Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

44-Сұрақ.

ҚР ботаникалық бақтары. Дендропарктері, олардың сипаттамалары.

Ботаникалық қорықша–Қазақстанда өсетін өсімдіктердің және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар. Бұларда шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ботаникалық қорықшаның сипатына байланысты бұнда орман кесудің барлық түрлеріне (санитарлықтан басқа), мал бағу, шөп ору сияқты адамның шаруашылық іс-әрекетіне жол берілмейді. Республикамызда жалпы көлемі 217 мың гектар болатын 16 ботаникалық қорықша бар. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 7 мемлекеттік ботаникалық бақ бар. Мемлекеттік ботаникалық бақ-өсімдіктер дүниесін қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған,табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелері мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланғанқорғау режиміндегіерекше қорғалатын аумақ . Мемлекеттік ботаникалық бақтардың жергілікті және республикалық маңызы болуы мүмкін. Мемлекеттік ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшін белгіленген тәртіппен жер учаскілері беріледі. Мемлекеттік ботаникалар мынадай:

1) экспозициялық- өсімдіктерді егуге және оларды келушілерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми – ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған;

3) қорықтық – табиғи өсімдіктердің бірегей, типтік және сирек кездесетін топтарын сақтауға арналған;

4) қоғамдық – келушілерге қызмет көрсетуге арналған;

5) әкімшілік және өндірістік шаруашылық өңірлерге бөлінеді.

Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін кез келген іс-әректке тыйым салынады.Мемлекеттік ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзлік флораның табиғи және мәдени өсімдіктер коллекциясын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсімдіктерімен импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді, оларды ботаникалық басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері: 1)мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оку мақсатында пайдаланылады. 2) мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және жерсіндірілген дақылды өсімдіктерді қолдан өсіру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргізіледі. Мемлекеттік дендрологиялық парк–табиғат қорғау мекемесінің мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртіппен және нақ сондай шарттар мен ғылыми, мәдени, ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

45-Сұрақ

Қызыл кітаптың маңызы, оның санаттары

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қазақстанның Қызыл кітабы. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкеріЮ.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып қана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қызыл кітап санаттары

І санат — жойылып бара жаткандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, кызыл қасқыр, кара күзен, қабылан, қызылқүм аркары, қүдыр, т.б.

ІІ санат — саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғасы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат — сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірак өте сирек кездесетіндер). Мысалы, кар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара түрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат — белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.

V санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]