Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
147_rakhimjanov_kh.h._praktikalikh_khazakh_tili...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
1.03 Mб
Скачать

10 Кітапханада

1) Диалог құрастырыңыз

- Кітапханаға қалай жазылуға болады?

- Кітапхананың оқу залы қашан ашылады?

- Кітапхана қай жерде орналасқан?

- Ол нешеден нешеге дейін істейді?

- Каталог қай жерде?

- Кітап тапсырыс қағазын қалай толтырады?

- Мені экономикалық әдебиет қызықтырады.

- Кітапхананың екі оқу залы бар. Біріншісі жоғары курс

студенттеріне арналған, екіншісі- төменгі курс студенттеріне.

- Кітапхана таңертеңгі тоғыздан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді.

- Алфавиттік және пәндік каталог келесі бөлімде.

- Сіз біздің кітапханаға жазылып едіңіз бе?

- Бізде кітап өте көп, таңдағаныңызды алыңыз.

- Сіздер нешеден бастап жұмыс істейсіздер?

- Сағат тоғыздан кешкі сағат жетіге дейін жұмыс істейміз.

- Кітапханаға жазылғым келеді.

- Мен тарихи романдарды ұнатамын.

- Үйге қанша кітап алуға болады?

- Маған П.Друкердің «Нарық: топ жарып, алға шығу» кітабы керек еді…

- Мына кітапты маған қалдырыңызшы.

- Кітапханаға қалай өтуге болады?

2) Диалог Кітапханада

- Кітапханаға жазылу тәртібін айтыңызшы.

- Мұнда алғаш келгеніңіз бе?

- Иә, оқырман билетін қалай алуға болады?

- Қайда жұмыс істейсіз?

- Мектепте сабақ беремін

- Жеке куәлігіңіз бар ма?

- Бар. Мінеки.

- Маған беріңіз. Мына оқырман билеті бойынша кітап аласыз.

3) Диалог Кітапханада

- Кітапты қалай алатынын айтыңызшы.

- Каталогтағы бар қажет кітаптың атын, авторын, шифрын жазып кітапханашыға тапсырыс беріңіз. Ол сізге кітапты тауып береді.

- Тапсырысты қалдырып, кітапты ертең алуға бола ма?

- Иә, болады.

11 Менің Отаным – Қазақстан

1) Қазақстан – егеменді ел

Монолог 1

Қазақстанның жер көлемі - 2717300 шаршы шақырым. Оның 40 пайызы - өзен, көл, теңіз. Ал 50 пайызын шөл және шөлейт аймақтар алып жатыр. Қалған 10 пайызы - таулы жерлер

Халқының саны –15,672 млн. (01.01.1998 ж.). Халқының тығыздығы – 1 шартты км-ге – 6 адам. Астанасы – Астана (1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап). Астана халқының саны 400 мыңнан асады. Қазақстанның 14 облысы бар (05.05.97). Алматы және Астана қалаларының ерекше статусы бар.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттің ақшасы теңге болып есептеледі.

Монолог 2 Қазақстан Евразия құрлығының түкпірінде, Орталық Азияда орналасқан. Оның территориясы - 2.717.300 ш.км. (1.049.150. sq. miles). Ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның ауданы Европадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен.

Қазақстанның: Қытаймен 1460 км, Қырғызстанмен 980 км, Түркменстанмен 380 км, Өзбекстанмен 320 км, Ресеймен 6467 км шекарасы бар.

Монолог 3 Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады. Қазақстанның 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрады. Қазақстанның жері кең. Жер аумағы 2,7 млн шаршы шақырым. Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай. Республиканың жер қойнауында Д. Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі бар.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

2) Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз:

1 Қазақстанның жер көлемі қандай?

2 Қазақстан Азияның қай бөлігінде орналасқан?

3 Қазақстанда қанша адам тұрады?

4 Қазақстанның бас қаласы қай қала?

5 Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанда қандай саяси және экономикалық өзгерістер болды?

2) Мемлекеттік рәміздер

Монолог 1 Қазақстан елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын түсті және көгілдір түсті.

Сөздік

елтаңба – герб

жануарлар, хайуанаттар – животные, звери

найзасыз – без копья

үйеңкі жапырағы – кленовый лист

өсімдік – растение

көгілдір түс – голубой цвет

аясында – на фоне

шаңырақ – купол юрты

сәуле – луч

пырақтар – мифические кони

шаншылған – прикреплены

реңдік бейне – цветовое оформление, фон

Монолог 2 Қазақстан елтаңбасы

Қазақстан Республикасының елтаңбасы екі тұстен тұрады: сары және көгілдір. Көк түс қазақ үшін – киелі түс. Бұл түс өмір сүру, жаңару, жасару, мұратқа жету деген ұғымдарды білдіреді.

Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – ұлттық алтын бесік, барлық қазақ халқының ортақ шаңырағы. Елтаңбадағы қара шаңырақ – Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің де ортақ шаңырағы. Шаңырақ әлемдік геральдикада тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Елтаңбадағы келесі бейне – ай мүйізді қанатты қос пырақ. Бұл геральдика тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің күшін, еліктің шапшаңдығын, түлкінің айлакерлігін білдіреді. Қазақ мемлекетінің де қасиеттері осындай деген ойды аңғартады. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз салынған. Бес бұрыш тәуелсіз Қазақстанның есігі бес құрлыққа бірдей ашық дегенді білдіреді. Қазақ халқы ежелден жұлдыздарды қасиетті деп санаған. Сондықтан жұлдыздар бейнесі - Қазақстанның бағы ашылып, жұлдызы жарқырай берсін деген ойының елесі. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Бұл жазу «қазақ елі» дегенді білдіреді

жасару – молодеть

сары – желтый

жаңару – обновление

ежелден – издавна

мұратқа жету – достичь цели

аясында – на фоне

аңғарту – проследить

ортақ шаңырақ – общий дом

ұғым – понятие

тұңғыш – впервые

бесік – колыбель

елік – лань

қырағылық – зоркость

шапшаңдық – быстрота

құрлық – материк

сақтау – сохранить

бейне – образ

ерекшелік – особенность

Монолог 3

Әрбір дербес мемлекеттің әнұраны болады. Бұл елдің Елтаңбасы мен Туы сияқты ерекше қадірленетін қасиетті белгілерінің бірі. Әнұран әуеннен ғана тұрмайды. Оның сөздері болады. Өлең сөздерінде мемлекеттік әлемдік қауымдаста жүргізетін саяси бағыт-бағдары, іс-қимылы айтылады. Халықтың ұлттық ерекшелігі суреттеледі. Қазақстан әнұранында қазақ халқының ұлттық мінезі: бейбіт пейілі, айнымас ұлтаралық достығы, ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған асыл арманы жырланады. Әнұран халықтық қазынаға айналды. Ұлттық өнердің алтын қорынан орын алатын асыл туынды болды.

аңсау – мечтать

ерекшелік – собенность

қауымдас – собщество

асыл арман – заветная мечта

бейбіт пейіл – миролюбие

мінез – характер

қасиетті – священный

дербес – самостоятельный

айнымас – прочная, неизменная

сақталынып қалды – сохранилась

ыдырағаннан кейін – после распада

қабылдану – быть принятым

Монолог 4 Қазақстан Республикасының Туы

Ту – мемлекеттік рәміз. Ол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерінің бірі. Сондықтан да оны құрметтеу, мақтан тұту – сол ел азаматтарының борышы. Туда ел тарихы, өмір салты, мемлекеттік саяси бағыты беріледі. Қазақстан туы тік бұрышты бір түсті көгілдір матадан жасалған. Көк түс – қазақтың ұлттық бояуы. Көк түс – көк аспан түсі, ауа мен құрлықтың белгісі және адалдық пен тазалықтың нышаны.Бұл түс – көп ұлтты мемлекетіміздің бөлінбес тұтастығының көрінісі. Жалаудың ортасында алтын сәулелі күн бейнесі берілген. Бұл байлық пен берекеліктің көрінісі. Оның астында қалқып ұшқан қыран бейнеленген. Бүркіт – еркіндіктің символы. Қыран бейнесі тәуелсіздік алған қазақ елі әлемдік өркениет биігіне талассыз жетеді деген игі ниетті білдіреті. Тудың сол жағында ұлттық «қошқар мүйіз» орнегі бар тік жолақ салынған.

Сөздік

құрметтеу – почитать

құрлық – материк

тұтастық – целостность

қалқып ұшу – парить

ерен күш – большая сила (усилие)

кедергі – препятствие

тік бұрышты – прямоугольный

жалау – флаг

тазалық – чистота

мақтан тұту – гордиться

қайраттылық – настойчивость

өзгермейтін – неизменный

Монолог 5

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы замандар бойында қазақ халқының күнделікті пікір алысу қажетін өтеп отырумен қатар, рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп келеді. Қазақ тілі - өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, көсемсөздік, ресми іс қағаздарының тілі, стиль жағынан байыған, грамматикалық құрылысы барынша дамыған оралымды тіл. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша (1989) қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.

Монолог 6 Астана – Қазақстанның бас қаласы

Астана қаласы Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң жағында орналасқан.

Астана 1932 жылдан 1961 жылға дейін Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола, 1998 жылдан бастап Астана деп аталады, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Ақмола Қазақстанның бас қаласы болып жарияланды.

Астана Оңтүстік-Сібір (Орал, Қазақстан, Батыс-Сібір) және Трансқазақстан (Петропавл – Шу) темір жолдарының қиылысында орналасқан. Қала халқының саны 400 мыңнан астам.

Астана – мемлекеттің саяси орталығы: мұнда Республиканың парламенті жұмыс жүргізуде. Қазіргі Астана – Қазақстанның ірі ғылыми, мәдени орталығы. Қалада жоғары (оның ішінде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет), арнайы, орта оқу орындары, екі драма театры – орыс және қазақ драма театры, кинотеатрлар, мәдениет сарайлары (оның ішінде Целинниктер сарайы, Жастар сарайы), мұражайлар бар.

Астана – ауылшаруашылық машиналарын жасау, жеңіл тамақ өнеркәсіптері дамыған орталық. Астана жері – Бөгенбай батыр, Саққұлақ би, Балуан Шолақ, жазушы Ілияс Есенберлин сынды қазақтың атақты адамдарының жері.Қазір Астанада кең көлемде ұлттық ерекшеліктер енгізілген құрылыс жүргізілуде.

жариялау – объявить

саяси – политический

қиылыс – пересечение

мәдени – культурный

күрт – резко

солтүстік – север

мұражай – музей

ауылшаруашылық – сельскохозяйственный

даму – развиваться

бекініс – крепость

астам – более

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]