Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

7 Шелфордтын толеранттылык заны

Шелфорд ережесі— экология ғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұны толеранттылық заңы (лат. tolerantіa — шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясының тіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешенді экологиялық факторларына тәуелді болады да, әрбір организмнің өзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады.

Организмдердің толеранттылыққа байл топтары.Оганизмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады,Ондай заңдылықтарға :оптимум ережесі,шектеулі факторлар ережесі,факторлардың өзара әсері ережесі және т,б жатады.Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық факторлардың белсенділігі оптимум немесе экологиялық факторлардың оптимум аймағы деп аталады.Оптимум аймағынан тыс,организмнің тіршіліне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы деп аталады.Белгілі бір факторларға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық толеранттылығы деп атайды.

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп аталады,Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.

Экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады.Эврибионтты ж/е стенобионтты организмдер.Экологиялық толеранттылыққа б/ты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар- факторлардың кең диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер. Түрлері: эвритермді- температураның үлкен ауытқуларына шыдамды организмдер, эвригалинді- су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді, эврибатты- қысымның қатты ауытқуына тқзе алатын организмдер, эврифагтар- әртүрлі азықтармен қоректенетін организмдер, эвритоптар- әртүрлі тіршілік орталарында кең таралғандар. Стенобионттар-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді- тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді- су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу), стенобатты- қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады ж/е т.б.

8 Абиотикалык факторлардын тири организмге асери

Абиотикалық факторлар (гр. ‘a’ — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

Жарық . Күн сәулелерінің спекторының  әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:

       Көрінетін  жарық  өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.

       Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде  көптеген түрлерге -  өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің  күюін  (терінің  қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар  ағзаны жылулықпен қамтиды.

Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:

1).Хлорофиллдің  пайда болуы (фотосинтез).

2).Лептесіктердің жұмысын  қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының  биосинтезін  жақсартады.

3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына  әсер етеді,  жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.

      Жарыққа байланысты  болатын экологиялық топтар:

      1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер.

      2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер.

      3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті  гелиофиттер.

      Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.

      Температура.Тіршілік  үшін  қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың  нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден  тыс температура  мөлшерінде де тіршілік ете алады:

      1.Криофилдер –суықты қажет ететін  түрлер.

      2.термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші  түрлер.

       

Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:

Төменгі температураға :

1.Суыққа төзімсіздер.

2.Аязға төзімсіздер.

3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).

Жоғарғы температураға :

1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.

Жануарлардың температураға адаптациялануы :

1.Химиялық терморегуляция.  2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.

Ылғалдылық. Су  - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

Суға байланысты өсімдіктердің  экологиялық топтары.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен  тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың  көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды  ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.

Мезофиттер – аздаған және  өте  шөлді  жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер -  ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

Суккуленттер – бойына  шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды  паренхималары мен түрлі  органдарында жинау қабілеттері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]