Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. 1917 Ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі.

Петроградтағы Қазан төңкерісі. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

  1. "Алаш" автономиясы және "Алаш Орда" үкіметі (1917-1919жж.).

1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді . Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі. Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.

  1. Қазақ АКСР-ның құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы (1919-1925жж.).

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақстандағы (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

  1. "Соғыс коммунизм" саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.).

Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ)кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.

  1. Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).

1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

  1. Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына бірігуі (1920-1925жж.).

1919 жылғы 19 қыркуйек – Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.1920 жылғы 7 шілде - Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 жж) болды. 1924-1929 жж. Астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана - Алматы.Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынов пен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Ci6ipгe еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиндердің тарихидеректемелерінен кейін ғана шешілді1921 жыл - Ақмола және Семей облыстары Ci6ip ревкомы қарамағынан КАКСР-не берілді.I ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Семей облысы Ақмола облысы Topғай облысы Орал облысы Маңғыстау уезі Закаспий облысы Астрахань губерниясының бip бөлігіБөкей Ордасы және Каспий Teңізi жағасындағы болыстар.Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеуді1 және Оңнтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді. Нәтижесінде:Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.Қазақ жерінің біртұтас Қазак республикасы болып қалыптасуы аяқталды.1924 жыл - Орта Азияны ұлттык-мемлекеттік жағынан межелеу.Сырдария мен Жетісу облыстары қазақ AKCP-i құрамына енгізілді.\II КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Сырдария облысы Самарқанд облысы - Жизак уезінің бірнеше бөлігі. Жетісу облысы ҚАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын жаппай жүргізу үшін ауылдар мен Орынбор губерниясы бөлінді.Республика аумағы - 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы - 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді) адам. Қазақтар - 61,3 % (1926 ж. санақ).1925 жылғы 15-19 cәyip - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық V съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді.

  1. ХХ ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.

Мәдени курылысты жузеге асыруда коптегн кедергілер кездесті: Ұлт зиялылардың аздығы, ұлы державалық шовинизм, материалдық технткалық базаның болмауы. 1924 ж сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921—27 ж екі жүз мың адам оқып, сауатын ашты. 28ж аяғында сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%. 1926 КАКСРДЕ Бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. 1924-1925ж РКФСРде аагртуга 30 тиын, КАКСРде 68,9 тиын. Мәдени құрылысын жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды. А Байтұрсынов Суретті әліппені, Ж аймауытов Қос тілдік және ана тілінде оқыту әдісемесін, Бокейханов географиялық оқулығын, Сатбаев алгебра окулығын құрастырды. 1928ж араб әрпі мен латын әрпі мен 40ж кириллицамен ауыстырылды. 1931 Ж 15-50 ЖАС аралығындағы сауатсыхз халыққа жалпыға бірддей міндетті білім беру енгізілді. 1930-31 оқу жылдарында отырықшы аудандарда, кошпели аудандарда жалпыға бірдей оку енгізілді. 1939ж жалпы халықтың сауаттылығы 65% , қазақтар арасында 40%. 1928 ж тұнгыш пед институт, 1929ж алматы зоотехникалық малдәрігерлік инмһституты, 1930ж қазақтын ауылшаруашылық институы, 1931ж алмаыт мединституты, 1934ж Киров атындағы казақ мемлекеттік университеті ашылды. Ұлы Отан сог карсанында 20 жогары оку орны, 118 орта арнаулы оку орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. 20-30ж ғылымның қалыптасқан кезеңі. 1926ж Массон Әулиеатада казба жұмыстарын жүргізід, 1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Екі секторы: Зоология және ботаника, Алматыдағы ботаника бағы. Республика одақ бойынша түсті металдар барит, сурьма қорынан бірінші, мунайдан екінші, комирден ушинши орын. Тар жол тайғақ кешу С Сейфуллин, Азамат Азаматович Майлин, Картқожа Аймаууытов, Жұмбақ жалау Муканов. Кеңестк поэзиясы толыға түсті; Кокшетау Сейфуллин, Сұлушаш Муканов, Кулагер Жансугіров. Бокейханов шебер аудармашы ретінде белгілі болды. 1935ж Жамбылдың тоқсан жасұа толуы одақ бойынша атап отилди. 1938ж Мәскеуде қазақ онерінің алғашқы онкүндігі откізіліп, Қыз Жібек жалбыр опералары откізілді. К Байсейтиева КСРО халық артисі атанды

  1. Голощекиннің Қазақстандағы "Кіші Октябрь" ісі.

Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;

  1. Қазақстандағы индустрияландыру, ерекшеліктері мен қиыншылықтары.

табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. академик Н.С:Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп «ҚАКСР-і Кңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп , бұл кен орны – мұнайға аса бай обл-ң бірі деп қорытындылады.- Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жеқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.1927ж –Түркістан-Сібір темір-жол магистралінің құрылысы басталды.В.С.Шатов – құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рұсқылов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы Т. Рұсқыловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол маманы, инженер М.Тынышбаев енгізілді.1931жқаңтар- Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралі салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:1.Орта сібір аудандарымен жалғастырылды.2.Елдің шығыс аудандар-ң экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті:3.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

  1. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

  2. Тау-*кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

  3. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913ж деңгейінен 213 есе асып түсті.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

  • Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде игеріліп өңдейтін орталық Орскіде салынды.

  • Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.

  • Жергілікті мамандар жетіспеді.

  • Урбандалу процесі күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді

  1. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: байлардың мүлкін кәмпескелеу, құлақтарды жою, қазақтарды күшпен отырықшыландыру.

Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды

1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды

1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

  1. Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері.

Ужымдастырудын сталиндик үлгисине карсы шаруалардын наразылыгы алуан түрлі болды:Қалалар мен құрылыстарға кету;Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;Қарулы отрядтар құру;Көтеріліске шығу;

1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды.Көтерілісшілер талаптары:

Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару; Дін бостандығы;Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;Еріктілік ұстанымын сақтау; Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.

  1. 1931-1932 жж. Қазақстандағы аштық; себептері мен зардаптары. .

Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

  1. Ұлт зиялыларына қарсы жасалған қуғын сүргін саясаты.

30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:1,Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді;2,Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.

Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:

  • ату жазасы;

  • жер аудару;

  • еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;

  • КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.

  1. КРЛАГ, АЛЖИР Қазақстандағы Сталиндік террордың белгісі.

Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.

1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;

Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:

Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,

  1. Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу.

(1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор.

Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді.

-бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

-көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

-Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.

Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді: өшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент,Орал,Семей.

Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942ж Одақта өндірілген:

-қорғасынның 85%-ын,

-көмірдің 1/8 бөлігін,

-молибденнің 60%-ын,

Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді.

Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағыл темір жолы,Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т.б

  1. Қазақстан - майдан арсеналы.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылыды.27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды.220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды.

  1. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.

Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін үұрыстарда.Соғыстың алғашқы кезінде Қазақағынан КСР-інде құрамы жағынан көп ұлтты 14 атқыштар және 6 атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды.Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б. болды.Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі.Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте уш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты. Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивзиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубасскова түбінде 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылары ерекше ерлік көрсетті. Осы топта ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: < Рессей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу> деген сөзі ұранға айналды. Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карлов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті. Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316 атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қазал Ту орденімен марапатталады. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфилов есімімен аталатын болды.э Мәскеу ушін шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бородино селосында көрсеткен ерлігі ушін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаров. Ұлы Отан соғысының аты аңызы айналған қаhарманы, белгілі жазушы Б.Момышұлы. Соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасаған А.Масловтың экипажы. Оның құрамында жерлесіміз Бақытораз Бейсекбаевта бар еді. Оған 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы берілді. Балтық флотында қызыл тулы бір ғана <Киров > крейсерінеде 156 қазақстандақ жауынгерлік сапта тұрды. Ленинград ушін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының аузын жауып қаза тапты. Сол ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дуйсенбай Шыныбеков шайқасты. 1941 жылғы қыркуйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға Ленинградтық өрендерім деген жырын арнады. 1942 жылдың күзінде ауқымы адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград тубінде ұрыс жүріп жатты.Каспий өніріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына Батыс Қазақстанның ресурстары кен ауқымда тартылды. Қазақстанның Еділ бойындағы қахарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: < Сталинград -Шығыстың кілті>, деп көрсетілді. Батыс қазақстандақтар Сайхан мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуі кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизиялыққа айналды. Ерлігі ушін 73-гвардиялық дивизия <Сталинградтық> деген құрмет атақ алды. Қарағандының өкілі, ұшқыш Нуркен Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская Пономоревка ауданында таран жасап ерлікпен қаза тапты. Атақты <Павлов үйі> үшін соғыстың бір мүшесі Толыбай Мырзаев еді. Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады. 300 фашистің тегеуріне 11 қаһарман төтеп берді. Ержурек жауынгерлер қорғаған төбе <Шығыстың 11 батырының төбесі> деп аталады. Дон мен Еділ бойында Қазакстандықподполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гврадиялық танк полкі ерекше көзге түсті. Днепр үшін ұрыста 18 жасар Ж.Елеусізов қазақтар арасыындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.Қазақстандық партизадардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар, солардың ішінде Кеңес Одағының батыры А.С Егоров, З.Х Құсайынов.2-ші дүние жүзілік соғысындағы еә ірі операциялардың бірі – берлин операциясы 1945 жылы 16 сәуір-2 мамырда бо кеңес Армиясы Берлинді толық билігіне алды.Берлин үшінұрыстарға қатысқан Кеңес Одағының Батыры С. Нұрмағамбетов. Жас офіцер Р. Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірже Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып жеңіс тун қадады.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген екі марте кеңес одағының батыры Сергей Луганский. Екі марте Кеңес одағының батыры атағын алған жер лес ұшқыштарымыз Леонид Беда және Иван ПавловКеңес одағының батыры атағын әйелдер арасында 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі Мәншүк маметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағын алды.

