Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

55. Шөлейттену мәселесінің себебі. Оның алдын алу іс-шаралары

Шөлейттену - жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрiнiсiн бiлдiредi. XXI ғасырда, Жер халқы санының ұлғаймалы өсуi, өнiмдi ауыл шаруашылығы жерлерiнiң көлемдерiн iс жүзінде толық игеру және қоршаған ортаға техногендiк жүктеменiң өте зор ұлғаюы аясында шөлейттену көптеген елдер үшiн табысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгi қатерi болуы мүмкiн.

Еліміздегі орын алып отырған көлемді мәселелердің бірі бұл жерлердің шөлейттенуі. Жер қыртысының құнарлылығын төмендетудің негізгі себебі, бұл жер жырту, эрозияның және тұзданудың болуына ыңғай жасау. Бұл процестердің шиеленісуіне дала өрттері мен жасыл егісті қырқу септігін тигізеді. Кең таралған құбылыс болып табылатыны, жер эрозиясының салдары болатын шаңды боран. Шөлейттену мәселесі жақын болашақта үдеу тенденциясына ие болады. Мал санының төмендеуі соңғы шегіне жетті және еліміздің барлық аумақтарында сандық көрсеткіші өсуде. Бұл жерде тәжірибелермен жорамалданып отырған ауа температурасының көтерілуі мен құрғаудың өршуін жатқызуға да болады.  Экологиялық шалдығу аумақтары, сондай-ақ жоғары радиациялық фон Жамбыл, Батыс Қазақстан, Повладар, Алматы, ОҚО және Солтүстік Қазақстан Жамбыл облысының аумағында көму ашық мәселе болып отыр. Мойынқұм ауданындағы қалған кеніштердегі радиоактивтілік деңгейін зертеу нәтижесі нормадан 10-15 есе артықтығын көрсетті. Осының салдарында – аудандарда қатерлі ісікке шалдығу деңгейі жағады. Шөлейттенудiң факторы ретiндегi суармалы топырақтың сортаңдануы проблеманың екi үлкен аспектiсiне ие: ағынсыз бассейндерде сортаң шөлдердiң өсуi және суармалы жерлердiң қайталама сортаңдануы. Сортаңданған топырақтардағы шөлейттенудің ерекшелігі олардың аймақтық және құрылымдық әртүрлiлiгiмен байланысты. Сортаңданған топырақтың үлесi барлық суармалы жерлер аумағының шамамен 20 % құрайды. Суарылмалы егiн шаруашылығындағы қалыптасқан жағдай өсiмдiк өнімiнiң жиынтық өнiмiн 1,6-1,8 есеге азайттҚазақстан жерінің шөлейттенген негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан (Семей өңірі), Алматы облысы (Балқаш көлі маңы), Қызылорда облысы (Арал маңы), Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы) бүгінгі таңдағы адам мен қоғам арасындағы үлкен арақатынастың күрделенуіне әкеліп соғуда.

Жалпы, шөлдену үрдісі қазіргі таңда – Азия, Африка, Америка құрлығының аридті белдемінде орналасқан бірқатар елдердің басты мәселесі. Шөлдену тек жекелеген елдердің ғана емес, әлемдік деңгейдегі шешуі қиын ғаламдық мәселеге айналды. БҰҰ-ның келтірген деректеріне сүйенер болсақ, бір жылда азық-түлікке жарамды 3 миллион гектар жер шөлденуге ұшырап, бұдан келетін экономикалық шығын 40 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қазақ елінің шөл аймағы – табиғаттың физикалық-географиялық жағдайынан, сол сияқты адам әрекетінің нәтижесінен пайда болған ландшафт.

Қазақстан Республикасындағы шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция бойынша Қазақстанның өзiне қабылдаған мiндеттерi шеңберiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131  қаулысымен бекiтiлген, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiгі тұжырымдамасын іске асыру жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 28-тармағын орындау мақсатында әзiрлендi. Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]