Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. 1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.

Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. сқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады.Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі.

1838 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты.

  1. Қазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, Е. Көтібаров.

19-ғ. 2-ж. Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей рулары Отырықшы қазақтар егіншілікпен айналысты.хиуа, Қоқан феодалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алды. Онда әскери бекіністер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр алды.хиуа, Қоқан езгісіне қарсы Сыр қазақтары көтерілді. Оны әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860) басқарды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 ж. Кенесары әскерімен бірге Созақ қамалын қамауға қатысты. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. 1847 ж. Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды жақсы жерден айыру үшін, Қуандария өзенін бөгеп тастады.Бұл кезде Сыр қазақтары солтүстік-батыс жақтан қауіп туғыза бастапан орыстарға қарсы шыға бастады. Өйткені 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 жанұясы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскері Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскерижелісі пайда болды. Оған Райым бекініснен Ақмешітке дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде орыстар қатаң тәртіп орнатты. 1857 жылға дейін үш мың қазақ отбасы жерінен айрылды. Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1857 ж. қаңтарында 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады.Көтерлісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михаиловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскер, бір зеңбірек болды. Көтерілісшілер жеңіліп қалды.1856 ж. 19-23 желтоқсанда көтерілісшілер тобы майор Булатов бастапан тағы бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің таралуы үкіметті қорқытты. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастапан әскери топ келді.. Көтеріліс жеңілді.Көтерілістен кейін Жанқожа халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды. Есет Көтібарұлы бастапан Кіші жүз көтерілісі 1853-1858 жж. болды. Көтерілістің шығу себебі- Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендерінің бойын мекендеген шекті руына түтін салығының салынуы, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан жер талылуы себеп болды.1855 ж. көтерілісті басу үшін Орынбор әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Тәукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерімен аттанды. Екі жақ арасында қырғын соғыс болды. Сол жылдың 8 шілдесінде Есет жасақтары Жантөриннің лагеріне шабуыл жасайды. Оны өлтіреді. Бірақ қару жоқтығынан көтерілісшілер шегінеді. Қолға түскен Есеттің 18 адамын патша үкіметі Сібірге айдап, 3 адамын атады. 1858 ж. қыркүйекте Бородин басқарған патша әскері Есет бастапан көтерілісшілерді Сам құмында талқандады. Есет көтерілістен бас тартып, үкіметке адал қызмет етуге уәде берді.

  1. Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.

XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы