Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПУП АРдак.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
553.98 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

«Байланыс мекемелерінің қаржылық-шаруашылық әрекетінің сараптамасы және диагностикасы» экономикалық ғылымдардың оқу жоспарының жалпы циклындағы соңғы пән болып табылады. Ол студенттердің экономикалық теория, байланыс экономикасы, статистика және басқа да экономикалық пәндерді оқу нәтижесінде алған білімдеріне базаланады.

Курстық жұмыстарды орындау студенттерге байланыс мекемелерінің (БМ) тұтынушыларды байланыс қызметіне қанағаттандыруы бойынша және өндіріс тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша көп қырлы қаржылық-шаруашылық әрекетінің (ҚШӘ) барлық жағын қамтитын көрсеткіштерді есептеу мен көрсеткіштерін сараптаудың практикалық дағдысын алуына ықпал етеді.

Нарықтық экономика жағдайында сараптау өндіріс ішілік резервтерді анықтап, жұмылдырудың, өндірістік қатынастарды жетілдірудің, БМ ҚШӘ басқару мен жобалаудың маңызды алғышарты болып табылады.

Сараптау мен диагностика БМ жұмыс нәтижесін қабылданған басқарушылық шешімдердің негізділігін мекеменің (фирманың) стратегиялық та, тактикалық та бизнес –жоспарын құрастыру кезіндегі өндірістің тиімділігі мен сапасы тұрғысынан бағалауға арналған.

Студент өз жұмысында сараптаудың көрсеткіштерін және есептеудің әдістерін жетік меңгергенін көрсетіп қана қоймай, үдерістің мәнін де түсіндіре білуі, сондай-ақ сараптау нәтижелерін экономикалық сауатты рәсімдей білуі қажет. Соңғысы, сараптау көрсеткіштері кесте түрінде және түсіндірмелермен және қорытындымен беріледі. Көрнекілік үшін сараптау нәтижелерін графиктермен безендіру қажет.

Квалификацияланған экономист-менеджерлер кәсіпорынның барлық саласында экономикалық зерттеулердің барлық әдістерін, сонымен қатар диагностика мен анализінің құралдарын білуі керек.

ҚШШ анализ механизімін қамту мәселесі телекоммуникация (байланыс) саласы мамандарына көкейтесті болады. Еңбекті бөлуді жүзеге асыру жүйесінде байланыс жүйесі тұтынушыларға ақпараттарды беруде техникалық құрал және әртүрлі ақпараттарды жеткізуден тұрады.

Техника және технологиялық үрдістердің қиындауына, өндіру құрылысында және масштабта болатын өзгерістер арқасында мемлекетіміздің ұлттық байлығының негізгілерінің және маңызды ұлттық ресурс болатын ақпараттар маңыздылығы өседі.

Берілетін ақпараттың дер кезділігі мен сапасы көбінесе ақпаратты беру және өңдеу технологиялық үрдісінде пайдаланылатын беру құралының техникалық деңгейіне байланысты болады.

Қазіргі кездегі байланыс желісі күрделі техникалық жүйе бола тұра байланыс (оператор) кәсіпорындардан, яғни әртүрлі элементтерден тұрады.

Қаржы-шаруашылық шара диагностикасы мен анализ кезінде міндетті түрде есепке алынатын байланыс эксплуатациялық кәсіпорыны ұйымдастыру экономикалық ерекшеліктері, басқа сала кәсіпорындарын айыратын қатары бар.

Сонымен байланыс (қызмет) өнімінің мәнсіз сипаты өзіндік құнның құрылысы мен байланыс кәсіпорындардың өндіріс қорлары құрамында маңызды ықпал жасайды. Шикізаттың және негізгі материалдардың жоқтығы өндіріс қорларының жалпы құнынан негізгіге 95%–ке келтіреді.Материалдар кететін шығынның салыстырмалы салмағы өнімнің өзіндік құнының 5-6% көтермейді.Сонымен қатар, өзіндік құн тозықты бөліп шығару және жалақы үлесі жеткілікті үлкен.

Байланыс қызметінің басқа бір ерекшелігі тұтыну және өндіру үрдісінің бөлінбейтінділігі болып табылады.

Бұл өнімнің сапасына талап етуді және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын көтеру болады, яғни байланыс желісі қалпын талдауға және түсетін жүктеменің диагностикасына үлкен мән беріледі, оны түзетуге іс– шаралар жасалады.

ҚШШ анализінде тағы бір байланыстың ерекшелігі бір кәсіпорынның аумағнда өндіріс циклінің аяқталмауы, бірнеше кәсіпорындардағы аяқталған қызметтерді құруға қатысуы (мысалға, телефонмен халықаралық қатынас жасау, телеграмма) болып табылады.

Бұл тұтынушыға арналған аяқталған қызметті жасау үрдісінде кәсіпорындардың өзара әрекеті мен байланыс желісін оңтайлы құру анализдің мәнін көтереді.

1. Жалпы әдістемелік нұска

Дайындау талаптары. Аяқталған жұмыс титул бетінен, мазмұннан, тапсырмадан, түсіндірмелік мәтіннен, графиктерден және есептеу нәтижелері бойынша тұжырымдардан тұрады. Түсіндірмелік мәтінді тарауларға бөлу керек, оның әрбіреуінде тапсырма жинақталып, есептеулер жүргізіліп, алынған нәтижелер сарапталады. Соңғысы тиісті пішіндегі кестелерге жазылуы тиіс. Мәтіннің, кестенің және графиктің парақтары нөмірленеді. Қорытынды анық болып, қабылданған шешімдер ұсыныс түрінде беріледі. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Жұмысқа қол қойылып, күні көрсетіледі.

Вариантты тандау. Курстық жұмысты орындаудың бастапқы мәліметтері қосымшада берілген. Нұсқа сынақ(зачет) кітапшасының соңғы екі саны бойынша таңдап алынады. Егер соңғы екі сан 51, 52, 53 және с.с. болса, онда келесі нұсқалар орындалады: 01, 02, 03 және т.б. яғни, соңғы екі саннан 50 алып тастау керек. Егер сынақ(зачет) кітапшасының нөмірі екі нөлмен аяқталса, онда 50- нұсқа орындалады.

Тапсырма. БМ деректері бойынша базалық және ағымдағы жылдарда ҚШӘ кешенді сараптау жүргізу және соңғы нәтижелері мен базалық жылға қарағанда ағымдағы жылдағы жұмыс тиімділігі бойынша қорытынды жасалады. БМ жұмысының тиімділігіне және сапасына әсер етуші негізгі факторларды анықтап, талдау қажет.

Талдаудың реттілігі:

1. Есеп және жұмыстың динамикасының сонғы нәтижесіне сипаттама: көрсетілетін қызмет көлемі, негізгі әрекеттен түсетін табыс, 100 тұрғынға шаққандағы байланыс қызметін тұтынудың деңгейі.

2. Есеп эәне өндірістік қорының динамикасын анализі: негізгі өндірістік қорлар, айналым құралдары, жұмыс күші.

3. Есеп және өндірістік қорының қолдану нәтижелік көрсеткішінің анализі: еңбек өнімділігі, қор қайтымы, қор құралданғандығы, қор сыйымдылығы, өнімнің метариалдық- энергия сыйымдылығы, қор құралданғандығы мен қор қайтымына байланысты айналым құралдарының айналымдылық , еңбек өнімділігі коэффициенті.

4. Есеп және ҚШҚ көрсеткішінің сипаттама динамикасының анализі: өнім бірлігінің пайдалану шығындары мен өнім көлеміне қарай өзіндік құны және өнім көлемі; түсім мен рентабелділік.

5. Факторлық анализ динамикасын орындау индекс байланысының әдісі: өнім бірлігінің шығындары мен өнім көлеміне қарай өзіндік құны және өнім көлемі; қор құралданғандығы мен қор қайтымына, сондай-ақ қызмет көлемі мен жұмсышылар санына байланысты, еңбек өнімділігі.

6. Өтеу жүйелерімен және элементтің өндіру бірлігін өзіндік құнының динамикасын талдайды. Базалық жылмен салыстырғандағы ағымдағы жылдағы өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау, өзіндік құнның төмендеу (арту) пайызын шығынның әрбір саласының динамикасы бойынша анықтау, өнімнің өзіндік құнының еңбек өніміділігі есебінен төмендеу пайызын анықтау.

7. Тізбекті орнату арқылы анықтау әдісі; өнімнің өзіндік құнының төмендеуі есебінен пайдалану шығындарын үнемдеу; қор қайтымы есебінен өнімнің артуы; еңбек өніміділігі есебінен жұмыс күшін үнемдеу.

8. Факторларының келесі рентабельдік динамикасы әсері белгілеу орнату арқылы тізбектеу әдісі: байланыс қызметінің бірлігіне (өнім құны) шаққандағы жүзеге асырудан түскен кірістің көлемі; өнім бірлігінің өзіндік құны; айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті және қор қайтымы.

9. Базистық салыстыру осы жылғы ҚШҚ нәтижесін интегральды бағалау.

Курстық жұмысты орындауға берілген кеңестер. Базалық және ағымдағы жылдардағы БМ есепті мәліметтері бойынша ҚШӘ талдау жүргізу және базалықпен салыстырғандағы ағымдағы кезеңнің соңғы нәтижелері туралы қорытынды жасау.

Түсіндірме жазбасы есептеулердің әдістемелерін, есептеулер нәтижелерін және базалықпен салыстырғандағы ағымдағы жылдың көрсеткіштер динамикасын талдауын қамтуы керек, талданатын көрсеткіштер кестеге толтырылады. Жұмыс нәтижелілігі мен сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер графиктер түрінде беріледі.