Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2) Монолог Жыл мезгілдері

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.

Жазда ауа райы желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз, ашық болады. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Мауысымның 22-сі-ең ұзақ күн. Жаз айларында табиғат өте әдемі. Жаз айының ауасы да ерекше. Хош иісті ауаны жұтып көшеде қыдыра бергің келеді. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені жаз айларында жұмыс көп болады.

Жаздан кейін қоңыр салқын күз келеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – көкөніс, жеміс-жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды,үй ішін қысқа қарай жылытады. Осындай кезде қыс та келіп қалады. Бұл кезде дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыс – жыл мезгілдерінің ең суық кезі. Қыста адамдар қысқы пальто, тон, етік киеді. Бірақ бұл қысқы айлардың да адамдарға ұнайтын кездері болады. Мысалы, ақ қар жауып тұр, бірақ күн онша суық емес. Осындай кезде қаланың сыртында шаңғы тепсе… Ғажап емес пе?!

Қыстан кейін көптен күткен көктем келеді. Бүл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады, жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта бастайды. Жылы жаңбыр жауады, оңтүстіктен жылы жел еседі. Көктем – тамаша кез.

Сөздік

Хош иісті жұту – поглощать приятный запах

Күннің көзі жарқырайды –ярко светит солнце

Жел еседі – дует ветер

Қоңыр салқын – умеренная прохлада

Қараңғылық – темнота, сумерки

Ақ қар жамылады – покрываются белым снегом

Көгілдір мұз жабады – покрывает голубой лед

Ғажап емес пе?! – Не дивно ли?!

Табиғат ұйқысынан оянады – Природа просыпается от спячки

Жылыту - утеплять

3) Тапсырма: Үлгі бойынша ауа райы туралы айтып беріңіз

Ертең күндіз Павлодарда ауа райы суық болады. Кешке жақын күн бұлттанады, қатты жел соғады. Жауын-шашын болады. Температура 10 градус жылы болады.

Ертең Павлодарда жылы болады. Жауын-шашын болмайды. Баяу жел еседі.Ауаның температурасы жиырма-жиырма екі градус жылы болады. Ауаның ылғалдылығы – жиырма бес процент

Бүгін жер тайғақ екен

Таяуда аяз болады

Түске қарай күн ысиды

Кешке жақын күн жылиды

Қазір аспан ашық, бұлтсыз

Түнге қарай күн суытады. Аспан ашық, жауын-шашын болмайды. Күзде күн қоңыр салқын болады. Күндіз ауа он бес градуске дейін төмендейді

Сөздік

Ауа райының өзгеруі мүмкін – погода может измениться

Жауын-шашынсыз – без осадков

Күн күркіреуі мүмкін – возможен гром

Дауыл көтерілуі – усиление ветра

9 Саяхат

1) Диалог

Асқар: Наташа, Сәуле сен жазғы демалыста біздің жаққа келе алмайды деген. Сонда жоспарланған бірдеме бар ма?

Наташа: Иә, біз жазда Алматыға Астана арқылы барамыз деп жоспарлағанбыз. Қазір сол саяхатқа дайындық жүргізіп жатырмыз.

Асқар: Ол қандай дайындық?

Наташа: Әркім өзіне тиісті тапсырма алмақ. Мысалы, мен жалпы маршрутты анықтамақпын. Менің ойымша, бөрімізді Марина басқарар. Оның ойынша, Астанаға дейін пойызбен бармақпыз. Астанада көп уақыт аялдамаспыз. Бір-бір жарым аптадан кейін ұшақпен Алматыға ұшпақпыз. Алматыда үш аптадай болмақпыз. Онда «Алатау» профилакториясында тұрмақпыз. Алматыда біз «Медеу» мұз айдынын көрмекпіз, мұражайлармен таныспақпыз. Мүмкіндік болса, Абай атындаға опера және балет театрына бармақпыз. М. Әуезов атындағы драма театрында спектакль тындамақшымыз.

Асқар (күліп): Дүкендерді де ұмытпас шығарсыңдар?

Наташа: Әрине, үлкен-үлкен дүкендерді аралауды ұмытпақ емеспіз. Мен өзіме сәнді көйлек сатып алмақпын. Ақшамды үнемдеп ұстауға тырысармын. Бәрі ойдағыдай болса, бір айдан кейін Семей арқылы пойызбен оралмақпыз. Одан кейін Баянауылдың Жасыбайында демалпақпыз.

Сөздік

Аяқталу – закончиться

саяхат – путешествие

келісу – договориться

анықтау – уточнить

басқару – возглавить, управлять

жоспарлау – планировать

аралау – обходить

мүмкін – возможно

жалпы – общий

тиісті – обязательное

тырысу – стараться, постараться

үнемдеу – экономить

ойдағыдай – как задумано

мұражай - музей

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]