Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі.

Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежіреге енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар – қазақ жасақтарының бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халықтар- алым-салықты төлеп, міндеткерліктерді өтеушілер. Құлдар- ең құқықсыз әлеуметтік топ. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

  1. «Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының құқықтық негізі.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

  1. Төле, Қазыбек, Айтеке билердің ролі.

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен Төле би Әлібекұлы(1663-1756) – Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Тауке ханның басқару кезінде Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Абылай ханның басқару кезінде 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады.. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған материалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен.

  1. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).

Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер – зергер деп аталды. Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғатта мал өсіруде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзеткен өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаулар нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытындылап, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Олар жұлдызды әуе картасын жатқа білді. Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп атап өтуді әдетке айналдырған. XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады. Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген. “Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы