Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелгі Вавилон.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
72.7 Кб
Скачать

5. Вавилонның құлауы.

Навуходоносор өлген соң абыздар мен әскери шонжарлардың өз ара келісе алмауы себепті Вавилония да бүліншіліктер басталды. Бар болған жеті жыл ішінде тақтағы үш патша ауысты, ақыры б.з.д. 555 жылы патшалық билік абыздардың қойған адамы Набонид қолына көшті, ол Жаңа Вавилон патшаларының ең соңғысы болды. Оның патшалық құрған кезеңі бүліктерге және көтеріліске толы болды. Ол біраз уақытқа өз резиденциясын өзі жаулап алған Тейма оазисіне (солтүстік Аравияда) көшіреді және патшалық дәуірінің соңғы кезіне таман ғана Вавилонға қайтып оралады.

Набонид тұсында Мидиямен одақ бұзылып, шекаралық Харан қаласы (Месопотамияның солтүстік-батысында) үшін талас туады.

Парсылар жаулап алу себепті Мидия державасының құлауын (б.з.д. 550 ж.) Набонид қуанышпен қарсы алады, бұл оның харанда бекініп алуына мүмкіндік беретін еді. Бірақ оның қуанышы ұзаққа бармады. Персия Мидияға қарағанда әлде қайда қауіпті жау болып шықты.

Парсы патшасы Кир вавилон иелігіне басып кірген қауіп сағатында Набонид діни реформа жүргізумен айналысып жатыр еді. Ол өзге қалалардағы храмдардан құдайлардың барлық мүсіндерін астанаға әкелуге жарлық берген болатын, бұл бірқатар қалаларда, әсіресе өз табыстарынан айрылған жергілікті абыздар арасында, наразылық туғызған еді. Соғыс қимылдарынан әрқашан зиян шегіп келе жатқан Вавилон көпестері, Кирға бағыну есебінен болса да, ауыр соғыстардың аяқталуын тіледі, олар бұлай болған жағдайда Персия державасының байтақ жерлерінде өз ісін кеңінен жүргізуге үміттенді. Парсылардың келуін иудейлік қоныстанушылар тіпті тағатсыздана күтті, олар парсы патшасы өздерін «вавилон тұтқынынан» босатар, сөйтіп отанымызға қайтарар деп үміттенді.

Осындай жағдайда Вавилонды шлюздер ашу да, су қаптату да, қуатты қорғандары да сақтай алмайтын еді. Парсылар қалаға өз жақтастарының көмегімен кірді де, аз уақытқа созылған көше ұрыстарынан кейін б.з.д. 539 жылы оны бір жола өзіне қаратты. Вавилония Ахеменидтар державасының құрамдас бөлігіне айналды.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ежелгі дүние жүзі тарихы.

2. Қазақ энциклопедиясы.

3. Ежелгі дүние жүзі тарихы (7 сынып).