Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.ОНА ЙДЕГІ ЫЗМЕТ КРСЕТУ САПАСЫ.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
617.98 Кб
Скачать
  1. Қонақ үйдің қызмет көрсету сапасына жетілдіру жүесіне негізгі ұсыныстар

3.1 «Риджент Алматы» қонақ үй қызметінің сапасын талдау жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулар

Жасалған тұтынушылардың қонақ үй қызметінің қызмет сапасын қанағаттандыру деңгейінің анықтамасына 2.6-шы диплом жұмысының бөліміне сүйене отырып, қонақтардың автомобильдерінің тұрағы жөніндегі мәселені шешу керек. «Риджент Анкара» қонақ үйінің жанында екі ақылы күзетілетін тұрақ орналасқан. Тұрақ әкімшілігімен қонақ үй клиенттеріне орын бөліп беру жөнінде шарт жасасуға мүмкіндік бар.

Облыстағы туристік белсенділіктің ең жоғары кезеңімен сәйкес келетін жазғы маусымның келуімен, бөлмелерде кондиционер орнату мәселесінің өзектілігі арта түседі. Күншуақта орналасқан бөлмелерді кондиционермен қамтамасыз ету керек.

Қызметшілердің шет тілдерді меңгеру дәрежесінің төменділігі сапа көрсеткіштерінің бәсекелестердің көрсеткіштерінен артта қалуына әкеліп отыр. Бұл мәселені бөлме жинаушылардың бригадирлері мен администраторлардың орнына қызметшілерді мұқият таңдау арқылы шешуге болады. Қызметшілерді жалпықолданыстағы европалық тілдерге оқытуға қаражат салу тиімді болмайды, себебі, қызметшілердің айлығының көлемі олардың фирмаға беріле жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді.

Бүгінде «Риджент Алматы» қонақ үйі Интернет жүйесіне тек ауыспалы жеке компьютердің негізінде қосылуды ғана ұсына алады. Бұл қызмет белсенді сұраныспен қолданбайды. Сол себепті, жоғары сапалы телематикалық қызметті ұсынуға мүмкіндіктерді табу қажет болып отыр.

«Анкара» қонақ үйі бәсекелестерінен стратегиялық артықшылықтармен қамтамасыз ету мақсатында сапа аудитін өткізіп тұру қажет. Қонақ үй қызмет сапасының талдауы одан кейін сапаны басқаруға мүмкіндік береді. Қазірде бұл компанияда тек қонақ үй бөлмелерін тазалау сапасының талдауы өткізіледі. «Анкара» қонақ үйіне тоқсан сайын комплексті сапа тексеруін өткізіп тұруға кеңес беруге болады. Өткізілген тексерулердің негізінде сапаны бақылау бағдарламасын жасап, ендіру қажет.

Ал енді «Риджент Алматы» қонақ үйіне талдау жасасақ, мынандай мәселелерге тоқталып келеміз.

1999 жылдан бастап сапаны талдау жүйесін құру жұмыстары мекеменің өз күшімен жүргізіліп келеді. 2005 жылы статистикалық-тәжірибелік мәліметтердің негізінде «Риджент Алматы» қонақ үйінің санитарлық күйін тексеру жөніндегі тұрақты комиссияның 2000-2005 жылдарындағы жұмысының нәтижелері бойынша «Риджент Алматы» қонақ үйінің санитарлық күйін тексеру жөніндегі Ережесі» жасалды. Бұл Ереже күнбе-күнгі және бақылау тексерулерін өткізу тәртібі мен қонақ үй қызметшілері: бөлме тазалаушылар, еден жуушылардың әрқайсысына бөлініп берген учаскелерінде тазалау сапасын бағалау жүйесін айқындайды. Аталған Ереже бөлме қорының, көпшілік пайдаланатын орындары мен қызметшілер бөлмелерінің таза ұсталуын жақсартып, мекеме мамандары жасаған «Риджент Алматы» қонақ үйі бөлмелерінің санитарлық таза ұсталуы жөніндегі технологиялық инструкциясын қызметшілердің орындауын тексеріп отыруды мақсат етеді.

Ережеге сәйкес қонақ үй бөлмелерінің санитарлық жағдайына тұрақты, күнбе-күнгі және таңдаулы бақылау жасауды бригадирлер немесе қонақ үй меңгерушілері немесе бас директордың бұйрығымен тағайындалған қонақ үйдің санитарлық жағдайына жауапты адамдар жүргізеді. Айына тексерілетін бөлмелер саны бригадирлер үшін – бөлмелердің жалпы санынан 100%-дан кем емес, қонақ үй меңгерушілері үшін - бөлмелердің жалпы санынан 50%-дан кем емес болуы керек. Тексеру нәтижелері «Санитарлық жағдай журналында» жазылуы тиіс.

Сонымен қатар, ереже санитарлық комиссиясын тағайындау тәртібін, бақылау тексеруінің жиілігін және жасалған жұмыс сапасын бағалау жүйесін жасайды. Бір бақылау тексеруінің барысында тексерілген бөлмелердің саны, қызметшілердің жұмыста болу-болмауына қарамастан, жалпы бөлмелердің санының 10%-нан кем болмауы тиіс. Жасалған тазалау жұмыстарының сапасын бағалау кезінде 5 баллдық жүйе қабылданады, тексерілген бөлмелердің санитарлық жағдайына ескерту болмаған кезде ең жоғары сапа бағасы 5 болады. Бағаны төмендету берілген «Айқындалған ескертулер межесі» бойынша жасалады.

Бөлмелердің санитарлық жағдайын тексеру барысында жасалған ескертулер межесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]