Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

6 Либихтын минимум заны

Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады

1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын ,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ).

Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау ұстамдығы,төзімділігі <төзімділік шек >деп аталады.Әрбір организмнің өзіне тән төзімділік шегі болады.Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші )факторлар деп аталады.Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.

Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті,органимзде өзгерістер жүріп,оның тіршілігін жояға дейін алып барады,оны летальді жағдай деп атайды,

Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленеді

Толеранттық шек болатын факторлардың түрлері өте көп.

Организмдер көбею кезінде,қоршаған орта жағдайы лимиттік фактор болады.Ыстық сүйетін өсімдіктер үшін аяз,солтүстік аудандарда күн сәулесі жетпей,ылғалдың артық болуы ,ал оңтүстікте күн сәулесінің артық болуынан ылғалдылық жетпеуі лимиттік фактор,мысалы бола алады.

1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.

Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.

Миниммумен қатар максимумның де шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфодтың толеранттық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқуы диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударған tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]