Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі телефонограммалар нысандары

      174. Дара жолды аралықтарда поездарды қабылдау және жөнелту кезінде осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығу телефонограммаларын адрестеумен поездық телефонограммалардың келесі негізгі нысандары қолданылады.        175. Аралықтан жөнелту станциясына қайтып келетін поездарды және итергіш локомотивтері бар поездарды жөнелту кезінде поездық телефонограммаларды олардың мәтініне енгізілген тиісті өзгерістерді бірізділікті беру сақталуы тиіс:        1) аралықтан поездың кері қайтып келуі кезінде осы Нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес.       Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша, ал оның кері қайтып келуі туралы хабарлама – осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша беріледі.       Поездарды аралыққа қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйіспеге вагондарды беру үшін аралыққа жөнелту де осындай нысандар бойынша жүргізіледі.       2) итергіш локомотиві бар поездардың қозғалысы кезінде осы Нұсқаулықтың 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.       Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша «итергішпен, __ км-ден кері қайтумен» сөздерін қосу арқылы беріледі. Поездардың келуі туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша, ал итергіштің қайтып келуі туралы хабарлама - осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес 10-нысан бойынша беріледі.       Поезды көрші станцияға дейін итергіш локомотивпен жөнелту кезінде телефонограммалар «итергіш» деген сөзді қосу арқылы осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 1, 2, 3 және 4-нысандары бойынша жіберіледі.       176. Станцияларға тоқтамай өтетін поездар туралы телефонограммалармен алмасу әдеттегі тәртіппен осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1 және 2-нысан бойынша жүргізіледі, ал поездың жүріп өтуі туралы хабарлама (келуі және жөнелтуі) көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша беріледі.       177. Поездар айырылысу кезінде станция бойынша кезекші, қарама қарсы бағыттағы поезды жөнелтуге байланысты көрші станция бойынша кезекшіге поездың келгені туралы хабарлайды және осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4 және 1 нысандардың немесе осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысанының және осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1-нысанының мәтіндерін біріктіре отырып қарама қарсы келе жатқан поезды жөнелту туралы сұрау салады.       178. Аралықта түйісуге қызмет көрсету үшін қосалқы пост ашылған кезде осы посты тағайындалуы бойынша түйісуге немесе түйісуден кері жүретін поездардың қозғалысы туралы келіссөздерге ғана қатысады.       179. Түйісуге (постқа) поезды жөнелту алдында жөнелту станциясы бойынша кезекші көрші станциялардың бірінен посты бойынша кезекшіден немесе алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекшіден осы Нұсқаулықтың 40-қосымшасына сәйкес 12-нысан бойынша жөнелтуге рұқсат сұрайды.       Алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес 13-нысан бойынша бойынша жөнелту станциясына және постыға жауап береді.       Бұл рұқсатты алғаннан кейін посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша жөнелту станциясына келісім береді.       Жөнелту станциясы бойынша кезекші постыға поездың жөнелтілгені туралы осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша посты және көрші станция бойынша кезекшілерді хабардар етеді.       Поезд түйіспеге келген және түйіспе бағыттамасы орнатылған соң посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасынасәйкес 4-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерді хабардар етеді.       180. Поезды түйіспеден көрші станциялардың біріне жөнелту кезінде посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 42-қосымшасына сәйкес 14-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерден рұқсат сұрайды.        Артта орналасқан станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес 15-нысан бойынша постыға және посты бойынша алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекшіге жауап береді.       Бұл рұқсатты алғаннан кейін алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекші посты бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша поездарды қабылдауға келісім береді. Келісімді алғаннан кейін, посты бойынша кезекші поездарды жөнелтеді, түйіспе бағыттамасын қалыпты жағдайға орнатады, осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерді поездардың жөнелтілгені туралы хабардар етеді.       Поездың келуі туралы қабылдау станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша посты бойынша кезекшісіне және көрші станция бойынша кезекшіні хабардар етеді.       181. Жылжымалы құраммен түйіспеден қайтып келумен бас жолға шығу қажеттілігі кезінде поездық диспетчердің бұйрығымен аралық барлық поездардың қозғалысы үшін жабылады.       Аралықтың жабылуы туралы поездық диспетчердің бұйрығын бергеннен кейін бас жолға шығу посты бойынша кезекшінің сигналы арқылы жүргізіледі.       Аралық поездар қозғалысы үшін оны босатқан соң және түйіспе бағыттамасы орнатылған соң ашылады вагондардың түйісу жағынан кету жағдайын болдырмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]