Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелгі Вавилон.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
72.7 Кб
Скачать

4. Касситтердің басып кіруі.

Хаммурапидің мұрагері тұсында Вавилонның орталық өкіметі тағы да әлсірейді. Оның оңтүстік облыстары бөлініп, солтүстік-батыс жағынан Кіші Азияның хеттер мен касситтер деген халықтары басып кіреді.

Б.з.д. 1595 жыл шамасында Вавилонды тонап кеткен хеттердің шабуылы тек қатты соққы ғана болса, ал касситтер болса біртіндеп енді де, нық орын тепті. II мың жылдықтың ортасында Вавилонда касситтер династиясы (б.з.д. 1518-1204 жылдарда) орнады.

Жаулаушылар алдің жергілікті жауынгерлерін ығыстырып, әскери шонжарлардың үстемдік етуші жіктерін құрды. Жоғары егігшілік мәдениеті бар елді жауынгер таулықтардың басып алып, үстемдік етуі белгілі бір регреспен байланысты болды. Осылайша белгілі бір дәрижедегі селолық қауым қайта туды. Сонымен қатар бұрын белгісіздеу болған жылқы мен қашырды (соғыс ісіне де, транспорт ретінде жегу үшін де) пайдалану басталды. Егіншілік техникасы жетілдірді (плуг-сеялка пайда болды). Египетпен тұрақты байланыс орнайды (енді үздіксіз, және тікелей).

Сонымен аз уақыт кідірістен кейін ел қайтадан өресі кеңіп, даму жолына түсті.

Жаңа Вавилон (Халдей) патшалығы

1. Халдей Вавилонының өрлеуі.

Ассирия державасы талқандалғаннан кейін Таяу Шығыста біраз уақытқа дейін күштердің тепе-теңдігі сақталып тұрды. Мидия мен Вавилон Ассирияның жырлерін келісе отырып, бөлісті және Вавилонға тек Төменгі Месопотамия тұтасымен тиіп қоймай, Жоғарғы Месопотамияның Евфраттың орта ағысындағы бөлігі де тиді. Осының арқасында Вавилонға Сирия арқылы Жерорта теңізі жағалауына жол ашылды. Вавилон Кіші Азияға көз алартқан жоқ және осы түбектегі үстемдік құрушы екі мемлекетпен:Лидия (батысында) және Киликиямен (оңтүстігінде) достық қарым-қатынаста болды.

Осылайша, Вавилонияның шығыс, солтүстік және солтүстік батыс шекараларында тыныштық сақталып тұрды да, басып алу соғыстары батыс және оңтүстік батыс бағыттарында жүргізілді.

Вавилон Халдей династиясының басқарумен экономикалық және мәдени гүлдену дәуірін қайтадан бастан кешеді. Қаланың екі рет қиратылуы (Синахериб және Ашшурбанипал тұстарында) ол аз уақытта қайтадан қалиына келтіріліп жаңа тұрғындарды өзіне тартып, халқының саны көбейе түсті Ассирия мен Урартудың аса маңызды қалаларының құлауы Вавилонның, Алдыңғы Азиядағы негізгі халықаралық орталық ретінде, гүлденіп көркеюіне жағдай туғызды.

Набупаласар негізн қалаған держава Жаңа Вавилон немесе Халдей патшалығы деген атқа ие болды. Сонымен қатар халдейлер тегі мен тілі жағынан вавилондықтармен өте жақын, туыс халық болғанын және жергілікті тұрғындармен өте тез қосылып кеткенін ескеру қажет. Бұдан кейінгі кездерде «вавилондық» және «халдей» деген атаулар синонимдік мағынаға ие болды.

2. Экономика.

Жаңа Вавилон патшалығының экономикасында елеулі алға басушылық болды. Қолөнер мен сауда бұрын болмаған дәрежеде дамыды, бұған Ассирия бәсекелестігінің жойылуы игі ықпал етеді.

Елдің бұрынғы едәуір мөлшерде ауылшаруашылығымен бойланысты болып келген Вавилон және басқа да қалалары енді толығынан сауда және өнеркәсіп орталықтарына айналады. Олардың көбінің автономиялық праволары болды, мұнымен патша үкіметі санасуына тура келеді. Аса маңызды істер ірі іскер адамдардың қолында болды да, олар тұтас компанияларға – «үйлерге» (шамасы, туыстық байланыстар негізінде болса керек) бірігіп отарады. Әсіресе саудамен және Өсімқорлықпен айналысатын «Эгиби үйінің» ықпалы үлкен болған. Бұрын патшаның меншігі болып саналып келген суландыру жүйесі де бірте-бірте жеке адамдардың қолына көше бастады.

Сауда жұмыстарында абыздар үлкен роль атқарып отырған. Халдейлік әскери шонжарлар бұлардан әлде қайда әлсіз болды, олар бай және құдіретті абыздармен тайталаса алмады. Жаңа Вавилон державасының Ассириядан негізгі айырмашылығы да осында еді.

Вавилонияның село тұрғындарының жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Ірі қалалар алым-салық пен міндеткерліктен азат етілгендіктен оның негізгі ауыртпалылығы осылардың иығына түсті. Құлдардың саны және олардың еңбегінің үлес салмағы әсіресе қалаларда қатты өсті.