Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

ХІХ ғасырдың ортасында Ресей-Қытай қатынасында Қазақстан маңызды рөл атқара бастады. Бұл кезде Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы шекераларды белгілеу мәселесі пісіп жетілді. Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей арасындағы шекераны жүргізу туралы алғашқы ресми құжат 1860 жылы 2 қарашада қабылданғаан Пекин келісімі болды. Екі мемлекет аралығында шекаралық белгі қойылған кең көлемді аумақ су бөліністерінің негізінде қабылданды: Оңтүстік пен Шығысқа қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Қытай елі межелеп алды, ал Солтүстік және Батыс қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Ресей елі межелеп алады. Бірақ Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік территориялар өзара межеленіп түзетілді. Сөйтіп 1869 жылы Хобды хаттамасына, ал 1870 жылы Тарбағатай демократиялық хаттамасына қол қойылды. Цин империясына қарсы Шыңжан ұлт-азаттық қозғалысы осы өлкенің саяси өміріндегі маңызды рөл атқарды. 1864 жылы 7 маусымда Кугар қаласында дүнгендердің көтерілісі басталып, ол бүкіл Шыңжан өлкесін қамтыды. Оған қытай емес халықтар – ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар қатысты . Шыңжанда 1865 жылы Маньчжоу билігі құтылып, онда ұйғырлар мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеті құрылды.

Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісу және Солтүстік Қырғыз жерлеріне қоныстандыру 1881-1883 жылдары жүзеге асырылды. Барлығы 45 мың ұйғыр және 5 мың дүнген қоныс аударды. Олар Шарын, Шелек, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды.

  1. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:Шариғат, яғни ислам дінінің ережелері. Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі. Араб тілі, араб философиясы.Діни қағидалар т.б. Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара,Ташкент, Түркістан сияқты қалаларды алды.Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан ХІХ ғасырың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер әкелді. 1789 жыл Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша өкімнтіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор учиищесі ашылды. 1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды. 1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат училище ашылды. 1837 ж Сібір кадет курпусы ашылды.1841 ж Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша жіне татарша білім беретн мектеп ашылды.1844 ж Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет курпусы ашылды. 1850 ж Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

  1. Xiх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.Б.).

Құрмангазы Сагырбайулы(1818-1889) 1818 жылы Бөкей ордасындагы Жиделі деген жерде туған күйші, сазгер. Музыка өнеріндегі алгашқы ұстазы Ханбазар болған. Курманғазы артына көп күйлер қалдырған (60).«Кішкентай» күйі Исатай Тайманұлына арналған. «Сарыарқа» күйі қазвқтын кең өлкесін, халык өмірін сипаттайды.•Кызылкайын», «Балбьрауын" куйлер! би күйлер! болып есептеледі. Курмангазыньң будан баска «Адай», «Көбік: шашкан», «Турмеден кашкан», «Ақсақ киік», «Акбай» т.б. күйлер! бізге жеткен. Курмангазы жаламен Иркутск, Орынбор, Орал түрмелерінде отырған. Өмірінің соңы Астрахань жерінде өткен. Оның Дина, Ерғали, Сүгірәлі, Шора, Көкбала, Меңдіғали сияқты белгілі шәкірттері болған.

Дэулеткерей Шығайулы(1820-1887) 1820 жылы дүниеге келген күйші, сазгер. Бөкей ордасының жерінде өмір сүрген. Исатай Тайманұлы баскарған шаруалар көтерілісі оның шығармашылығына әсер етеді. Дәулеткерей Мәскеу, Петербург, Орынбор калаларында болады. Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйі бізге,жеткен.Күйлері: «Желдірме», «Құдаша», «Жұмабике», «Ыскырма», «Косалқа», «Тартыс», «Акбала кыз».Орыс әскери маршы әсерінен туындаған күйлері:«Ващенко», «Топан», «Коңыр», «Косішек»Тәттімбет Қазанғапулы(1815-1862) 1815 жылы дуниеге келген күйші. Күйлерінің саны 40-тан астам. Тәттімбет «Бестөре» күйінде карапайым халыкты езген аксуйектерді сынайды.Күйлері: «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Былқылдақ», «Алшағыр» т.б.1855 жылы Петербург каласында ұйымдастырылған өнерлік сайыста Тәттімбет күміс медальға ие болады.Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)1843 жылы дүниеге келген күйші, қобызшы, сазгер. Кобызда ойнауды жаксы көрген.«Жарым патша» куйі - патша укіметі шенеуніктерін сынайтын туынды. Онын күйлері: «Қорқыт», «Коңыр күй», т.б. Біржан Сал Кожагулулы (1834-1897) 1834 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген ақын, әнші, сазгер. Оның 40-қа жуық әні сакталған. 1865 жылы Біржанның. Абаймен кездесуі оның әншілік, сазгерлік өнерінің дамуына әсер етеді.Біржан әндері: «Жанбота», «Айтбай», «Ғашығым», «Біржан сал» т.б. Біржанның суырыпсалма акындық. өнерінің дәлелі - оның Сарамен айтысы. Біржан шәкірттері: Акан сері, Үкілі Ыбырай, т.б.Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913) 1843 жылы Көкшетау жерінде дүннеге келген әнші, сазгер» акын. Ол өзінің қасына әнші, өнерпаз адамдарды жинай білген. Сонысымен ол сері атанған. Әншілік өнері 16 жасынан басталды. Акан өмірінің соңы трагедияларға толы. Акын өзі заманының үстем тап өкілдеріне батыл қарсы шыға алатын тұлға болды.

Аканның әндері»: «Манмаңгер*. «Кұлагер», «Балқадиша». «Сырымбет», «Сұрағанға», Көкшетау», «Шағырмаққа», «Смағұлға» т.б.Акан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ. Естай, Біржан сал сияқты әншілер-мен дос болған.

  1. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.

Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды.

  1. Абай Құнанбаев - ұлы ақын және ағартушы және оны отандық әрі дүниежүзілік мәдениеттегі алатын орны.

қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)

  1. Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.

Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы. (1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді

  1. ХХғ. басындағы қазақ интеллигенциясы: қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (М. Қаратаев, А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, Ж. Ақпаев т.б.)

Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған. Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікғей оларды саяси қуғындау басталды. 20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды. 60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті. Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты.

  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ мерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.б.)

кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. XX ғасырдың басып шығару ісі. Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды.Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Казан, Ташкент қалаларында да колға алынды. кітап шығару ісінде орыс географиялық коғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А.Байтұрсынов М.Дулатов, С.Торайғыров, С. Дөнентаев, Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың, С. Дөнентаевтың шығармалары да басылып шықты. С. Торайғыровтың "Шәкірт ойы ",Адасқан өмір,*Бір адамға*, "Камар сұлу*, "Алты аяқ*, Спандияр Көбеевтің Қалың мал т.б. шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып саналады. А. Байтұрсынов - қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А. Байтұрсынов "Қазақ газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінің үнқағазы болған "Қазақ" газетінің: редакторы кызметін 1917 жылға дейін атқарған. А. Байтұрсыновтың "Маса" (1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген.

Ш. Кұдайбердиев - Абайдың шәкірті, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларыньң бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін мең-герген. Ш. Кұдайбердиевтің "Түрік, кырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі (1911} атты тарихи енбегі, "Қазақ айнасы" (1912) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Поэмалары: "Калкаман-Мамыр", "Еңілік-Кебек''1906 жылы патша үкметі оку-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің " жұмыс істеуіне шек коя бастады. Ағарту ісін дамытуға каржы өте аз бөлінді. "Айкап" журналы, "Казақ", "Степной край", *Сибирская жизнь Газеттері казак халкының негізгі басылымдары жақсы дамыды

  1. I дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс. Бірінші дүние жүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия)

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді: Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып кел.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);

2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;

3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;

5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;

6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды. Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

  1. Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.

Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы