Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

39.Құрлық экожүйелері(тундра,тайга,дала,шөл және т.Б.)сипаттамалары

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафт белдеуі – тау Тундрасы орналасқан

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) — солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралғажақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз,бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.

Шөлейт – аридтік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт түрі. Далаға және шөлге тән өсімдік түрлері аралас кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде таралған. Шығыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Каспий ойпатының батысынанОрдостың (Қытай) қиыр шығысына дейінгі 10 мың км-ге созылған; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Сахарада, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Африкада, Арабия түбегінде, Кіші Азия мен Иран таулы қыратында, Үнді алабында, Австралияның ішкі бөлігінде кездеседі. Батыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Сеңгір таулардан шығысқа қарай 1300 км-ден астам алқапты қамтиды; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт –Колорадо үстіртінде, Үлкен алапта, Мексика таулы қыратында, Анд тау¬ларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде қалыптасқан. Шөлейтте климат өте қуаң, булану жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жер беті суы мардымсыз. Ағын суы шағын өзен мен жылғалардан тұрады. Ащы сулы шағын көлдер көп. 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі.

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі,Карпат) көтерілімдер болып келеді.Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық

Тропиктер (гр. tropikos (kyklos) - бұрылыс шеңбері) – Жер шарының экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23`27` қашықтықта орналасқан жер бетіндегі екі жорымал параллель шеңбер. Экватордың Солтүстігіндегі Тропиктер солтүстік немесе Шаян тропигі, ал оңтүстігіндегі Тропиктер Оңтүстік немесе Тауешкі тропигі деп аталады. Жазғы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 маусымда) Күн көзі өзінің көрінерлік жолының ең шеткі солтүстік нүктесінен өтеді, сол күні түс мезгілінде солтүстік тропиктің бойындағы жерлерде Күн көзі дәл төбеге шығады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысындағы ең ұзақ күн, ал Оңтүстік жартысында ең ұзақ түн болады. Қысқы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 желтоқсанда) Оңтүстік тропиктің бойындағы жерлерде түс мезгілінде Күн көзі тас төбеде тұрады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысында ең қысқа күн, Оңтүстік жартысында ең ұзақ күн болады. Тропиктер аралығындағы елдерде Күн көзі жылына 2 рет дәл төбеге көтерілед

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]