Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. XIX ғ. 60-90 ж. Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары: маңызы мен салдары.

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен,әскери-уездік соттардың рөлі басым болды.Әскери –губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты-отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны.Сот ісіндегі басты өзгеріс –ескі шариғаттық салттардың шектелуі.Реформа нәтижесіӨлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалық-патриалхалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады(кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппайм қоныстандыру басталды.1867-68 жылдардағы реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ‘‘тәжірибе’’20 жылға созылды. 1886-91жылғы 17 баптан тұратын жаңа заң: 1.Ресейдің үстем тап өкілдерінің мүдделерін; 2.отарлаушы әкішілік пен жергілікті ақсүйектердің мүдделерін қорғау.1891ж 25наурыз “Ақмола, Семей, Жетісу Торғай облыстарын басқару туралы ереже”бекітілді:1.Түркістан өлкесінде 3 облыс:Сырдария. Ферғана, Самарқанд құрылып, орталығы-Ташкент. 2.Дала өлкесінде 3 облыс:Ақмола, Семей, Жетісу, орт-Омбы.Отаршылдық басқарманың күштеу аппарты:Ірі облыстық орталықтарды қалалық полийия басқармасы уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылыр мен ауыл старшындарын бекіту облыс әскери-губернатордың құзырында болды. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.

  1. ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері

Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Түркістан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент.

  1. ХIХ ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.

ХІХғ ортасы-Қазақ жеруне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері:1) Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. 2) Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. 3)Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі. ХІХ ғ. 60ж-ресейлік кісіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтарын мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмасады. ХІХғ 70-80ж-кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал:

Тау-кен өндірісі: 1)Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс,Орталық Қазақстанда ашылды. 2)ХІХғ соңы-ХХғ басындағы 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары-Спасск мыс қорыту зауыты (1857ж), Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер кәсіпшілігі. 3) 1898ж-Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен-өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы-Қарқаралы уезі. 4) Химия өнеркәсібінің бастамасы-Шымкент сантонин зауыты (1822ж) 5) Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХғ.90ж кеңінен пайдаланды. 16жасқа дейінгі жұмысшы балалар үлесі -14%

Темір жолы: 1) 1893-1895жылдар-Сібір темір жолы (ұз.3138км) салынды. Оның 178 шақырымы Қазақ жерін басып өтті. 2)1893-1897ж-Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырым қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 3) 1899-1905ж-Орынбор-Ташкент темір жолы (ұз.1656км) салынды. Орынбор-Ташкент темір жолында 30мың жұмысшы болды. (1902-1904ж) . Патша үкіметінің темір жолдар салудағы көздеген мақсаты: 1) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету. 2) Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану. 3)Қазақстан мен Орта Азияны Ресей өнеркәсіп орталықтарымен байланыстыру. 4)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу.

Ауыл шаруашылық өндірісі: 1)Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий,Арал теңіздері, Балқаш көлі. 2)Тұз өндіру-батыс, солтүстік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер. 1867ж-Басқұншақ кәсіпорнында-55мың пұтқа жуық тұз өндірілді. 1900ж-20млн.пұт тұз өндірілді. 3)1875,1900ж-Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. 4)Арал,Қарабас-тұз өндіру орны ашылды. 5)Мал шаруашылығы шикізатын өндеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары-Ақмола және Семей облыстары. Семей облысында 13былғары, 9 сабын қайнататын,1шарап ашытатын,1май қорытатын,2сыра ашытатын,23кірпіш зауыты болды. Торғай облысында 42былғары, тон, май қорыту,сабын қайнату зауыты,202диірмен,май шайқау зауыты болды.(1898ж)

  1. ХIХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.

Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті.

Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері – тау-кен өнеркәсібі.

ХІХ ғ.соңында – 19 мың. 1902 ж – 30мың жұмысшы.

Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды.

Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. Қарсылық түрлері: 1)Шағым, арыз жазу. 2)Өндіріс орындарын тастап кету. 3)Ереуілге шығу. 4)Жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Семей облысы кәсіпшіліктерінде жұмысшылар өндіріс орындарын қаша бастады: 1)1880 ж-2,7% 2)1890ж-4,7% 3)1896ж-6,4%

Қашқан жұмысшыларды ұстаған жағдайда 3 айға абақтыға жапқан.

Алғашқы ереуіл 1849ж қазанда Көкшетау кен орнында болды.

1888ж-Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшылары ереуілге көтеріліп, жалақыны арттыруға мүмкіндік алды.

1893,1895,1899 жылдар Батыс Сібір теміржолында, 1899ж Омбы теміржолында ереуілдер болды.

1890ж ереуілде Алтайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтірілді.

Жұмысшылар қарсылықтарының әлсіз жақтары:

1)Стихиялылығы 2)Өндіріс орындарының ұсақтығы 3)Жұмысшылар санының аздығы 4)Өзара бірлік пен түсінушіліктің жетіспеуі 5)Саяси талаптардың аздығы 6)Саяси ұйымдардың жоқтығы

Жұмысшы қарсылықтарының тарихи маңызы.

1)ХХғ басында революциялық оқиғаларға алғышарт қалыптастырды.

2)Өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинады.

  1. Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.

Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков, Өскемен. Патша үкіметінің мақсаты: қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізу бастады. 1735ж – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1743ж Орск қалашығын Орынбор деп атады. 18ғ 50-60 ж – патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті. Ресей билеушілерінің көздеген мақсаты: 1)Шырайлы, сулы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру; 2)Жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға орналастыру. Петербург билеушілерінің арнайы нұсқаулары жарияланды: 1742ж-Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды. 1756ж 2 кыркүйек - Жайық жағасына жақын жерлерге қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. 1757ж 24 желтоқсан-Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды. Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді. 1757-1758жылдар –Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен Л.И.Тевкелев 1756жылғы үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді. Сондықтан аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов тұсында қысым қайта күшейді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды. 1760ж-Ертіс өңіріне Ресейдің әр түпкірінен жерсіз шарулар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды. 1799ж 21 қараша –император І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына(45000 отбасы) Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді. Бұл шаралар патша үкіметінің Қазақстанды «аграрлық жаулап алуының» бастамасы болды.

  1. Патша өкіметінің аграрлық реформасы (ХIХ ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы

ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы