Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелгі Вавилон.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
72.7 Кб
Скачать

3. Құлдық сипаты.

Жаңа Вавилон патшалығының іс қағаздарында жүздеген құлдар жөнінде әңгіме болды.

Олардың еңбегін қанау әдістерінде күшті өзгнрістер болғаны байқалады. Егер Көне Вавилон патшалығы кезінде кей уақыттары құлдар табыс табу үшін босатылып және өз щаруащылықтарын жүргізуге (әрине, қожайының бақылауларымен) мүмкіндік алып отырса, енді рим пекулиін ескере түсіріп, бұл жүйе ал ішінде кең тарайды. Өз шеберханасы мен дүкені бар құл қожайынына жыл сайын өз құнын бестен бір бөлігін төлеуге және мұның сыртында пайдасының да белгілі бір мөлшерін баруге тиіс болған. Қолайлы жағдай болғанда мұндай құл байып, өздарі де құлдар сатып алып, тіпті кейбір праволарына да ие болып отырған. Ол сот істеріне қатыса алатын және басы бос адамдармен келісім жасай алатын болған, бірақ бәрі-бір өз қожайының толық меншігі болып саналады және қожайыны оны кез келкен уақытта сатып жіберуге немесе жазалауға ерікті болған.

4. Сыртқы саясат.

Жаңа Вавилон патшалығы ІІ Навуходоносордың (б.з.д. 604-562 жылдар) тұсында өзінің көркею шегіне жетті. ІІ Навуходоносор өз әкесі Набупаласардың тірі кезінде әскерді басқарғаны байқалады, ал әкесі өлген соң оның басқыншылық саясатын одан әрі жалғастыра түседі.

Навуходоносордың басты жауы Сирия мен Палестинаға үстемдік ету ойынан әлі де бас тартпай келе жатқан Египет болды. Сонымен бірге бұл кезде халықаралық саудаға барған сайын кеңірек тартыла бастаған Жаңа Вавилон патшалығы Жер Орта теңізінде тірек пункттерге мұқтаж еді әрі бұларды ол Египетке қолдан бергісі келмеді.

Мидиямен, Лидиямен және Киликиямен одақ жасау арқылы өз тылын нығайтып алған Навуходоносор, Ассирия патшаларына қарағанда, өз қарауындағы соғыс күштерінің үлкен бөлігін Египетке қарсы аттандыра алатын еді. Египет фараондары бұл күресте дипломатиялық үлкен білгірлік көрсетті. Олар бір ғана әскери шараларға сене алмағандықтан. Вавилонға қарсы ұсақ мемлекеттерді, әсіресе Иудей патшалығы мен Тирді қарсы қойды.Иудейде Египетті жақтайтын топ күшті еді, сарай маңындағы шонжарлар осы топқа тілеулес болды және бұлар Иудейлік соңғы патшаларға күшті ықпал жасап отырды.

Египетке тілектес болған билеуші таптарға Иеремия пайғамбар қарсы шықты. Ол өзінің жалынды сөздерінде Вавилонмен уүрестен бас тартуға шақырды, мұны ол пайдасыз және елді апатқа бастайтын іс деп санады. Бұл сөздері үщін ол бірнеше рет қуғынға ұшығады, иудей шонжарлары оны ескі, суы тартылып қалған құдыққа да тастап жіберді, ол ьатпақ пен балдырға тұңшыға жаздады.

Иеремияның барлық қарсылықтарына, насихаты мен бақытсыздықтан сақтандырған сәуегейлігіне қарамастан Иудей патшалығы Египетке қосылды да, Навуходоносордың онымен ұзақ күрес жүргізуіне тура келді. Иерусалимді алғашқы жолы басып алғанда, Навуходоносор қалаға аяушылық жасап, тұрғандарының бір бөлігін тұтқынға алумен және патшаны ауыстырып, таққа өз адамы – Цидкияны отырғызумен шектелді.

Алайда, мұның көмегі болмады. Жаңа патша біраз толқудан кейін, Египетті жақтаушы шонжарлардың қысымымен, Иеремияның сөздеріне құлақ қоймай, Вавилонмен күресті қайтадан жалғастырды. Өз жағдайының қауіпті екенін түсініп және ішкі қайшылықтарды біршама жұмсарта түсуді ойлап, ол борыш үшін құлға айналғандарға еркіндік жариялады, бірақ бұл реформа табысты болмады. Иудей құл иеленушілері кез келген алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, өз анттарын бұзып, құдайдың кәріне ұшырайсыңдар деген Иеремияның айбарлы сөздеріне де қарамай, еркіндік алған құлдарды қайтадан кіріптарлыққа түсіріп отырды. Бұл кезде Навуходоносор Иерусалим қамалының түбіне тағы да тақап келген еді, жарты жыл қоршаған соң Вавилон жауынгерлері қала қабырғасын қайтадан бұзып кірді (б.з.д 586 ж.). Цидкия патша қашып құтылуға әрекет жасады, бірақ қолға түсті де, көзі ағызылды. Оның балалары тегіс өлтірілді, ал астананың барлық тұрғындары тұтқынға алынып, Вавилония жеріне шашырата қоныстандырылды. Егіншілер ғана орында қалды, бірақ көп кешікпей-ақ олардың көбі Египетке қоныс аударды да, ел жарты ғасыр бойына құлазып бос қалды.

Навуходоносор үшін Финикиямен күресу Иудеймен күресуден қиынға соқты. Өз теңіз күштері жоқ Вавилонның бұл жауын қолдап Жерорта теңізінде египет флоты қимыл жасады. әсіресе Тир қаласы қатты қарсылық көрсетті, оның аралдығы бөлігіне вавилондықтардың қолы жетпей-ақ қойды. Ақыры бұл іс екі жақтың да ымыраға келуімен аяқталды: Тир Навуходоносордың жоғары билігін танып,оның есесіне толық автономиясын сақтап қалды.

Навуходоносор Египетке басып кіруге де әрекеттеніп көрді, бірақ бұл жорық, кейбір деректерде тұспалдай айтылғанға қарағанда, үлкен жеңіс әкеле қоймаған. Екінші жағынан, Египет фараондары Палестина мен Финикияға үстемдігімізді қайта орнатсақ деген дәмелерінен бас тартуға мәжбүр болған.

Жаугерщілік соғыстардан тапқан көп қаржы мен қолға түсіріоген жұмыс күштерін (әсіресе қолөнершілер көбірек тұтқындалатын) Навуходоносор құрылыстар салуға пайдаланды. Вавилон үш қабат қорғанмен қоршалып, жаңа ғамараттармен ажарлана түсті. Храмның ғажап мұнарасы (зиккурат) қайта қалпына келтірді, арнаулы платформаларда тамаша парктер жасалды, бұлар тау пейзаждарын бейнелейтін «аспалы бақтар» деген атқа ие болды.

Өзінің табыстары мен зор қуатына қарамастан Навуходоносор күрделі халықаралық жағдай ақыл тарасызына салып дұрыс бағалай алды және шығыс жағынан қауіп күтті. Мидиямен жасалған беібіт келісім уақытша ғана тыныс беретінін ол түсінді, және солтүстік-шығыс шекараларын нығайтуға үлкен көңіл бөлді. Бұл жерде оның тұсында «Мидия қорғаны», басқаша айтқанда бекіністер мен шлюздер жүйесі салынды. Қажет болған жағдайда елдің елеулі бөлігіне су қаптатып жіберу арқылы жауды сумен бөгеуге болатын еді. Навуходоносордың бақытына қарай, оның өзіне бұл құрылыстармен пайдаланудың қажеті болмады, ол билеген кездерде шығыс көршісімен арадағы тыныштық бұзылған жоқ.