  1. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

  1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.

Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады.

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды. Ұйғыр жазушысы Х.Абдуллин Гүлстан повесін жазды. К.хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хан бастаған корей жазушылары көзге түсе бастады.

  1. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.

Тың игеру кезіндегі еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. 1940-1950 жылдар ішінде 15 жаңа қала, 86 қала типтес поселка, 100-деген елді-мекендер пайда болды. Өзге республикадан адамдармен қосы қыруар техника келді. Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан зор жерлер жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұщылып, жер эрозияға ұшырады. Мал шаруашылығы шығынға ұшырап, бұл жағдай ет,сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Тың игеру елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ескерілмеді. Игеріліге тиісті жер қазақтардың сан ғасырғы ата-мекені екендігі айтылмады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. 1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды. Тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды. Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты Бүклодақтық комсомолдық екпінді құрылыс деп Жариялаған болатын. 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам, келесі жылы 170 мың адам бірнеше жылдың ішінде 300 мың адам қоныстандырылды. Оларды әлеуметтік жағынан қамтамыссыз ете алмау салдарынан тәртіпсіздікке жол берілді. Қала халқының үлесі 1939 жылғы 28%-дан 1959 жылы 44%-ға артты. 1939 дылмен салыстырғанда тұрғындардың саны 3млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9млн 295 мыңға жетті. Аталған мерзім ішінде Одақ халқы 9,5 %-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8% болды. 1959 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2млн 787 мың, 29%-ын құрады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. 1960 жылдарының басына дейін Қытайда тұратын қазақтандың 200мыңы Қазақстанға оралды.

  1. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және ХХ ғ. соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.

КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.

1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;

2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.

3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.

4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.

  1. Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан теңізі. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды

  1. Қонаев Д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер.

Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 1955—60 және 1962—64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол бірнеше мәрте [[КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

  1. Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар.

Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық партиялары құрылды. Бұл партиялар мен қозғалыстар да Қазақстанның егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. 1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды. Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді. Халық депутаттарының І съезінің қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е. Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларының, тіпті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынала бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арыла бастады. Демократиялық сайлау кезінде партия комитеттерінің лидерлері ірі жеңілістерге ұшырады. Бірақ сонымен қатар қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, егесулер, атақ танулар күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне «күйе жаққыштығы», «сатылғыштығы», «екі жүзділігі» үшін айыпталды. ҚАЙТА ҚҰРУ САЯСАТЫ – 20 ғ-дың 80-жылдарының орта тұсында пайда болған саяси-экономикалық атау. КСРО-дағы әміршілдік жүйені реформалау мақсатында жүргізілді. 1970 – 80 ж. Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. Сондықтан Кеңес Одағында саяси-экономикалық реформалар жүргізу қажеттілігі пісіп жетілді. Осыған байланысты жаңа басшы М.С. Горбачев бастаған КОКП ОК 1985 ж. сәуір пленумында саяси жүйені реформалау қажет деп санап, қайта құру саясатын енгізді. Қайта құру саясаты КСРО-да, кейін басқа да социолистік даму жолына түскен елдерде үлкен өзгерістерге жол ашты (жариялылық, саяси плюрализм, “қырғи-қабақ соғыстың” аяқталуы, т.б.). Бірақ, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе сақталған жағдайда, қоғамдық өмірді демократияландырудың мүмкін еместігін кейінгі оқиғалар көрсетіп берді. 1986 ж. Алматыда болған Желтоқсан оқиғасынан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте бірінен соң бірі баскөтерулер орын алды. 1989 – 90 ж. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (ГДР, Польша, Чехословакия, Болгария, Венгрия, Румыния, т.б.) соц. даму жолынан бас тартып, нарықтық қатынастарға көшті. Қоғам өмірінің барлық салалары дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде 1991 ж. Кеңес Одағы тарап кетті. Қайта құру саясаты аяқталмай қалды

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы