Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. 1995Ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы: сипаты, нысаны.

1995 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:

-Егемеді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан.

- республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат

Қазақстан Республикасының Конституциясы:

  • 1 бөлімі, Жалпы ережелер

  • 2 бөлімі, Адам және азамат

  • 3 бөлімі, Президент

  • 4 бөлімі, Парламент

  • 5 бөлімі, Үкімет

  • 6 бөлімі, Конституциялық кеңес

  • 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі

  • 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

  1. ХХ ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы.

Казакстан когамын реформалау барысында астананын Алматыдан Акмолага көшіру идеясы туындады.1994-жылгы 6-шілде Жоғарғы Кеңес депутаттатры астажынасы Акмола каласына көшіруге шешім кабылдады.1995-жылгы 15 кыркүйек Президентінің республика астанасын Акмола каласына көшіру туралы жарлыгы шыкты.Республика парламенті мен Үкімет Акмола каласына көшкенге дейін Алматы каласы республика астанасы болып кала берді.1997 ж\гы казан желтоксан президент әкімшілігінің үкімен пен парламен кызметкерлерінің көші коны басталды.1997 жылгы 9-шы желтоксан Акмолага мемлекеттік рәміздер этолоны және Казакстан президентінің байрагы жеткізілді.1997 жылгы 10-шы желтоксан Акмола ресми астана болып белгіленді. 1997 жылгы 6-мамыр президент Акмола деп атауга жарлык шыгарды.1998 ж 10-шы маусым жана астананің ресми тұсау кесері болып өтті.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің жасалу тарихы

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған

ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

  1. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы ролі.

Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республткалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар-халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, халықтық-кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия, т.б құрылды.

Келешекте Қазақстандағы саяси партиялар сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі өзгеріске ұшырағалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Параментінің 20020ж 26маусымда «Саяси партиялар туралы» Заң қабылдауына байланысты туындады. Бұл заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, респуьликалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кем дегенде 700партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Осы заңда атап көрсетілгендей, мұндай нормалар қоғамдағы плюрализмді қорғайды және ынталандырады. Бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, оларды құрудың және қызметінің тәртібін, барлық саяси партиялар үшін міндетті жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сөйтіп, бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір-бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы д.а болды

  1. Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты.

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясаты: бүгіні мен болашағы.Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. «Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі. Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда. Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен. Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді.Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді.

  1. Қазақстан Республикасы көпұлтты және көп діни ағымды мемлекет ретінде. Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер форумы.

Ұлттық құрамы.Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең.

ДініҚазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

діни ағым ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫТәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

  1. Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері. Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар. Саяси жүйе ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге ықпалын тигізеді, әлеуметтік жіктердің мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды. Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады. Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады. Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді. Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды. Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

  1. Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.[1]

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында іпі трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең іпі мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддеціне қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мемлекетіміздің әлемнің жетекші державалары мен көршілес ТМД мемлекеттепі арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады

  1. Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.).

30.01.2010 / 08:30 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады.Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Ел басымыздын мақсаты - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу. Бүгінгі Жолдауы осыған арналған. "Қазақстан-2030" Стратегия­сын орындай отырып, біз алғашқы он­жылдыққа бағдарлама жасап, оны тә­мам­дадық. Ендігі мақсат - осы Стратегия­ның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.

1. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру - ел дамуының аса маңызды шебі

1997 жылы "Қазақстан-2030" Стра­те­гия­сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра­тегиялық жоспарда қисынды түрде да­мытылды. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.

Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 азайды. Халық денсаулығының негізгі көр­сет­кіш­тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 652 мектеп және 463 ден­сау­лық сақтау нысаны салынды.

2. Дағдарыс кезеңі - дұрыс шешімдер қабылдау уақыты

Ұлттық және трансұлттық компания­лардың мемлекеттік сатып алуларындағы "қазақстандық үлестің" болмаған өсіміне қол жеткіздік. "Жол картасы-2009" бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: "Табыс кім батыл қимылдаса, со­ның үлесіне жиі түседі". Ал біз батыл қимылдадық. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің "серіппелі тобына" жаттық. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. Қордың арқасында біз дағдарысқа қар­сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ­пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма­ңыз­ды активтерді қайтардық. Бұл - Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, "Богатырь" разрезі, Қа­ша­ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау­мұ­найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ­ра­ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт­та­ғы­дан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

3. 2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол

Бізге мыналарды атқару керек:

1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;

2. Жедел индустрияландыру және ин­фра­құрылымды дамыту есебінен эконо­миканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;

3. Адам капиталының бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін болашаққа бел­сенді инвестициялау;

4. Қазақстандықтарды сапалы әлеу­меттік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

4. Адам - елдің басты байлығы

Елді жаңғырту стратегиясын іске асы­ру­дың табыстылығы, ең алдымен, қазақ­стан­дықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла­нысты.

4.1 Білім беру

2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс

4.2 Денсаулық сақтау

Халық денсаулығы - ол Қазақ­стан­ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.

Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет.

4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау

Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз­ды міндеті - Қазақстанның барлық аза­мат­тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ­сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор­ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады.

Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам­дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан­дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.

4.4 Ардагерлерге қамқорлық

Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата. Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады.

5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы

Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіп­сіз­діктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ­сат­тары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз:Бірінші - бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екінші - мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам­дағы тұрақтылық пен қазақстандық­тар­дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс. Үшінші - экономикалық өрлеу - әр­кімнің ісі. Бұл - басым әлеуметтік мәсе­лелерді шешудің, бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың берекеттілігінің кілті. Төртінші - өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану - дамудың аса маңызды шарты.

6. Сыртқы саясат

Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады.

Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлт­тық, өңірлік және жаһандық қауіп­сіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады. Бұл - ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа та­рихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қа­зақ­тың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.

  1. Ұлттық бірлік туралы Доктрина.

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығарды. доктрина орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік ұлттық саясаттың негізі .оның негізгі ережелері біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына, енген болатын.

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің доктринаны қабылдау туралы бастамасы дер кезінде қолға алынған өзекті дүние екенін атап кө Қазақстандағы Ассамблеясының ХIҮ сессиясында  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасының жобасын дайындауды тапсырған болатын. Осы дайын болған  жобаны көпшілікке талқылауға ұсынылып отыр.Жобада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық  қатынастарын нығайту мәселесі қозғалып отыр. Бұл дегеніміз Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік- саяси және рухани –адамгершілік қызметінің негізі болатын құжат болып отыр.Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар этносаралық іс-қимыл институттарын нығайтуға, тіл саясатына, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау салаларын қозғап отыр.  Тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы- Ассамблея екенін білеміз. Осы еліміздің беріктігі осы көпұлтты халықтың бірлігінде жатыр. Қазіргі таңдағы қол жеткізген табыстарымыз осы бірліктің арқасында ,яғни Ассамблеялардың арқасында іске асуда. «Бірлік доктринасы» бұл құжат болып қабылдануы мені өте қуантты. Өйткені бұл көпұлтты Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі өміріне қорытынды , ал келешектегі өмірінің даму стратегиясы болып табылады. Елдегі тұрақтылық, бірлік пен келісімді одан әрі нығайту , ұлт саясатына жатқызамын. Ұлттық бірлік доктринасы үш сұрақты басты тақырып қылып алып отыр.Бұл ұлттық бірлік мәселесі. Демек біздің елімізде тұрақты топтасқан этностық, діни және әлеуметтік –мәдени топтарының қоғамдастығының болу мен оның іс-қимылдары қазіргі заманға сай әлемде  ұлттық бірлікті -ортақ мемлекетті бірлесіп құру әрекеттерін айқындайды.Оның ішінде  азаматтық және мемлекет тілін білу шарттары қолға алынған.Ұлттық бірлікті нығайту маңыздылығы елдің  ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Бастысы Қазақстанның ХХI ғасырда қазақтар мемлекетқұрушы ұлт ретінде жаңа белеске шығуы көзделген. Қазақстан халқының бірлігі мен беріктігі , алға нық сеніммен баратынына көз жеткіземіз.Қазақстан мемлекетін құрушы көпұлтты ұлттар қауымдастықтарының ортақ тарихын құруы көзделген.  «Мың өліп –мың тірілген» қазақтың көрген көп азаптарынан қажетті сабақ ала білуі маңызды болып отыр. Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды еске алу күндері де аталып өтілуде. Ендігі тарих беттерінде ұлттық бірлігі жарасқан қазақстан халқы деген жалында сөздерге толы болуын менде қалаймын. Елбасының ұстанып отырған көзқарасы да осы.

Соның ішінде басым бағыт ол болашаққа арналған ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы  қазақстандық жас ұрпақын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеуде  мектеп  басты роль атқарады. Осы бағыттарда мектеп алдына қойған бірқатар шаралары да қабылданған екен. Соның ішінде өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» оқу курсын қолдаймын.

Бұл жоба дамып келе жатқан бірлігі мен білімділігі артқан Қазақстан халқы үшін дер кезіндегі  ұсынылған жоба ретінде менде өз қолдауымды көрсетемін.

  1. ҚР – ОБСЕ-ге төраға мемлекет. Жаңа халықаралық белсенділік.

Жиырма жылға да тола қоймаған тәуелсiздiк тарихында Қазақстан талай-талай тамаша табыстарға қол жеткiздi. Солардың арасындағы ең шоқтықтысы – ТМД мемлекеттерi арасынан, Азия елдерiнiң арасынан, мұсылман әлемi арасынан, түркi тiлдес мемлекеттер арасынан бiрiншi болып Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланғандығы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың мәлiмдемесiнде айтылғанындай, биылғы 3 тамызда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада осы аса iрi халықаралық ұйымның Саммитiн өткiзу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдады. – Ұйым саммиттерiнiң қай-қайсысы да маңызды. Әрине, ядролық қарудан өз еркiмен бас тартқан әлемдегi тұңғыш мемлекет ретiнде Қазақстанға ядролық қаруға ие үш елдiң – АҚШ-тың, Ресейдiң, Ұлыбританияның тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi берiлген Будапешт саммитiнiң бiз үшiн орны ерекше. Сол Саммиттен соң көп ұзамай мұндай кепiлдiктi Қытай мен Франция да берген. 1992 жылы Финляндия астанасында өткен саммитте Елбасымыз Хельсинки Қорытынды актiсiне қол қою арқылы Қазақстанның осы атақты құжатта көрсетiлген құндылықтарды қуаттайтынын бiлдiрдi. Әйгiлi Париж Хартиясын (“Жаңа Еуропа декларациясы”) қабылдаған саммиттiң де маңызы бөлекше. Бiз биылғы төрағалық тұсында бұл Хартияның 20 жылдығына да тиiсiнше көңiл бөлiп отырмыз. 1996 жылғы Лиссабон саммитiнiң алғашқы мәжiлiсi бiздiң Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткенiмен де есте қалды. Ал ендiгi жерде бiз үшiн ең маңызды саммит Қазақстан елордасындағы осы Астана Саммитi болатыны өзiнен өзi түсiнiктi. Елбасымыз Қазақстан Республи¬касының ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай қаңтарда жолдаған Үндеуiнде: “Нақ бүгiн ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көшбасшышары саяси ерiк-жiгер танытып, өз халықтарының алдында тұрған күрделi де түйiндi мәселелерге жауап беретiн уақыт келдi. Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауiп-қатерлердiң алдын алуға бейiмделуiне қуатты қарқын берiп қана қоймай, сонымен қатар бiздiң халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенiмi мен құрметiн де арттыра түседi”, деп мәлiмдеген. Сондықтан да төрағалықтың алғашқы күндерiнен бастап бiздiң басшылыққа алған басымдығымыз Президенттiң осы стратегиялық халықаралық бастамасын жүзеге асыру болды, ол бастама бүгiнде еуратлантикалық және еуразиялық кеңiстiктегi шын мәнiнде тектоникалық өзгерiстер туындатқан объективтi қажеттiлiк. – Мұндай Ұйым төрағалығына дайындық жұмыстары жылдар бойы жүргiзiлетiнiн жақсы бiлемiз. Жұртшылыққа Астананың төрағалыққа жетер