Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3) Дүйсенбіден жұмаға дейін – от понедельника до пятницы

На казахском языке

На русском языке

А) – Жақсылық, сен осы аптада іс-сапарға барасың ба?

- Жоқ, іс-сапарға келесі аптада ғана барамын. Осы аптада басқа жұмыспен айналысамын. Дүйсенбіде бөлім мәжілісіне дайындаламын, сейсенбіде мәжіліс өткіземін. Сәрсенбіде департаментте бөлімнің жылдық есебін тыңдайды. Бейсенбіде сағат оннан екіге дейін жеке адамдарды қабылдауым керек. Жұмада бөлімнің жылдық жоспарын бекітуім керек.

- Иә, бүкіл апта бойы жұмыстан қолың босамайды екен.

А) – Жаксылык, ты на этой неделе едешь в командировку?

- Нет, в командировку поеду только на следующей неделе. На этой неделе буду заниматься другими делами. В понедельник буду готовиться к собранию в отделе. Во вторник проведем собрание. В среду будут заслушивать отчет отдела в департаменте. В четверг с десяти до часу надо проводить прием граждан. В пятницу надо утвердить годовой план отдела.

- Да, всю неделю будешь занят, оказывается.

В) - Әлия, сіз ұйымдастыру бөлімінің телефон нөмірін білесіз бе?

- Иә, 32-44-58.

- Ұйымдастыру бөліміне телефон соғып, бейсенбіге дейін келесі аптада болатын департамент мәжілісіне байланысты жоспарланған кұжаттарды жіберсін деңіз.

- Жарайды. Қазір телефон соғамын.

В) – Алия, ты знаешь номер телефона организационного отдела?

- Да, 32-44-58.

- Тогда позвони в орготдел и скажи, чтобы до четверга выслали плановые документы, связанные с собранием в департаменте на следующей неделе.

- Ладно. Сейчвс позвоню по телефону.

8 Жыл мезгілдері. Ауа райы

1)Диалог

Асқар: Қайырлы таң, Наташа! Халың қалай?

Наташа: Сәлеметсің бе, Асқар! Халым жаман емес. Танысып қой. Бұл - Әсем. Ол біздің комитетімізде істейді.

Асқар: Қыздар, бүгін ауа райы қандай жақсы! Күн ашық. Самал жел соғып тұр. Көктем, меніңше, жылдың ең жақсы мезгілі.

Наташа: Меніңше, жылдың ең жақсы мезгілі – қыс. Қыста күн суық және қысқа болады. Қар жауады, тұман түседі. Ауа таза болады.

Асқар (күліп): Мен білемін ғой, сен қысты неге жақсы көретініңді Өйткені сенің туған күнің қыста. Олай болса, менің қарындасым, жазды ұнататын болу керек. Жазда күн ыстық, ұзақ болады, жылы жаңбыр жауады

Әсем: Екеулеріңдер де қателесесіңдер. Менің туған күнім көктемде болса да, жылдың ең жақсы мезгілі – күз. Күзде жеміс-жидек піседі. Күн салқын болса да, күз - ең әдемі жыл мезгілі.

Асқар: Жарайды, онда әрбіріміз өз пікірімізде қалайық. Қыздар, ертең ауа райы қандай болады екен?

Наташа: Болжам бойынша, таңертең күн жылы, күндіз жаңбыр жауады. Кешке жақын кішкене салқындайды. Ауаның температурасы 5 – 7 градус жылы болады.

Сөздік

Ауа райы – погода

Қателесу – ошибаться

Меніңше – по-моему

Суық – холодный, холодно

Ыстық – жаркий, жарко

Қар жауады – идет снег

Қысқа – короткий

Ұнату – нравиться, понравиться

Болжам – прогноз

Салқындау – похолодать

өйткені – потому что

самал жел – легкий ветерок

ұзақ – долгий, долго

жаңбыр жауады – идет дождь

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]