Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. 1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.

Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізп,Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды.1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады.1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылды. Сырым он екі ата бай ұлының аға старшыны болды.Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды.1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұтта халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді.1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалау сәтсіз аяқталды.Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор ген-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

  1. Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір ханның мемлекеттік - қоғамдық қызметі.

Жәңгір хан мен оның қызметі.1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, Едiл мен Жайық өзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiн Кiшi Жүз қазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi. Е.Пугачев көтерiлiсi мен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сай Бөкей Ордасы деген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандар тарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.

  1. Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".

1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде жариялады.

  1. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 ж. "Орынбор Қазақтары туралы Жарғы" және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы "Ереже".

1824 Орынбор губернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жарғыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандықтан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс, орта, шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- басқарушысы – ру шонжарлары-- Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1) Орталық басқару нығайтылды. 2) Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3) 1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы