Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

6 Біздің үйіміз Диалог

Асқар: Сәлем, Наташа! Хал-жағдайың қалай?

Наташа: Сәлем, Асқар! Халім жаман емес. Өзің қалайсың?

Асқар: Жақсы. Әжеңнің денсаулығы қалай? Аман-сау ма?

Наташа: Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Үйден қандай хабар бар? Барлығы аман-сау ма?

Асқар: Бұрынғыдай. Айтпақшы (кстати), мен саған ана жолы айтқандай, қарындасым қысқы демалысқа қалаға келген. Ол қазір менімен бірге тұрып жатыр. Біз сені сенбі күні қонаққа шақырамыз. Сағат алтыда біздің үйге кел.

Наташа: Рахмет, Асқар. Сен жатақханадан көштің бе?

Асқар: Иә, өткен айда. Пәтер жалдадым. Менің жаңа мекен-жайымды жазып ал: «Усолка» ықшамауданы, Бекхожин көшесі, 15-үй, 85-пәтер. Сенбі күні тосамыз.

Наташа: Бұл жаңа үй ғой. Сен нешінші қабатта тұрасың?

Асқар : Сегізінші қабатта. Лифттан сол жақтағы темір есік.

Наташа: Пәтерің неше бөлмелі?

Асқар: Екі бөлмелі – төргі бөлме және ұйықтайтын бөлме. Ас үйі де, жуынатын бөлмесі де, әжетханасы да бар. Дәлізі кең. Келгенде, бәрін өз көзіңмен көресің. Сәуленің де сенімен тезірек танысқысы келеді. Сөйтіп, сенбі күні сағат алтыда сені күтеміз. Өздеріміз ғана боламыз. Сендерден 11-трамвайдың соңғы аялдамасы.

Сөздік

құдайға шүкір – слава богу

ана жолы айтқандай – как я сказал тебе тогда

тұрып жатыр – живет

пәтер жалдау – снимать квартиру

ықшамаудан – микрорайон

әжетхана – туалет

дәліз – прихожая

төргі бөлме – зал

бұрынғыдай – как прежде

күтеміз, тосамыз – (мы) ждем

жатақханадан көшу – переехать из общежития

Біздің үйіміз

Менің есімім Серік. Біздің үйіміз Торайғыров көшесінде орналасқан. Нөмірі жетпіс екінші үй – біздікі. Бұл меншікті үй. Біздің пәтеріміз үшінші қабатта орналасқан. Біздің пәтеріміз төрт бөлмелі. Кіре берісте кең, үлкен дәліз. Одан әрі қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Төргі бөлменің оң жағында екі кресло, диван тұр. Олардың арасында журнал үстелі. Оң жақ қабырғаның бұрышында түрлі түсті теледидар тұр. Оң жақ қабырғада үлкен кілем және кітап сөресі ілулі тұр. Төргі бөлменің едені – паркет. Паркеттің үстінде әдемі жақсы палас жатыр. Теледидардың қасында үстел тұр.

Екінші бөлме - әкем мен шешемдікі. Ол бөлмеде екі кереует, үлкен шифоньер және үлкен айна бар. Оң жақ қабырғасында сурет ілулі тұр. Үшінші бөлме – менікі. Менің бөлмемде кереует, екі орындық бар. Бөлменің ортасында еденде палас жатыр. Сол жақ бұрышында жазу үстелі тұр. Үстелдің жанында бір кресло бар.

Үстелдің үстінде дәптерлер, оқулықтар жатыр.

Төртінші бөлме - әжем мен қарындасымдікі. Мұнда екі кереует, киім шкафы, үстел, бірнеше орындық бар. Кітап шкафы да осында. Сөрелерде көркем әдебиет, журналдар тұр.

Сөздік

Меншікті – частный, собственный

Ілулі тұр – висят

Түрлі түсті – цветной

Сөре – полка

Еден – пол

Бірнеше – несколько

Дәптерлер – тетради

Қабырға – стена

Оқулық – учебник

7 Менің әріптесім

1) Диалог

Наташа: Амансың ба, Сәуле? Халің қалай?

Сәуле : Сәлеметсіз бе, Наташа? Рахмет, жақсы. Төрлетіңіз.

Наташа: Сәуле, Асқар үйде ме?

Сәуле: Өкінішке орай, Наташа, ол әлгінде ғана далаға шықты. Біраздан кейін келеді. Өзіңіз қалайсыз? Үй-ішіңіздегілер аман-сау ма?

Наташа: Сәуле, рұқсат болса, сен маған енді «сіз» деп айтпашы. Арамызда бір–ақ жас айырмашылығы ғана ғой.

Сәуле: Жарайды.

Наташа: Сен қазір нешінші сыныптасың? Он біріншідесің бе? Биыл мектеп бітіргеннен кейін қайда түспексің?

Сәуле: Университетке түскім келеді, бірақ кішкене қорқынышты. Түсе аламын ба? Бір орынға бұндай конкурс болғанда…

Наташа: Жақсылап дайындалсаң, түсесің. Мектеппен де қоштасу қиын шығар.

Сәуле: Иә, бірге он бір жыл оқыған достарыммен қоштасу оңай емес.

Наташа: Достарың көп шығар?

Сәуле: Жолдастарым, расында, көп. Олардың ішінде жан досым дейтін екі қыз бар – Нұргүл мен Аня. Біз бала кезімізден бірге өстік, көрші тұрдық. Балабақшадан кейін бәріміз бір сыныпта оқитын болдық. Ал сенің, Наташа, сенімді досың бар ма?

Наташа: Бар. Онымен біз биыл ғана таныстық. Бірге істейміз. Ол менің әріптесім. Оның аты – Марина. Біз Марина екеуіміз құрдаспыз, сондықтан бір бірімізді жақсы түсінеміз. Екеуіміз бір бөлімде істейміз. Ол да салық қызметкері.

Сәуле: «Марина» деген әдемі ат екен. Ол өзі қандай? Сен сияқты аққұба сүйкімді қыз шығар.

Наташа: Жоқ, Марина қоңыр шашты, орта бойлы қыз. Ол ақкөңіл, ашық мінезді, кісімен тез тіл табысатын адам.

Сәуле: Біздің Нұргүлге ұқсас екен. Нұргүл – қара торы, ұзын бойлы, арықша келген қыз. Ол да көңілді, әділетті, достыққа адал, бірақ тұрашыл, мінезі қызба: ойлағанын бетке айтып салады. Ал Аня болса, ұстамды, кішіпейіл, көп сөйлемейтін қыз.

Наташа: Асқардың достары көп шығар?

Сәуле: Рас, достары көп. Бірақ олардың ішінде ең жақын достары – Марат пен Сайлау. Қазақша айтқанда, нағыз жан достары. Марат жолдастарының ішінде беделді және байсалды. Ол – орта бойлы, сүйкімді, достыққа адал, жігерлі жігіт. Қолынан бәрі келеді. Қазақша айтқанда, бес саусағынан өнер тамған, іскерлі бала. Ал Сайлау болса, Мараттан кішкене тапалдау, толықша келген жігіт.

Ол да еңбекқор. Салық комитетінде істейді. Кішкене теңтектеу, бірак Аскар мен Мараттан пысық. Биыл жазда үйленемін деп жүр. Наташа, сен жазда бізге қонаққа келсең, олармен өзің танысасың.

Наташа: Өкінішке орай, жазда келе алмайтын шығармын. Апаммен бірге Баянауылдағы Жасыбайға саяхатқа шықпақпыз.

Сөздік

айырмашылық– разница,отличие

ак құба – белокурый

ақкөңіл – добродушный

әділетті – справедливый (-ая)

қөңілді – веселый

кішіпейіл – вежливый (-ая)

қара торы – брюнет, брюнетка

ұқсас – схожий, похожий

турашыл – прямой

тапалдау – ниже, пониже

нағыз – настоящий

байсалды – серьезный

беделді – авторитетный

жігерлі – энергичный

сүйкімді – обаятельный

толықша келген – полноватый

еңбекқор – трудолюбивый

теңтек – озорной

пысық – шустрый, проворный

мейірімді – добрый

бауырмал – отзывчивый

адал – честный, верный

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]