Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

11 Тіршілік орталарының сипаттамалары

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналган. Бір ағнаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тәнпаразиті болады.Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөТіршілік ортасы— қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығынэкологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторларжиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз(грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.

12 Су тіршілік ортасының ерекшеліктері

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тәнфизикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы,тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптегенминералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы —гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.)нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]