Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Ііі Лексикалық тақырыптар

1 Танысу

1)Диалог

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме? Менің аты-жөнім – Рауза Ахметқызы. Мен - қазақ тілі оқытушысымын. ( Қасында отырған студентке) Ал сіздің аты-жөніңіз кім?

Тіл үйренуші: Менің фамилиям Семенов.

Оқытушы: Есіміңіз (атыңыз) кім?

Тіл үйренуші: Евгений.

Оқытушы: Әкеңіздің аты кім?

Тіл үйренуші: Менің әкемнің аты Петр.

Оқытушы: Евгений Петрович, Сіз қайдансыз? (Сіз қайда тұрасыз?)

Тіл үйренуші: Студент: Мен Павлодар қаласында тұрамын. (Мен Павлодарданмын)

Оқытушы: Қазақша жақсы сөйлейсіз бе?

Тіл үйренуші: Жоқ, нашар. Бірақ бұл тілді жақсы білгім келеді. Өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тіл және менің жолдастарымның арасында қазақтар көп.

Сөздік

оқытушы – преподаватель

нашар – неважно, плохо

тұрамын – я живу

білгім келеді – хочу знать

жолдастарымның арасында – среди моих друзей

өйткені – потому что

2) «Амандасу. Қоштасу» тақырыбына байланысты сөз тіркестері:

Сәлеметсіз бе – здравствуйте

Қош болыңыз – до свидания

Амансыз ба - здравствуйте

Қайта кездескенше – до встречи

Қайырлы кеш – добрый вечер

Қайта көріскенше – до(следующей) встречи

3) Тапсырма: Үлгі бойынша диалог құрастырыңыз.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сізбен танысуға рұқсат етіңіз. Менің атым Асқар.

  • Менің атым Наташа.

  • Кешіріңіз, Наташа, Сіз қайда істейсіз?

  • Мен салық комитетінде істеймін. Ал сен ше?

  • Мен де салыққа байланысты органда істеймін

  • Асқар, біз екеуіміз жерлес шығармыз? Сен де Павлодардансың ба?

  • Жоқ, мен Ақтоғай ауданынанмын. Мен Ақтоғайда тұрамын? Наташа, біз екеуіміз құрдас шығармыз? Сенің жасың нешеде?

  • Мен жиырма бестемін. Ал сен ше?

  • Мен жиырма бірдемін. Өкінішке орай (к сожалению), автобус та келіп қалды. Әлі кездесеміз ғой.

  • Әрине (конечно). Қайта кездескенше.

2 Өзіңіз туралы мәлімет бере білу. Өмірбаян

1) Диалог

- Сәлем, Наташа! Халің қалай?

- Амансың ба, Асқар. Халім жаман емес

- Сені көргеніме қуаныштымын. Наташа, сен ана жолы мектепті биыл бітірдім дегенің рас па?

- Иә, мен биыл Павлодар қаласындағы он бесінші орта мектепті бітірдім. Оны жай сұрадың ба?

- Жоқ, менің қарындасым да биыл мектепті бітірген. Оның есімі – Сәуле. Ол қазір он жетіде. Наташа, сонда сен мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы туғансың ба?

- Иә, бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы қаңтар айының он жетінші күні Павлодар қаласында туғанмын. Ал сен қашан туғансың?

- Мен мың тоғыз жүз сексен бірінші жылдың жиырма үшінші шілдесінде Ақтоғайда тудым.

- Университетке неге кеш түстің? Жұмыс істедің бе?

- Мектепті бітірген соң жұмыс істедім. Содан кейін әскерде болдым. Биыл қыста үйге оралдым.

- Әскерде жүргенде үйді сағынған шығарсың?

- Иә, әрине. Қазір де сағынамын. Менің әке-шешем, қарындасым Ақтоғайда тұрып жатыр.

- Ал менің ата-анам, інім және сіңлім Павлодарда, Торайғыров көшесінде тұрады. Мен әжеммен Кутузов көшесінде тұрамын.

- Сонда сенің үйің жұмыстан алыс емес сияқты.

- Иә, екі аялдама ғана. Кутузов көшесіндегі қырық төртінші үйдің жүз он алтыншы пәтері.

- Телефоның бар ма?

- Жоқ. Асқар, кешір, асығыспын.

- Сау бол.

- Кездескенше, сау бол.

Сөздік

Биыл – в этом году

Көргеніме қуаныштымын – рад встрече

Сағынған шығарсың – наверное, сокучился

Аялдама – остановка

Ата-анам (әке-шешем) – родители

Алыс емес – недалеко

Жұмыс істеу – работать

Кешір – извини

Тудым – я родился

Әрине – конечно

Содан кейін – после этого

Халің қалай? – Как твои дела?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]