Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / большевизм.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
382.46 Кб
Скачать
    1. Қазақстанды атеистендірудің алғышарттары

Ғылыми атеистік насихат жұмыстарының түрлері мен әдіс-тәсілдері маркстік-лениндік атеизм теориясының құрамды бөлігі болып саналды. Коммунистік партия атеистік үгіт-насихат жұмыстарының мазмұны, әдіс-тәсілдерін тиімді ұйымдастыру жолдарына баса назар аударды [43; 68 б.].

Партияның мақсаты әртүрлі әдіс-тәсілдерді барынша қолдана отырып, материалистік ғылыми атеизм дейтін көзқарасты халықтың санасына аксемалық идея ретінде сіңірут болды. Ол үшін халықтың дінге бой ұру себептерін, мінез-құлық ерекшеліктерін, тұрмыс жағдайларын т.б. әбден ескеріп, сан алуан әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Көпшілікті атеизмге тәрбиелеу негізінен бұқаралық-идеялық бағытта жүргізілді. Мәселен, оның кейбір түрлері:

1) Саяси хабарлар тарату арқылы атеистік тәрбие беру;

2) Атеистік бағыттағы көркем әдебиетті оқыту;

3) Экскурсиялар арқылы санасына сіңіру;

4) Кино көрсету атеизмге баулуда күшті құрал ретінде кеңінен қолданылды;

5) Атеистік тәрбие берудің басты түрі - лекция. Лекциялардың мазмұны мен теориялық дәрежелері ғылыми техникалық жетістіктермен байланыстырылып барлық жерде бірдей дінге қарсы насихатталды.

Лениннің атеист насихатшы туралы: «Әрбір насихатшы үгітшінің шеберлігі сол аудиторияға барынша жақсы әсер ете білуінде, ол үшін белгілі шындықты мүмкіндігінше неғұрлым сенімді, оңай түсінетін, көрнекі жеткізе отырып қатты есінде қалдыра білу керек» деген талабына сай атеист насихатшылар арнайы даярланды.

Коммунистік партия лениндік принциптерді басшылыққа ала отырып, дінге қарсы насихат жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы органдар құрды. Орталық Комитеттің идеологиялық жұмысында атеизмді насихаттау бірлестігі - үгіт-насихат бөлімі (Агитпропотдел) жетекші орган болды. Бұл бөлімнің мүшелері ОК РКП(б) атеизмді насихаттау мәселелеріне байланысты құжаттар даярлаумен айналысты, арнайы дінге қарсы мәжілістерді ұйымдастырып отырды [44; 69 б.].

1918 жылы 27 қаңтарда РСФСР халық комисарлары кеңесінің ұсынуымен ұлт істері жөніндегі халық комисариатында мұсылман комисариаты, ал осы жылдың 12 мамырында қазақ бөлімі құрылды. Бұл бөлімге қазақ халқының арасында социалистік бастаулар жүргізу және социализм идеясын тарату міндеті жүктелді [45; 431 б.]. Осымен бірге қазақ бөлімінің ішінде мынандай бөлімшелер құрылды: мәдени ағартушылық, үгіт-насихат, аударма коммисмиясы, азаматтық құқықты құрастырушы коммисия, баспа және ғылыми коммисия бөлімшелері. Мұсылман комисариаты құрылғаннан бастап мұсылман тұрғындары орналасқан жерлердегі кеңестерден ұлттық бөлімдер ашу жүйеленді. Бірақ аталмыш ұлттық бөлімнің қызметіне сенімсіздік танытқан кеңестер оларға көп мүмкіншілік бермей тұқыртып ұстады. Осы кезде мұсылман тұрғындары орналасқан барлық уезд губерниялардан мұсылман комисариаттары құрылды [18; 450-451 бб.]. Дәл осындай комисариат 1918 жылы тамызда Алматыда құрылды. мұсылман секциялары Қызыл Армия бөлімшелерінде де құрылды. Мысалы: 1919 жылы наурызда Түркфронттың саяси бөлімінде мұсылман секциясы ашылды [46; 30 б.]. Олардың негізгі міндеті: кеңес өкіметінің билігін нығайту, еңбекшілердің саяси-мәдени дәрежесін көтеру, ұлттық-буржуазиялық ұранға қарсы күресу, ең бастысы мұсылмандар арасында атеистік идеология тұрғысынан мәдени-ағартушылық және үгіт-насихат жүргізу болды. Жоғарыда айтылған бөлімшелерде жергілікті ұлт өкілдерінен өз халқына өз тілінде үгіт-насихат жүргізіп ғылыми социализм идеясын таратын коммунисттер даярланған. Осы бөлімдер арқылы жас ерекшелігіне жынысына бөлмей артта қалған қалған халықтың мәдени-рухани деңгейін көтереміз деген желеумен халқымыздың атам заманнан бері дамып қалыптасқан ұлттық құндылықтары мен діни наным-сенімдерінің дұрыс-бұрыстығы мәселесінде жиындар талқылаулар өткізіліп, баспаға мақалалар басу ұйымдастырылды. Мақсаты, социализмді жетілдірудің жоспары бойынша коммунистік партияның екінші бағдарламасында өңделген жаңа кеңестік мәдениетті қалыптастыру және тарату. Бұл бағдарлама 1919 жылы болған VIII съезде қабылданды.

Үгіт-насихат жүргізудің әдіс-тәсілдері мұнан кейін конференцияларда кеңінен талқыланып дамытылды. Мысалы, 1921 жылы 11-18 шіледе Орынборда өткен РКП (б) Қазақстан облыстық бірінші конференциясында қабылданған «Дінге қарсы насихат туралы» міндеттемесінде былай деді: «Баяндамашыларды алдын-ала мұқият даярлап алмайынша, дінге қарсы айтыстар және дінге қарсы басқа сөздер әсте өткізілмесін. Сөздердің өзі неғұрлым ғылыми сипатта болып, қалың бұқараның талап-тілегін қанағаттандыратын, діни түсініктердің орнына, оның орнын толтыратын бірсапыра ғылыми мәліметтер берілуі тиіс. Дінге қарсы үгіт пен насихатты шаруашылық саласындағы әртүрлі міндеттермен: электрлендірумен, суару жұмыстарының жүйесімен, егіншілік тәсілдерін жақсартумен және т.б. байланыстыру ерекше қажет, сөйтіп осы арқылы бұл жөнінде тек ол өзіне-өзі ғана көсмектесе алады деген ойды сіңіре беру керек. Діншілдердің реакцияшылдық ролін әшкерелей отырып, мұндай әшкерелеуді поптардың, молдалардың жеке басына шабуыл жасауға айналдырмай, қайта дін басыларын діни ұйым ретінде сынға алу қажет. Дінге қарсы үгіт туралы мәселені жауынгерлік, кезек күттірмейтін міндет ретінде бірінші орынға қоюға әсте болмайды. Коммунисттердің өз арасында да діни ғұрыптарды сақтау (әсіресе ауылдық жерлерде) кездесетінін ескере отырып, совет партия мектептерінде бұл мәселе жөніндегі байыпты дайындыққа көңіл бөлінсін. Қайта тіркеу кезінде дінге қызмет істейтін адамдардың партия қатарына қалмайтын болуына назар аударылсын. Деревнядан және малшылар арасынан шыққан, ревалюциялық күресте өзінің коммунизм ісіне берілгендігін дәлелдеген діндар коммунистер ерекше жағдайда ғана белгілі бір мөлшерде партия қатарына жіберілсін. Бұлар жөнінде олардан әбден лайықты коммунисттер өсіріп шығару үшін ғылыми сипаттағы арнаулы насихат жұмысы жүргізілсін,оларды облыстық және арнаулы совет-партия мектептеріне жіберіп тұру керек.» [41; 1 т. 33 б.]. Бұдан біз коммунистердің идеологиялық күреске өте мұқият даярланғанын көреміз. Себебі таптық күрес және пролетариат диктатурасын орнату идеясын бүкіл қоғамдық ғылым саласына енгізу большевиктердің негізгі міндеті болатын. Бұл өз кезегінде исламтануды идеологияландыру ғылымның методологиялық негізін түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Атап айтсақ, ғылымда қоғамдық дамуды диалектикалық-матералистік тұрғыдан түсіну және оның басты түйінін қоғамдық-экономикалық фармация теориясы деп есептеу орын алды. Кеңестік исламтанушылар мұсылман дінінің пайда болуын және дамуын «маркстік-лениндік теорияда» беру талабында мұсылман дінінің тарихындағы негізгі оқиғаларды таптық күрес кескінінде түсіндіру жүйесіне келтірді. Аталмыш конференцияда нақ қазақ халқының арасындағы үгіт-насихат жұмыстары жөнінде де біраз әдіс-тәсілдер қарастырып, бекітілді. Мәселен, «қырда почта-телеграф байланысының жоқтығы баспасөзді таратуға мейлінше қиындық келтіреді. Сондықтан мұндағы қолайлы мүмкіндіктердің барлығын: селолық жиынды, тойды, қыз ұзату тойына шақырылған қонақтарды және т.б. пайдаланып, газеттерді дауыстап оқып берудің маңызы зор.

Үгітшілердің үйреншікті нәрселері туралы әдеттегі әңгімеден жетекші сұрақтар беру жолымен бірте-бірте саяси тақырыптарға көшу және сұрақ-жауап түрінде ұғынылмай жүрген жайларды түсіндіру, әңгімелесіп тұрған адамдарын оларға жақын қатысы бар жайларды қозғау арқылы жақындатып алғаннан кейін біртіндеп үгіттеп жалпы саяси тақырыптарыға, кеңес құрылысы тақырыптарына көшу, ауылдық Кеңестерден бастап Орталық Атқару Комитетеріне дейінгі Кеңестердің қандай қызмет атқаратыны туралы, олардың өз шаруашылығын шапшаң қалпына келтірудің қажеттігі және басқалар туралы айтып беруге көшу дағдысын меңгергені аса құптарлық» деп қабылданды.

Партияның ОК жанында ғылыми тұрғыда атеизмді насихаттау ісімен дінге қарсы комиссия айналысты. Бұл органның міндеті бұқараға атеистік тәрбие беру, атеистік насихатты жүйелі түрде өткізу және бағыт-бағдар беріп отыру, атеист мамандар даярлау, атеистік тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, атеистік насихаттың әртүрлі формаларын ұйымдастыру, халықтың діншілдігін бақылау, т.б. болды. 1922 жылы қаңтар-қыркүйек айларында болған комиссия мәжілісінде дінге қарсы кітаптар мен брошюралар шығару, дінге қарсы күрес және семинарлар бағдарламасын жасау, атеистік құнды баяндамалар тезистерін, осыған әдебиеттер даярлау қаралып, үгіт-насихат комиссиясының жұмыс бағдары кеңейтілді. 1922 жылы 23 - қазаннан 1929 жылы 4 - қазанға дейін 100-дей отырыс өткізіліпті. Бұл комиссияда В.И.Лениннің серіктері, жауапты органдардың басшылары Ем. Ярословский, А.В.Луначарский, П.А.Красиков, В.Р.Менжинскй, Г.В.Чичерин, И.И.Скворцов-Степанов, В.Д.Бонч-Бруевич сияқты діннен безген әумесер насихатшылар болды.

РКП(б) XII съезінің «Дінге қарсы үгіт-насихат туралы»қаулысында партияның бірден-бір маңызды тапсырмасы дінге қарсы бағытта діннің шығуы мен тарихын көрсетуге арналған ғылыми көпшілік әдебиеттер болды [27; 63-64 бб.].

В.И.Ленин атеистік басылымдарды шығарушы Скворцов- Степановқа «Дін тарихы және барлық дінге қарсы жазуды және атеизм тарихы туралы және буржуазиямен байланысты шіркеулер хақында материалдар жинап басуға» нұсқау берді [26; 54 т. 210 б.].

1922 жылы 1-ақпанда «Атеист» газетінің «Религия - дурман для народа» деген ұранмен 15 мың данасы жарыққа шығарылды. 1928 жылы ОК РКП(б) үгіт-насихат бөлімінің бүкілодақтық үгіт насихат мәжілісінде дінге идеологиялық шабуылды күшейту туралы шаралар талқыланады. 1928 жылы көптеген қалаларда жексенбілік дінге қарсы университеттер ашылып, оның мақсаты дінге қарсы насихат методикасын меңгерген кадрлар даярлау болды. Осының нәтижесінде халықты діннен аластатты, енді жаңаша бағытта атеистік тәрбие беру науқанына көшті.

Сөйтіп, атеистік үгіт-насихат жүргізу атеистік тәрбие беру идеологиялық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Сыңаржақ материалистік көзқарас пен шектеулі, рационалды сана түрінен бас тартуды ұсынып, ғылым мен дінді интегралдық, яғни тұтастанған жаңа сана аясында біріктіру қажеттігін, сол сияқты осы мақсатқа жету үшін шығыс халықтарының мұрасын зерттеу қажеттігін айтып, адамзатты шынайы руханият пен өзара келісімге шақырғаны белгілі. ХХ ғ. атақты тарихшысы әрі философы А.Тойнбидің «Тарих - Құдайдың ісі» деген сөзі тарих пен теологияның өзара түсіністікке келетін уақыты жақын екенін білдіреді. Расында, тарихты кезінде материалистік тұрғыдан жазып келдік. Ендігі жерде рухани тарихымызды танып-білу міндеті қойылса дұрыс болар еді. Халықтың мәдениеті мен руханиятының негізгі діңі - дінді, діни тарихымызды зерттеу төл тарихшылардың алдындағы келелі міндеттердің бірі болып табылады.

Сонда ғана коммунистік құрылыс толығымен орнап, жаңадан дінсіз кеңестік дәстүрлер қалыптасады деп түсіндірілді және халықты осыған шақырды.

Атеистік тәрбие - жеке адамның діни дүниетаным мен діни моральға сыни қатынасын қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс. Атеистік нанымды қалыптастыру жеке адамның қоғамдық пайдалы белсенділігін арттырады және атеистік іс-әрекетке тартуды көзейді [47; 6-7 бб.]. Осындай атеистік тәрбиенің бәрі Маркстің «Дін қаншалықты күйресе, социализм сонда дами түседі. Діннің күйреуінде тәрбие үлкен рөл атқарады» деген қағидасы бойынша жүргізілді [48; 470 б.].

Жастарды атеизмге баулуда, оқушылардың атеистік көзқарасын қалыптастыруда семьяның рөлі ескеріліп, оған назар аударылды:

1) Дінге сенетін немесе дін туралы тұрақты көзқарасы жоқтар арасында тіпті, атеистер арасында да насихат жұмыстарын жүргізу;

2) Ата-аналарды тек ғылыми атеизм негіздерімен ғана емес, отбасында балаларға атеистік тәрбие берудің әдіс-тәсілдерімен де қаруландыру;

3) Бұқара арасында ғылыми атеистік насихат жүргізудің негізгі орталығы - мектеп. Сондықтан дінге қарсы насихатты мектеп арқылы ғана пәрменді де жүйелі жүргізу;

4) Ғылыми атеистік насихаттың негізгі бағыты - жұртшылықты дінге қарсы жаппай сауаттандыру, дінге сенетін ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу, балаларға атеистік тәрбие беру ісінде, семьяның, жұртшылықтың көмегіне сүйену т.б. ескерілді [49; 111 б.].

Жастарға атеистік тәрбие бере білу мұғалімдердің методикалық шеберлігі ретінде бағаланды. Жастарға атеистік тәрбие беру ісі - екі жақты процесс болды:

1. Жекелеген жастар санасын соқыр сенімнен тазарту;

2. Оларды ғылыми материалистік, атеистік және коммунистік рухта тәрбиелеу міндеттері қойылды [50; 32 б.]. Кеңестік мектептерде атеистік тәрбие беру мынандай педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйену негізінде жүргізілді:

1.Коммунистік тәрбие пролетарлық атеизм туралы марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері;

2. КПСС съездерінің шешімдері мен қаулы-қарарлары, КПСС программасы, ВЛКСМ ОК мен Қазақстан туралы және дінге қарсы жұмыстар туралы документтер;

3. Оқушылардың атеистік көзқарасын қалыптастыру жөніндегі Кеңес мектебінің тәжірибесін баяндайтын педагогикалық және методикалық әдебиеттер, мектептегі атеистік тәрбие мәселесіне арналған еңбектер...

Осындай ондаған атеистік тәрбие жөніндегі методикалық құралдардың көлемі атеистік насихаттың қаншалықты ауқымда жүргізілгенін байқатады. Нәтижесі із-түзсіз кеткен жоқ. Социалогиялық зерттеулер мәліметіне сүйенсек, анкетаға қатысқан 14-30 жас аралығындағы 30 мың жастың 97-98%-і өздерін атеиспін деп санаған [51; 6 б.].

Атеистік насихат барысы орталықтағыдай Қазақстанда да іске асты. Халық мұсылман дінінен безіп, рухани құндылықтарын жоғалтып алды. Қазақстанда дінге сенбейтін атеист насихатшылар шоғыры қалыптасты.

Қазан төңкерісінен кейін идеялық-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу барысында дін және діни мәселелерге ғылыми сын тұрғысынын қарау керек деген желеумен халықты большевиктер өзіне тартуға тырысты. Халықты дінді жоққа шығарушылыққа, оған қарсы күресуге шақыра отырып жаңа дүниетаным-атеизмді жаппай тарату үшін әкімшілік-партиялық, идеологиялық, ғылыми тұрғыда дәлелдеу т.б. әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Алғашқы кезекте дінге қарсы жұмыстар халықтың санасына әсер ету бағытында әңгімелер, әдебиеттер шығару, жиналыс өткізу, диспуттар түрінде, атеистік мазмұндағы газет-журналдар, мақалаларды көптеп шығару, ғылыми-көпшілік брошюраларды кеңінен жаю әрекеттері үлкен нәтижелер беріп отырды. Идеялық-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу барысында дін және діни мәселелерге ғылыми сын тұрғысынын қарау керек деген желеумен халықты большевиктер өзіне тартуға тырысты. Халықты дінді жоққа шығарушылыққа, оған қарсы күресуге шақыра отырып жаңа дүниетаным-атеизмді жаппай тарату үшін әкімшілік-партиялық, идеологиялық, ғылыми тұрғыда дәлелдеу т.б. әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Алғашқы кезекте дінге қарсы жұмыстар халықтың санасына әсер ету бағытында әңгімелер, әдебиеттер шығару, жиналыс өткізу, диспуттар түрінде, атеистік мазмұндағы газет-журналдар, мақалаларды көптеп шығару, ғылыми-көпшілік брошюраларды кеңінен жаю әрекеттері үлкен нәтижелер беріп отырды.

Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің дінге, шіркеуге сенушілерге теріс қатынасы төңкеріс пен азамат соғысы жылдарында дін мен сенушілердің халыққа қарсы контрреволюцияда болды деген айыптаумен түсіндірілді. Осылай партияның тікелей нұсқауымен Кеңес билігінің алғашқы жылдарында атеистік қозғалыстар ерікті атеистік бірлестіктер құрылып іске кірісуімен басталды. 1923 жылы Москва қаласы мен облысындағы атеистерді біріктірген «Құдайсыздар қоғамы» құрылды. Осыдан РКФСР-да, басқа да жерлерде, Украинада көптеген қоғамдар құрыла бастады. Сөйтіп жан-жақты бағытта бұқаралық атеизмнің дамуының бастапқы кезеңі атеистік мерзімді басылымдардың жаппай шығарылуымен сипатталады. 1920 жылы Главполитпросвет басшылығымен дінге қарсы насихат жұмыстары қолға алынды. Алғаш рет Юстиция Наркоматының 8-ші бөлімінде 1919-1924 жылдары П.А. Красиковтың редакторлығымен «Революция и церковь» басылымын шығарып тұрды [59; 67 б.].

Бұл журналдың басты міндеті кеңестік биліктің «Мемлекеттен шіркеуді бөлу» туралы декретін қоғамдық өмірге енгізуге көмекші орган қызметін атқару болатын. 1922 жылы желтоқсаннан бастап атеистік қозғалыстарға дем берген «Безбожник» журналы, одан кейін Мәскеуде құдайсыздар одағы құрылып, оның төрағасы Е. Ярославский болды. Газет өз айналасына дінге қарсы белсенділерді топтастырып, ауыл-қала халқына атеистік бағытта білім беруді мақсат етті. 1924 жылдан бастап қоғам мен оның органы бүкіл жергілікті атеистік бірлестіктердің орталығына айналып, бүкілодақтық еңбекшілердің дінге қарсы бұқаралық бірлігі болды. 1925 жылы бұл бірлестік «Құдайсыздар одағы» ал 1929 жылдан бастап жауыққан «Құдайсыздар одағы» (союз войнствуюших безбожников (СВБ)) болып аталады. ЖҚҚ белсенді қызметі нәтижесінде КСРО-да бұқаралық атеизм дамуының қозғаушы күшіне айналды. 1929 жылдың ортасында «Жауынгер Құдайсыздар одағы (ЖҚО)» II сьезде дінге қарсы қозғалыстың жаңа ұранын қабылдады. «Дінмен күрес - социализм үшін күрес» деп, діни бірлестіктер мен дінге сенуші азаматтардың құқығына ашық шабуылға шықты [60; 42 б.].

Сонымен, атеистік жұмыстың мынадай түрлері және атеистік насихаттың төмендегідей әдіс-тәсілдері бар: 1.Түрлері: а) әңгімелесу; ә) лекция оқу; б) ғылыми атеистік кештер немесе сұрақ-жауап беру кештері (дінге қарсы бағытта); в) бұрынғы дінге сенушілермен әңгімелесу; г) Атеистік басылымдарға байланысты тұрақты түрде оқырман конференцияларын өткізу; д) ғылыми атеистік көрмелер ұйымдастыру; е) Экскурсиялар; ж) кинолекторийлер көрсету;

Дінді жеңу үшін, ғылыми материалистік дүниетанымды қалыптастыру және діни салт-дәстүрлерді жаңа кеңестік ресми салт-дәстүрлермен алмастыруға тырысты. Өнеркәсіптің өсуі, қала халық санының артуы, урбанизация процесі Сапрыкиннің тұжырымдауынша, ғылыми атеистік дүниетанымды қалыптасыруда үлкен рөл атқарады екен [52; 176 б.]. Дінді жоққа шығарудан діни сарқыншақтарды жоюға бағытталган атеистік насихат шынында да ғылыми дәйекті түрде марксизм ілімі негізінде жүзеге асып отырды. Марксизмнің ақикаттығын дәлелдеу үшін адамдардың ішкі дүниесіне қысым жасалды. Осы мақсатта ресми атеистік насихат кеңінен қолданылды [53; 13-15 бб.].

К. Маркстің «Дін қаншалықты күйресе, социализм сонда дамиды. Діннің күйреуінде маңызды орынды тәрбие алуға тиіс деген қағидасына сәйкес жан-жақты түрде жүргізілген атеистік насихат толығымен іске асты. Кеңестік зерттеушілердің бәрінің жазатынындай, социалистік құрылыс процесінде, социализм мен капитализмнің идеологиялық күресінде атеистік тәрбие аса маңызды бөлік саналды [54; 160 б.].

Ғылыми атеистік әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану барысында кеңес халқы діннен толықтай бас тартып, жаңа адам және дамыған социализм орнады деп жарияланды. Атеистік насихаттарды жүргізу ғылыми тұрғыда делінгенімен, астарында Кеңес өкіметінің дінге қарсы саясаты жатты. Атеистік саясат ғылыми жетістіктермен шебер байланыстырылып, халық арасында насихатталды. Дінге қарсы күрес ғылыми болу керек - деген лениндік принцип іс жүзінде артығымен орындалды. Ал, Дінді жоққа шығарудан діни сарқыншақтарды жоюға бағытталган атеистік насихат шынында да ғылыми дәйекті түрде марксизм ілімі негізінде жүзеге асып отырды. Марксизмнің ақикаттығын дәлелдеу үшін адамдардың ішкі дүниесіне қысым жасалды. Осы мақсатта ресми атеистік насихат кеңінен қолданылды. КСРО-ның 70 жыл бойғы тарихында жүргізілген атеистік саясаттың зардаптары өте зор болды.

Жалпы, тоталитарлық кеңестік жүйенің өзіндік ерекшеліктері, әсіресе, пролетариаттың мүддесінен келіп туындайтын екі басты сипатты белгісі: таптық теория мен материалистік тұрғыда дінді жоққа шығару, яғни атеизм болғаны белгілі. Социалистік құрылысты орнықтыру үшін осы екі негізгі мәселені шешу керек болды. Ал марксизм-ленинизм атеизмді мемлекеттік дәрежеде саясатқа айналдырута байланысты, діни қатынастар мен нанымдар кеңес мемлекетінің идеологиялық негіздеріне қарама-қайшы келді. Марксизм негізіндегі атеизмге идеологиялық сипат берген большевиктер социализм құрылысының басты кедергісі - дін деп есептеп, оған қарсы шықты. Осы жерде айту керек, ХІХ ғасырдың ортасында ортағасырлық теологияны сынайтын марксизм негізінен ғылыми-сыни бағыт болса, кеңестік кезенде марксизм-атеизмге идеологиялық үстемдік беріліп, дінге қарсы күресте құралға айналдырылған болатын.