Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_okityn.docx
Скачиваний:
381
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
241.08 Кб
Скачать

40-Сұрақ

Су экожүйелері (теңіз және тұщы су) сипаттамалары

Экожүйенің жіктелуі

Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшелінеді, функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафттық негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшелінеді.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1. құрлық жүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, щөл, тропиктер, тау;

2. тұщы су – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;

3. теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.

Тұщы су экожүйелері— лентикалық, тоқтау су (көл, тоган, өген); лотикалық немесе ағынды сулар (өзендер, жылғалар, бұлақтар) және батпақтанған жерлер (теңіз жайылмалары мен батпақтар). Лотикалық экожуйелерде мынадай экологиялық белдемдер ажыратылады: қайраң су — ағыны жылдам жерлерде, көбінесе төселе, жапсырыла тіршілік етуге бейім организмдер немесе жақсы жүзгіштер (бақтақ) мекендейді; терең су — ағыны бәсең, әдетте, грунты жұмсақ, су өсімдіктері мен планктонның дамуына қолайлы жерлер. Лентикалық суда органикалық тіршілік едәуір мол. Бөген экожүйесінің орташа жолағында қоректік тізбектің бірінші буынын продуценттер құрайды (жоғары өсімдіктер — шалаң, қоға, қамыс, сарытұңғиық, т.б. фитопланктонның жасыл, көкжасыл, диатомды балдырлары). Бұл өсімдіктермен зоопланктонның өкілдері қоректенеді (шаян тәрізділер, бүйірлеп жүзгіштер), олар өз кезегінде екінші қатардағы жыртқыштарға (шортандарға) азық болатын өсімдікпен қоректенетін бірінші қатардағы жыртқыш балықтардың (тұқының) жемі болады. Бұл экожүйедегі органикалық заттарды бактериялар толықтыдыратады.

Теңіз және мұхит экожүйесі. Олардың бірнеше түрі бар. Коралл рифтерінің экожүйесі маңыздыларының бірі болып табылады. Олардың негізін «симбиотикалық организмдер» , яғни кораллдар және динофлагеллаттың санатына жататын балдыралар оның денесін құрайды. Бұл экожүйе бай биотаға ие.

41-Сұрақ

ҚР ерекше қорғауға алынған территориялар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар. (Ақсу-Жабағылы,Алакөл,Алматы,Барсакелмес,Батыс Алтай,Қаратау,Қорғалжын,Марқакөл,Наурызым,Үстірт)

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар. («Алтынемел»,Баянауыл,«Бурабай»,«Бұйратау»,Жоңғар Алатауы,Катонқарағай,«Көкшетау»,«Көлсай көлдері»,Қарқаралы,Сайрам-Өгем,Шарын,Іле Алатауы

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар. («Ақжайық»,«Ертіс орманы»,«Семей орманы»,Ырғыз-Торғай)

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]