жағдайда коэффициентіміз жыл басына 0,585 және жыл соңына 0,547 құрайды. Ол көрсеткіштер - кәсіп орын қорының тең пайдалануын көрсетеді.

Мобилді және иммобилді құралдарының ара қатынас коэффициенті. Ағымдағы активтермен ұзақ мерзімді активтердің ара қатынасын көрсетеді. Бұл ара қатыстың оптималды шегі, әр сала ерекшеліктеріне байланысты болады.

Бұл коэффицицентті >1 болуы керек деп ұйғарады. Біздің жағдайымызда жыл басындағы коэффициент 0,71 және 0,9 жыл соңына тең. Көрініп тұрғандай, бұл коэффциенттер оптималды белгіленуінен кішірек. Бірақ кәсіп орынның қай салада жұмыс істеуін ескерсек, ұзақ мерзімді активтердің ағымдағы активтердің бағасынан елеулі емес артықшылығы, кәсіп орын қызметін жағымды мінездейді.

Таза активтер.

Мүлік бағасы, бұлағы ретіндегі жеке қор. Берілген көрсеткіш келесі формамаен есептелінеді:бүкіл қор бағасы – материалды емес активтер бағасы бүкіл міндеттеме соммасы.

Жыл соңына қонақ үйдің таза активтер соммасы 404361 теңгені құрады. Ол кәсіп орындағы барлық қорды, өздерінің қаржы-қаражаттары есебінен алғанын 6 – кестеде көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]