Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / большевизм.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
382.46 Кб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, қорыта келгенде, Кеңес өкіметінің Қазақстандағы мұсылман дініне қарсы жүргізген саясатының өзіндік ерекшеліктер мен заңдылықтары бар. Кеңес өкіметінің құрамды бөлігі ретінде кеңестік Қазақстанда да орталықтағыдай іс жүзіне асырылғанынына толық көз жеткіздік.

Жалпы, тоталитарлық кеңестік жүйенің өзіндік ерекшеліктері, әсіресе, пролетариаттың мүддесінен келіп туындайтын 2 басты сипатты белгісі: таптық теория мен материалистік тұрғыда дінді жоққа шығару, яғни атеизм болғаны белгілі. Социалистік құрылысты орнықтыру үшін осы 2 негізгі мәселені шешу керек болды. Ал марксизм-ленинизм атеизмді мемлекеттік дәрежеде саясатқа айналдырута байланысты, діни қатынастар мен нанымдар кеңес мемлекетінің идеологиялық негіздеріне қарама-қайшы келді. Марксизм негізіндегі атеизмге идеологиялық сипат берген большевиктер социализм құрылысының басты кедергісі - дін деп есептеп, оған қарсы шықты. Осы жерде айту керек, ХІХ ғасырдың ортасында ортағасырлық теологияны сынайтын марксизм негізінен ғылыми-сыни бағыт болса, кеңестік кезенде марксизм-атеизмге идеологиялық үстемдік беріліп, дінге қарсы күресте құралға айналдырылған болатын. Дінді жеңу үшін, ғылыми материалистік дүниетанымды қалыптастыру және діни салт-дәстүрлерді жаңа кеңестік ресми салт-дәстүрлермен алмастыруға тырысты. Дінді жоққа шығарудан діни сарқыншақтарды жоюға бағытталган атеистік насихат шынында да ғылыми дәйекті түрде марксизм ілімі негізінде жүзеге асып отырды. Марксизмнің ақиқаттығын дәлелдеу үшін адамдардың ішкі дүниесіне қысым жасалды. Осы мақсатта ресми атеистік насихат кеңінен қолданылды. Дінді жоққа шығарудан діни сарқыншақтарды жоюға бағытталган атеистік насихат шынында да ғылыми дәйекті түрде марксизм ілімі негізінде жүзеге асып отырды. КСРО-ның 70 жыл бойғы тарихында жүргізілген атеистік саясаттың зардаптары өте зор болды.

Кеңес өкіметінің дінге қарсы саясатының теориялық негізін қарастыруды қорыта келе былай тұжырымдауға болады: бұрынғы Ресей Импеиясы құлап онда болшевиктер билігі орнағаннан бастап осы территориядағы діннің трагедиялық тағдыры басталады. Бұл трагедияны жақсы ашып көрсеткен зерттеушілердің бірі Николай Бердяев өз еңбегінде: «коммунизмнің дінге деген жаулық қатнасы кездейсоқтықтан туған жоқ, ол коммунисттік дүниетанымының негізіне жатады. Коммунистік құрылыс саналы индивитке сай мәдениеттің ең соңғы сатысы. Онда мемлекет тоталитарлық, абсолюттік билікте болады. Ол ойдың еркінен тыс бірлігін талап етеді. Коммунизм барлық өмірді қамтиды. Ол қандайда бір әлеуметтік ортаға қатысты емес. Сондықтан оның басқа діни сенімдермен қақтығысы заңды нәрсе» [35; 211 б.]. Бұл ойды Лениншілердің өзі де ашық жазады. Мәселен: «Коммунизм – деп жазды А.В.Луначарский, - діннің өте қатал жауы, ол дінді ең соңында жойып көмеді, сонда ғана коммунизмге жарқын, бақытты тұрмысын қалыптастыруға мүмкіншілік туады» [36; 287 б.].

Бүгінгі таңда біз жоғарыдағы аталған кезеңдегі Қазақстандағы ислам дініне қатысты партиялық өкіметтің саясатын өткен онжылдықтардағы белгілі тарихи тәжірибенің есебінде қарастыра отырып, қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамдағы заңды түсінік пен гуманизмдегі тұлғалық еркіндік пен азаматтық құқықтың сақталуымен салыстырғанан кейін КСРО қоғамында ешқандай адамгершілік заңдылықтарына бағынбайтын, әділетсіздік пен бейберекеттік орнады деген қорытындыға келеміз. Кеңес өкіметінің дінге қатысты саясатымен жақынырақ таныса келе оның ымыраға келмеушілігі мен зорлықшылығының жоғарыда баяндаған бірнеше себебін білуге болады.

Діннің мемлекеттен бөлінгендігін мәлімдей отырып ХКК дінбасылар мен сдінге сенушілердің құқына ешқандай заңды қысым жасалмайтынын және мемлекеттің дін ісіне араласпайтындығын мәлімдеді. Бірақ, бұл мәлімдемелердің барлығы уақыт өте келе тек қағаз жүзінде ғана қалды, ал іс жүзінде саясат діни наным сенімдерді қоғамнан аластап, түп-тамырымен жою бағытында жүргізілді.

Кеңес өкіметінің мұсылман дініне қарсы жүргізген саясаты қазақ халқының рухани құндылығына, салт-дәстүріне, жалпы мәдениетіне қарсы бағытталды. Бұл әрекет орыстандыру саясатының бір бөлігі болып табылады. Кеңестік тоталитарлық режим тұсында саяси іс-әрекеті үшін ғана емес, жай дінге сенушілігі үшін де азаматтардың ұждан бостандығына құқықтық- әкімшілік тұрғыдан қысымына ұшыраған мындаған тағдырларды тарих таразысына салатын кез әлдеқашан жетті деп ойлаймын.

1918 жылы 23 қаңтардағы "Шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы" декрет іс жүзінде ождан бостандығын қамтамасыз етпеді, керісінше, мемлекеттік атеизмге жол ашып берді. Қазан төңкерісі қоғамға, саяси құрылысқа ғана емес, сонымен бірге, халықтың рухани санасына түпкілікті төңкеріс жасады десек те болады. Осы кезден бастап идеологияландырылған атеизм халық санасына күштеп және үгіт-насихаттық тәсілдермен сіңіріле бастады. Қоғамды діннен азат ету, адам санасындағы діни сенімді жою, яғни секуляризациялау кеңес өкіметінің басты идеологиялық бағыт-бағдарына айналды.

Айта кету керек, 30 жылдары Саяси қуғын-сүргін құрбандарымен қоса, тек діни сенімі үшін де жазықсыз қудаланған мындаған тағдырлар тарихымыздың "ақтаңдағы" болып отырғанын еске алуымыз керек қой деп ойлаймыз.

КСРО-ның, соның ішінде кеңестік Қазақстандағы діни жағдай туралы мынаны айтуға болады.Шіркеудің мемлекетпен бірігетіні сияқты атеизм де халықтың еркінен тыс мемлекетпен біріктірілді. Сөйтіп, атеизм жоғары рухани құндылық ретінде бағаланды.

Коммунистік партия мұсылман дініне қатысты қатаң саясат ұстанды, сол себепті де барлық жағынан шектелген "коммунистік ислам" көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің ауыр зардаптарының біріне атеистік саясат нәтижесінде халықтың рухани-идеологиялық тұрғыда атеистендірілуі жатады. Соның салдары бүгінгі діни ахуалдан анық байқалады. Дінінен ажырап қалған посткеңестік аймақтарда әртүрлі бейресми және дәстүрлі емес діни секталар мен миссионерлік топтардың белсенді әрекеті көрінеді. Сондықтан мұндай сыртқы діни факторларға дәстүрлі руханияты және діні берік ел ғана оған тосқауыл қоя алады деп ойлаймыз. Мәселенің бүгінмен байланысы да осында жатса керек.

Сонымен, ойымызды түйіндеп айтсақ, ХХ ғ. басында социализмді дін деп халыққа күштеп таңған большевиктер, шынында, жұртты ғасырлық дәстүрінен, руханияты мен дінінен аулақ етті. Діни сенімді коммунистік идеологиямен алмастыруға тырысты. Соған қарамастан, қазақ халқы рухани құндылықтарын, төлтума мәдениеті мен дінін, ділін берік сақтап қалды. Дініне берік, тарихымен қуатты халықтың іргесі кең, тұғыры биік болмақ. Сондықтан да, тарих ғылымының "кеңестану" саласында осы мәселені зерттеудің маңызы зор.

Кеңес мемлекетінің атеистік саясатының рухани-идеологиялық салдары бүгін де Қазақстанның діни ахуалы жағдайында күрделі мәселе болып табылғанын ескеру қажет. Өйткені, Кеңес өкіметінің 70 жылғы билігі кезінде қоғамдық санаға маркстік-лениндік концепцияға негізделген коммунистік идеология сіңіп қалған болатын. КСРО құлағаннан кейінгі тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық санасында вакум пайда болды. Бұл вакумға қай мәдениеттің идеологиясы орнаса қазақ халқы сол мәдениеттің өкілі болары анық. Ондай жағдайда (құдай оныңбетін ары қылсын) көшпенділер өркениетінің өкілі қазақ халқының сан ғасырлық тарихының құндылықтары жоғарғы дәрежеде бағаланбайды. Демек, большевиктер өз саясатын жүзеге асыру барысында қазақ халқының қандай құндылықтарын жоюға тырысқандығын әліде болса терең зеріттеп қайта қалпына келтіру қазақ хылқының болашағы ушін өте маңызды. Кейбіреулерге: «қазіргі техникалық жаһандану заманында өткен тарихтағы ескірген тұрмыстық мәдениетті қайта қопарып қажеті не?» - деген ой келуі мүмкін. Сан ғасырлық тәжірибесі бар мәдениет әлемдік тіршілік сахнасындағы бәсекелестікте халықтың зіндік ерекшеліктерін сақтау қабілетін күшейтеді. Оның үстіне қазір әлемдік ғалымдар ХХІ ғасыр мәдениеттер күресінің ғасыры болады деген болжам жасауда. Кез-келген мәдениеттің негізінде дін жатқаны анық. Тарихи тәжірибеге жүгінетін болсақ, мәдениеттің тоқырауы діннің тоқырауымен бірдей жүретінін көруге болады. Демек қай мәдениет өз құндылықтарын сақтап қалса, сол мәдениеттің өкілдері әлемдік үстемдікке таласады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

1. Н.Назарбаев. Тарих толқынында.А.Атамұра. 1999. 202 бет.

2. Марешаль Ш.Л. Избранные произведения. М.Госполитиздат. 1955. 800стр. Канэтти.Э. Масса и власть. М.Маргинем. 1997, 528 стр;

3. Кураев.А. Православие и право. Церковь в светском государстве. М, Из Сретенского монастыра. 1997, 64 стр; Мчедлов М.П. Политика и религия. М, 1987; ПолонскаяЛ.Р. Религия в формировании современного политического мышления.// Мусульманские страны. Религия и политика.(70-80-еоды.) М,Наука, 1991, 183стр; Салыгин.Е.П. Теократическое государство. М, 1999. 128 стр; Эзрин.Г.И. Государство и религия. Религиозные организации и политическая структура общества. М, 1974; Яблоков.И.Н. Религия: сущность явления. М, 3нание, 1982, 64стр; Шехтерман.Е.И. Религия и политика. А-А, 1970, 43 стр.

4. Ярославский.Е.М. Как вести антирелиозную пропаганду. М, 1925. Климович Л. Социалистическое строительство на Вастоке и религия. М.-Л., 1929; Дитякин В. Ислам и современность. М., 1931; Николаев Б.Н. Ислам игосударство. М., 1931; Толстов С.П. очерки первоначального ислама.// Советская этнография. 1932, №2; Василевский К. Ислам на службе контрревалюции. М., 1930; Олещук Ф.О. О реакционной роли мусулманского духовенства. А., 1937;

5. Голошекин Ф.И. Партийнное сроительство в Казахстане. М.-А., 1930; Соныке. Казахстан на путях социалистического переустройство. Сб. Статей и речей. М.-А., 1931; Джангильдин А.Т. К двадцатипятилетию партии. Сб. Док. и мат. А., 1961, с. 174-178; Курамысов И. Парторганизация Казахстана за 5 лет. 1930;

6. Декреты Советской власти. М., 1957, т.1.; Коммунистическая партия и Советское правительство о религии и церкви. М., 1961; Социалистическое Строительство в Казахстане в Восстановительный период (1921-1925 гг.) Сб. док. и мат. А., 1962; Культурное стройтельсво в Казахстане 1918-1932 гг. Сб. док. и мат. А., 1965. т.1; О религии и церкви: сб. док. М., 1965;

7. Елеуов Т. Установление и упрочнение Советской власти в Казахстане. А., 1961; Нурпеисов К.Н. Советы Казахстана в Борьбе за упрочнение власти рабочиз и крестьян. А., 1968; Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов. А., 1967;

8. Персиц И.М. Отделение церкви от государства и школы от церкви в СССР. М., 1956; Плаксин Р.Ю. Крах церковной контрреволюции. 1917-1923 гг. М., 1968; Зайцев Г.Н. Религиозный вопрос в программе и тактике КПСС. М., 1963; Макаров И.Ф. Отношение Коммунистической партии и Советского государства к религии и церкви. Ленинград, 1967;

9. Евдокимов В.И. Научная организация атеистического воспитания. М., 1968; Колесов Г.И: Социалистический коллектив и атеистическое воспитание. М., 1967; Воронцов Г.В. Ленинская праграмма атеистического воспитание в действии (1917-1937 гг.) Ленинград, 1973; Вагабов М.В. Ислам ивопросы атеистического воспитания. М., 1984; Тоқбергенов.А. Жастарға ғылыми-атеистік тәрбие беру. А, Мектеп, 1987;

10. Барменко А.И. Свабода совести в СССР. М., 1973; Луначарский.А.В. Об атеизме и религии. М, 1972. Клочков В.В. Религия, государство, право. М., 1978; Соныке. Закон ирелигия. М., 1982; Бражник.И.И. Право, религия, атеизм. Киев. 1983; Колесник.Н.А. Социалистическая свобода совести. 1983; Круглов.А.А. Свобода совести. Минск, 1986; Сегизбаев О.А. Народное самосознание и религия. А., 1984; Тимофеев.В.Д. Марксистко-ленинское учение о свободе совести. М,1983; Савельев.В.Н. Свободе совести: история и теория. М, Высшая школа. 1991;

11. Розенбаум.Ю.А. Советское государство и церковь. М, Наука, 1985. Воронцов.Г.В. Массовой атеизм: становлсние и развитие. Лениздат, 1983.

Персиц И.М. Особенности процесса секулиризации в республиках Советского Вастока. М., 1983;Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной ревалюции и их осуществление в Казахстане. А., 1972; Куроедов.В.А. Религия и церковь в советском обществе. М, 1981;

12. Амантурлин Ш.Б. Пред рассудки и суеверия, их преодоления. А., 1985; Акназаров Х.З. Проникновеғние ислама в Казахстан, его эвалюция и пути преодоления. А., 1973; Шулембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. А., 1975; Шулембаев К.Ш. Образ жизни. Религия Атеизм.А., 1983; Сегизбаев О.А. Традиции свободомыслия и атеизм в духовной культуре казахского народа. А., 1973;

13. Осипов В.П. Полномочный орган ЦК РКП(б) в Казахстане. А., 1979; Григорьев В.К., Джагфаров Н.Р., Осипов В.П. Идеино-политическая работа партиных организации Казахстана (1917-1925) А., 1989; Григорьев В.К. Противостаяние. Большевики и непролетарские партии в Казахстане. А., 1989;

14.Бейсембиев К.Б. Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казахстана. А., 1976; Соныке. Победа марксистко-ленинской идеологии в Казахстане. А., 1970; елькеев Б. Из истории идейно-политической борьбы в Казахстане в период установления Советской власти. Ташкент, 1974;

15.Алексеев В.А. Иллюзии и догмы. М., 1991; Бабинов Ю.Я. Государственно-церковные отношения в СССР: история исовременность. Симферополь, 1991; Балтанова Г.Р. Ислам в СССР: анализ зарубежных концепций. Казань, 1991; осипов В.П. Всматриваясь в 20-30 годы. А., 1991; Фурман Д.Е. Религия, атеизм, пепестройка./ На пути свободе совести. М., 1989;

16.Лупарев Г.П. Отделения церкви от государства: советские и постсоветские религии.// Мысль. 1995,№11; Султангалиева А. Ислам в Казахстане.// Восток. 1994, №3; Абусеито К., Лаумулин М. Казахи и ислам. // Азия. 1993, №3; Михайлов в. Большевистский штурм религии. // азия. 1993, №41;

17. Маркс.К, Энгельс. Ф, Ленин.В.И. О религии. 2-е изд. М, 1983; В.И.Ленин. Об атеизме. Религии и церкви. Сборник произведений, писем и других материалов. М, 1980; Полное собрание сочинений. В 55-х т. м, 1958; В.И.Ленин. Социализм и религия.- Полн собр соч. том12;Об отношении рабочей партии к религии.Том 17; Государство и религия.том 23; Духовенство и политика. Том 22; К.Маркс и Ф.Энгеьлс О религии. М, Политиздат, 1955.

18. Декреты Советкой власти. 2-хт.М, 1957. Том 1.

19. КПСС в резолюциях и решениях съездов, пленумов ЦК. М, 1970, 1972. 6-томах.

20. Материалы Пленума ЦК КПСС. 14-15июня. 1983; Материалы ХХУПсъезда КПСС. М, 1986.

21. ҚР ОМА. 5, 81, 789, 1711 қорлар;

22. Советское правительство о религии и церкви. М, Госполитиздат, 1959.

23. Преодолевая религиозное влияние ислама. Сб док-в и материалов.(Из опыта Компартии Каз-на) 1917 г. начало 1930г. А-А, 1990.

24. Атеистический словарь. М,Политиздат, 1985, стр32-34.

25. К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалар. 3-том. 632 бет.

26. Ленин.В.И. Сочинение. том 10, стр 71-72.

27. О религии и церкви. Сб. М., 1981, стр. 24.

28. Шварцман К.А. Теоретические проблемы этики. М., 1969, стр. 22-23.

29. Костенко Н.А. Атеизм и нровственность. М., 1982, стр. 82-83.

30. Троцкий Л.Д. К истории Русской революции. М., 1990, стр. 192.

31. Об ошибках среди трудящихся в научно-атеистической пропаганде.// Правда. Юноября 1954г.

32. Баскин.М.П Материализм және дін. А, Қазмембас, 1956, 48-54 бб.

33. Ақназаров.Х.З. Ғылыми атеизм негіздері. (ЖОО-ға студенттеріне арналған оқу құралы). А, Мектеп, 1968, 6-бет.

34. Блақбаев.З. Дін және мораль. А, Қазақстан, 1973, 78-бет.

35. Бердяев Н.А. Истоки и смысл Руского коммунизма. М., 1990, стр. 211.

36. Луначарский А.В. Почему нельзя верит в бога. М., 1965, стр. 287.

37. Лауренайтис.Ф.К. По поводу даты и названия ленинского декрета о свободе совести. //Вопросы истории КПСС. 1983. №4, стр 73-76.

38. Коммунистическая партия и советское правительство о религии и церкви. М, Политиздат, 1959, стр 59.

39. Материалы XXIV Съезда КПСС. М, 1972, стр 215-216.

40. Из обрашения СНК РКФСР ко всем трудящимся мусульманам России и Востока. Декреты Советской власти. М, том 1, 1957, стр 273.

41. Коммунистическая партия Советского Союза в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК (1898-1986). М, 1917-1922 гг. 1983, том 2.стр 237.

42. Преодолевая религиозного влияния ислама. Сб док-в. А-А, 1990. 89-97.

43. Исқақов.М, Нұрмағамбетов.К. Атеистке көмекші. А, Қазақстан, 1970, 200бет Воронцов.Г.В. Массовый атеизм: становления и развитие Лениздат, 1983, стр68..

44. Воронцов.Г.В. Массовый атеизм: становления и развитие Лениздат, 1983, стр68.

45. Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А, 1961, 431 бет

46. Есимов К.А. Культурные стройтельства в Казахстане в первые годы Советской власти. А, 1974, 30 бет

47. Данильченко.Р.Н. Атеистическое воспитание-важнейший фактор утверждения коммунистической морали. М, Знание, 1987, стр 6-7.

48. Маркс.К и Энгельс.Ф. Об атеизме, религии и церкви. М, 1971, стр 470,

49. Тоқбергенов.А. Жастарға ғылыми-атеистік тәбие беру. А, Мектеп, 1987. 111 бет.

50. Нұрмағамбетов.К. Жастар және ислам. А,Қазақстан, 1976, 32 бет

51. Молодежь и атеизм. М, 1971. Стр 6.

52. Сапрыкин.В.А. Урбанизация.Атеизм.Религия. А-А,

Казахстан, 1981, стр176

53. Васильев.Л.С.История религий Востока. Унив-т Книжный дом.М, 1998, стр 13-15.

54. Шехтерман.Е.И. Человек, религия, атеизм. Изд Казахстан, А-А, 1975, стр 160

55. История Русской православной церкви (1917-1990). Учебник для православных духовных семинарий. М, Хроника, 1994, стр 46.

56. Төлендиева.М. Дінге қарсы қарбалас саясат. //Заң журналы. 1999, №1, 56-бет.

57. Витторио Мессори Черные страницы церкви. Г. Караганда. 1998, 62 б.

58. Ермаков.Е, Микульский.Д. Ислам в России и Средней Азии. М, Фонд

59. Коновалов.К. К массовому атеизму. М, Наука, 1974, стр 67.

60. Бабинов.Ю.А. Государственно-церковные отношения в СССР: история и современность. СимферопольТаврия, 1991,стр 42.

61. Атеизм и религия: вопросы и ответы. (Алексеев.В.А, Алимов.Р.К, Барашенков.В.С и др.) М, Политиздат, 1988, стр 91.

62. Воинствующее безбожие в СССР за 15 лет. М, 1932, стр 392.

63. О научном атеизме и атеистическое воспитании. Справочник для партийного актива и организаторов атеистической работы. Изд политические литературы. М, 1974, стр 103.

64. Большевик. 1937. №4, стр 32.

65. Мень.А. Религия, культ личности и секулярное государство.(3аметки историка религии.) //На пути к свободе совести.(Сост и общ ред Фурмана Д.Е и о Марка(Смирнова)) М, Прогресс. 1989, стр 104.

66. Ленин.В.И. Письмо к Молотова для членов Политбюро ЦК РКП(б) 19 марта. 1922 года.//Известия ЦК КПСС. 1990, №4, стр 192.

67. Окулов.А.Ф. Ленинское атеистическое наследие и современность. Изд полит лит- ры. М,1986, стр 71.

68. Глазами социолога. //Наука и религия. 1981, №10. Стр 31.

69. Дорженов.С.Б. Ислам жэне қазіргі кезең .А,Қазақстан, 1985, 15 бет.

70. Барменков.А.И. Свобода совести в СССР. М, 1970, стр 179.

71. Харчев.К. Гарантии свободы.// Наука и религия. 1987, №2, стр 22-23.

72. Наука и религия 1987. №8, стр 19.

73. Кривец.Е.А. Ислам в Центральной Азии.М, Леном, 1999, стр 105-107.

74. Андрианов.И.П. Атеизм в развитом социалистическом обществе. Лениздат, 1980, стр 8.

75. Григорьян.М.М. Курс лекций по истории атеизма. М, Мысль, 1974, стр 304.

76. Ислам в Евразии. М.В. Иордан и др. М, Прогресс-Традиция. 2001, стр 165-166.

77. Ахмедов.А. Ислам в современной идейно-политической борьбе. М, Политиздат. 1985, стр 197.

78. Вещников.А. Путь к атеизму. М, 1965, стр 58.

79. Шахнович.М.И. Ленин и проблемы атеизма. М-Л, 1926, стр 608.

80. Одинцов.М.И. Государство и церковь в России XX век. М, Луч, 1994, стр 123.

81. Султангалиева.Г.К. Ислам в Казахстане: история, этничность и общество. Стратегический исслед. Инст-т при Президента РК А, 1998, стр 55.

82. Арабаджян.А.З. Истоки духовности: религия и атеизм. М, Наука, 1993, стр 25-30.

83. Нұртазина.Н. Қазақ мәдениеті және Ислам.(тарихи-мәдениеттанулык зерттеу.) А, 2002, 180-181 бб.

84. Назарбаев.Н Сындарлы он жыл. А, Атамұра, 2003, 88-89 беттер.

63