жолдағы белестерiн, бұл мақсатқа бiздiң не үшiн ұмтылғанымызды әңгiмелеп беруiңiздi сұраймыз. – Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына ұмтылатынын сонау 2003 жылғы 18 ақпанда жария еткен. Сонда, Ұйым Тұрақты кеңесiнiң Венадағы мәжiлiсiнде елiмiздiң осы жөнiндегi өтiнiмi алғаш рет хабарланған. Содан бергi уақытта бүкiл елiмiздiң, оның iшiнде ең алдымен дипломатиялық қызметтiң күш-жiгерi осы мақсатқа қол жеткiзуге жұмсалды. Ал ендi бiздiң бұл төрағалыққа өз кандидатурамызды не үшiн ұсынғанымызға келейiк. Алдымен бiз ұлттық мүдделерiмiз тұрғысынан Орталық Азиядағы, соның iшiнде Ауғанстандағы нағыз әрi ұзақ мерзiмдi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге септесудi мақсат еттiк, мұның өзi Қазақстанның үдемелi дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар бiз Қазақстанның Батыс пен Шығыс арасындағы үнқатысуда өзiндiк бiр өркениеттiк көпiр ретiндегi орнын күшейте түсудi көздедiк. Мұның бәрi елiмiздiң табысты әлеуметтiк-экономикалық және демократиялық дамуымен, азаматтарымыздың арқаулық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, олардың әл-ауқатының артуымен тиянақталып отырылды. Бiз төрағалыққа кiрiскен кезге қарай ЕҚЫҰ-ның өзiн күшейтудiң, Венаның шығысы мен батысындағы елдер арасында сенiм деңгейiн көтерудiң зәру қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi. ЕҚЫҰ-ны реформалау, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде сын пiкiрлер талай рет айтылған. Ұйымның тоқырауы немесе жойылып кетуi еуратлантикалық кеңiстiктегi өте қауiптi вакуумның пайда болуына әкелiп соғуы мүмкiн екенiн Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай жасаған Үндеуiнде де ескерткен едi. Қазақстан төрағалық тұғырында осы Ұйымның беделi мен әлеуетiн арттыруға, оны халықаралық қауiпсiздiк пен ынтымақтастықтың пәрмендi тетiгi ретiнде сақтап, нығай¬туға барынша септесуге ұмтылады. Ал тiптi бiр сөзбен түйiп айтар болсам, Астана Саммитi Хельсинки рухын жаңа тарихи жағдайда қайта өрлетудi мақсат тұтады дер едiм. – Қазақстан төрағалығы экватордан өтiп, сегiзiншi айға да аяқ басты. Осы кезеңнiң тәжiрибесi ненi көрсеттi? – ЕҚЫҰ төрағалығын Мемлекет басшысы стратегиялық ұлттық жоба деп атағанын бiлесiз. Бұл жобаның бiздiң елiмiз үшiн, оның болашағы үшiн дәуiрлiк маңызы бар. Бiз қазiрдiң өзiнде ЕҚЫҰ төрағалығы елдiң демократиялық дамуына қуатты қарқын қосқанын, қазақстандықтардың өмiр сапасын жақсартуға қозғау салғанын көрiп отырмыз. Ұйымға төрағалық ету Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтып, патриотизмiн арттыра түседi. Төрағалыққа дайындық барысында қолға алынған “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру тәуелсiз Қазақстанның дамуындағы сапалық жаңа белес болатындығы талас тудырмайды. Қазақстан төрағалығының түйiндi қағидаттарының бiрi Ұйымның үш “қоржынының” бiрдей етiп толтырылуы. Ол үш “қоржынның” бiрiншiсi – әскери-саяси өлшем. Бiз қауiпсiздiктiң кеңiстiгiн емес, қоғамдастығын қалыптастыруға әуел бастан күш салып келемiз. ЕҚЫҰ-ның екiншi өлшемi ретiнде ұзақ мерзiмдi бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзу, болуы мүмкiн экономикалық және экологиялық қауiп-қатерлерге дер кезiнде және баламалы жауап беру Қазақстан төрағалығының ерекше назарында тұр. Ал үшiншi – гуманитарлық өлшем бойынша бiз адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге атсалысудамыз. ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыздың жетi айы өткен шақта бiз мүше елдердiң Қазақстанның осы қадiрлi халықаралық ұйымдағы саяси көшбасшылығына оңды бағалар берiлiп жатқанын разылықпен айта аламыз. Әрiптестерiмiз бiздiң халықаралық ұйымдардың күш-жiгерiн кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеуге сәтiмен жұмылдырып отырғанымызды айрықша атап көрсетуде. – Кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеу дегенде көршiлес Қырғызстанда қалыптасқан ахуал айтылып тұр ма? – Ол ғана емес. Бiз төраға ел ретiнде бұрынғы КСРО аумағындағы ұзақ уақыт шешiмiн таппаған қақтығыстарды реттеуге де көп күш-жiгер жұмсадық. Приднестровье, Таулы Қарабақ, Грузия-Осетия, Грузия-Абхазия қақтығыстары оңайлықпен, төрағалықтың бiр жылында шешiле салатын түйiндер емес. Бiрақ, үнқатысуға, текетiресiп тұрған жақтардың арасында мәмiлеге келу жолдарын iздеуге барша қажыр-қайратты жұмсау, қақтығыстарды тарқатуға оңды алғышарттар жасауға болады және солай ету қажет. Бiз осыған ұмтылудамыз. Көршiлерiмiзге келсек, бәрiнен бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ және Ресей президенттерi Барак Обама мен Дмитрий Медведевтiң бiрлесе отырып, Қырғыз¬стандағы дағдарыстық жағдайды жақсартуға жұмсаған күш-жiгерi осы елдiң азамат соғысының от-жалынына орануына жол бермедi. Дүрбелеңге толы сол күндер мен түндерде бiздiң Елбасымыздың осы өңiрдегi де, одан сырт жерлердегi де биiк беделi, асқан абыройы айшықты көрiндi. Күндер мен түндер дегендi әдейi айтып отырмын. Қырғызстандағы жағдай оқыс шиеленiскен тұста Президентiмiз Вашингтондағы ядролық саммитте жүрген едi. Сонда күндiз саммитте талқылауға қатысып, сөз сөйлеп, сұхбат берiп, өзге елдер басшыларымен кездесiп жүрiп, түнде (бұл кезде бiзде күндiз ғой) осы Қырғызстан мәселесi бойынша қайта-қайта Астанамен, Бiшкекпен сөйлесiп, тапсырмалар берiп жатты. Дағдарысты сәтте АҚШ пен Ресей басшылары шиеленiскен түйiндi тарқату, елдегi азамат соғысының алдын алу жөнiндегi аса ауыр жұмысты атқаруды дәл Нұрсұлтан Назарбаевтан өтiндi. Бауырлас ел ретiнде де, ЕҚЫҰ төрағасы ретiнде де бiздiң Қырғызстанға көмек беруде атқарар iсiмiз әлi де көп. Қазақстан ұйым тізгінін қолға алған мезетте жаңа ғасырда бір де бір рет ұйымдастырылмаған ЕҚЫҰ-ының саммитін өткізіп, қазіргі заманауи қауіп-қатерлерді анықтау, алда не істеу, қайда бағыт алу қажеттігін айқындап алу керектігін көтерген еді. Содан бері қыруар іс тындырылды. Нәтижесі мінеки – жалпы аумағы жарты әлемді қамтитын осыншама елдің басшылары Астанаға ат басын тіреді, тұтас дүниенің назары Астанаға ауды. Қонақтардың ішінде БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиу, ЕҚЫҰ-ының Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Ресей президенті Дмитрий Медведев, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия канцлері Ангела Меркель, Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони және басқа көптеген танымал тұлғалар бар. Осындай ауқымды шараларға тән хаттама рәсімі бойынша қол алысып, амандасу рәсімі жасалғаннан кейін саммитке қатысушылар естелік суретке түсті.

  1. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы.

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940), мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы (1991), Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің басшысы (1992), экономика ғылымдарымың докторы (1992), профессор (1993), Халықаралық инженерлік академиясының академигі, (1993), Қазақстан Республикасының ҰҒАакадемигі(1994), Ресей әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995), Ресей Федерация Президенті жанындағы Ресей мемлекет қызметі академиясының құрметті докторы, Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің құрметті профессоры, Белоруссияның Ғылым Академиясының қурметті мүшесі. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу стратегиясы» (1992), «Нарық және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (1994), «XXI ғасыр табалдырығында» (1996), «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» (1994), «Тарих толқынында» (1999) және тағы басқа ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының және бірқатар шетел ордендерімен, оның ішінде "Алтын қыран" (1993) ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні  Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім.  

1992 жылы Қазақстан БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық қоғамы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, дүниежүзі елдерімен тығыз байланыс орнатты.Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысқа жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі. Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын- мәжілістерде үнемі көтеріп, басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуде.                                                                                                          Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық ұйым- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушылардың бірі және онда белсенді қызмет атқарушы ел болып саналады. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін және басқа да көрші және алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатиялық достық, ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын орнатты

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ !» Қазақстан халқына үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың халыққа «Болашақты бірге құрайық!» жолдауында (Астана қ., 28 қантар 2011 жыл) аталып өткендей, Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2010 ж. Қазақстан бизнес мүддесі үшін өткізіліп жатқан реформалардың жетекшісі болып танылған. Әлемдік елдер рейтингінде («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша) Қазақстан 183 әлем елдерінің арасында 59 орынға ие болған.Келтірілген рейтингте Қазақстанның ұстанымына әсерін тигізіп отырған факторлардың бірі, заңды тұлғаны құруына тиісті рәсімдер саны мен осыған жұмсалатын уақыты болып табылады, жаңадан құрылған заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерінің жеңілдетуі көзделіп отыр. Осылай, Дүниежүзілік банктің («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын көтеру үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылады. Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты сұрақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (ары қарай – ҚР АҚ) реттеледі,оның ішінде бір қатар заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеуге арналған нормалар: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеу туралы» және басқа ұйымдастыру- құқықтық нысанасына байланысты заңдар қамтылған. Заңды тұлғаларды құру рәсімін жеңілдету мақсатында заң жобасымен ұсынылады: - мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін қысқарту; - заңды тұлғаны электрондық тіркеу мүмкіндігі; - қатысушы заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманы талап етуден бас тарту; - жеке кәсіпкерлік субъектілердің жарғысы мен олардың құрылымдық бөліністері туралы ережелерді талап етуден бас тарту және бірқатар түзетулер. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету үшін заң жобасымен шаруашылық серіктестіктердің алғашқы тіркеу кезінде құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) міндетті түрде нотариалдық түрде куәландырудан бас тарту көзделіп отыр, ол заңды тұлға қатысушыларының, құрылтай құжаттарын рәсімдеудегі шығындарын төмендетеді. Шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын нотариалдық түрде куәландыру, бастапқыда рейдерліктен (әрекет етіп тұрған бизнесті заңсыз тартып алу) қорғаныс ретінде енгізілген болатын. Бірақ, бұл механизм тек заңды тұлғаның қызметін іске асыру барысында, әсіресе, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар, және заңды тұлғаның ҚР АК-нің 42 бабының 6 тармағында көрсетілген, барлық қайта тіркеулері кезінде қажет. Осыған байланысты, заң жобасымен қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қайта тіркеу кезінде, шығып жатқан қатысушының мүліктегі (жарғылық капиталдағы) өз үлесін иеліктен шығаруын нотариалдық түрде растайтын құжатты талап ету көзделіп отыр. ҚР Салық кодексі 37-бабының 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, құжаттардың тексеруі аяқталып, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық өтегеннен кейін, таратылатын заңды тұлға сонымен қатар орналасқан жері бойынша салық органына тарату балансын табыс етілуі қажеттігін ескере отырып, қызметін тоқтатқан, заңды тұлғаның таратылуын тіркеу рәсімін жеңілдету үшін, заң жобасымен тіркеуші органға тарату балансын, оларды бекіту туралы шешімін, филиалдар мен өкілдіктерінің есептік тіркеуден шығарылғандығы туралы құжаттарын талап ету нормаларын алып тасталуы қарастырылған. ҚР қолданыстағы заңнамалық актілерде заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырудың нақты тәртібін реттейтін нормалары жоқ. Осыған байланысты, заң жобасымен ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырудың нақтыланған тәртібін реттейтін түзетулер енгізілуде. Қолданыстағы заңнамалармен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына және филиалдар мен өкілдіктердің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты тіркеу рәсімдері қарастырылмаған. Осылай, заң жобасымен аталған рәсімді заңды жүзінде коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі реттеу көзделген. Бүгінгі таңда, «Сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 11-бабының талаптары және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 11- бабының талаптары, тіркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға шектеу қояды. Бірақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әр-бір азаматқа, оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң актілеріне, жалпы қолжетімді ақпараттардың критерияларын белгілейтін түзетулер енгізу көзделіп отыр, ол өз кезегінде, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Заң жобасын қабылдау жағымсыз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды, өйткені болжанып отырған өзгертулер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді. Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарастыруына енгізеді.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы