Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КТЖ1.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
301.74 Кб
Скачать

§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға қабылдау

      323. Кіру бағдаршамының негізгі жарығы сөнген немесе тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға поездарды қабылдауға жол берілмейді. Кіру бағдаршамының негізгі жарығы сөнген немесе тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға поездар қабылдау шақыру сигналы бойынша, станция бойынша кезекшінің арнайы рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін және тек ерекше жағдайларда және тәртіпке сәйкес осы Нұсқаулық бойынша көзделеді.       Станцияға шақыру сигналы бойынша немесе станция бойынша кезекшінің арнайы рұқсат етуі бойынша қабылдау кезінде поездардың жүру жылдамдығы 20 км/сағаттан аспауы тиіс, бұл ретте машинист поезды мұқият сақтықпен және егер әрі қарай қозғалыс үшін кедергі кездесіп қалса, тоқтауға дайындықпен жүргізеді.       324. Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияда поездарды қабылдауға мына жағдайда жол беріледі:       1) кіру бағдаршамын ақаулығы салдарынан ашу мүмкін болмағанда;       2) егер поезды қабылдау станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделмеген және кіру бағдаршамын ашу мүмкін емес жолда жүргізілсе;        3) станцияда орналасқан депоға баратын итергіш локомотивтерді, деподан поезд құрамымен баратын локомотивтерді белгілі жол учаскелерінде қабылдау;       4) қалпына келтіру және өрт поездарын, қосалқы локомотивтерді, вагонсыз локомотивтерді, қар тазалағыштарды, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды, сонымен қатар шаруашылық поездарын және жол машиналарын жолаушылар поезы тұрған жолдан басқа станция жолдарының бос учаскелерінде қабылдау (аралықты жабумен жұмыс жүргізу кезінде).       325. Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау:       1) машинистке радиобайланысы бойынша берілетін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;       2) кіру бағдаршамында белгіленген арнайы телефон бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;       3) шақыру сигналы бойынша;       4) станция бойынша кезекшінің жазбаша рұқсаты бойынша;       5) поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша (диспетчерлік орталықтандыру кезінде);       6) кіру сигналының бағанында орнатылған арнайы маневрлік сигнал бойынша жүргізіледі.       326. Сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 325-тармағына сәйкес, кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезіндегі (немесе осындай бағдаршам болмайды) дұрыс жол бойымен жүріп келе жатқан поезды станцияда қабылдайды. Бұл рұқсат етулер кіру (маршруттық) бағдаршамын күрт жапқан кезде машинист тыйым салуды қабылдап, поезды кіру бағдаршамы жанғанда қабылдайды.       Аталған рұқсат етулердің кез келгені машинистке станция бойынша кезекшінің қабылдау маршрутының дайын екеніне көз жеткізген соң ғана берілуі мүмкін.       Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияға поездарды қабылдау туралы машинистке берілетін бұйрықтар осы Нұсқаулықтың 8-тармағының талаптарына сәйкес тіркелуі тиіс.       Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде және дұрыс емес жолдар бойынша станцияға поездарды қабылдау кезінде қызметкерлердің әрекеті станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.       327. Кіру (маршруттық) бағдаршамы жанбаған кезде маршруттық нұсқағыш (парк немесе қабылдау жолы) поезд станцияда кіру (маршруттық) бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші бойынша жарамсыз маршруттық нұсқағыштың өтуге қосымша рұқсат етуін машинистке бермей-ақ қабылдайды. Бұл жағдайда машинист станцияға кірер алдында ерекше қырағылық танытуы тиіс.       Станцияда маршруттық нұсқағыштың ақаулы жағдайында кіру (маршруттық) бағдаршамының өтуі айнымалы және тұрақты ток электр тартқышының түйісуі, сондай-ақ станцияда табандарының ені әртүрлі жолдардың бірігуі Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін нұсқаулықтарда белгіленеді.       328. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде поездарды қабылдау туралы радиобайланысы бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы осы Нұсқаулықтың 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі:       Поездың дұрыс емес жол бойымен жүруі және осы жол бойында кіру бағдаршамы болмаған кезінде тіркелетін бұйрық осы Нұсқаулықтың 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі:       Машинист бұйрықты қайталап және станция бойынша кезекшіден бұйрықты дұрыс түсінгені туралы растаманы алған соң станцияға поезды кіргізеді.       Машиниске кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияға поездың кіруі туралы станция бойынша кезекшінің бұйрығы, егер бұл рұқсат кіру бағдаршамында орнатылған арнайы телефон бойынша берілсе ("Станция шекарасы" сигнал белгісі) осындай нысандар бойынша беріледі. Бұл телефонды тек локомотив бригадалары ғана пайдалана алады. Негізінен, радиобайланысы бойынша бұйрық станцияға поезд келер алдында машинистке алдын ала беріледі. Машинистке бұйрық арнайы телефон бойынша поезд тоқтағаннан кейін кіру бағдаршамы ("Станция шекарасы" сигнал белгісі) алдында беріледі.       329. Диспетчерлік орталықтануы бар учаскелерде кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау осы Нұсқаулықтың 79-тармағында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.       330. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау станция бойынша кезекшінің жазбаша рұқсат етуі бойынша ерекше жағдайда ғана жүзеге асырылады, осы мақсат үшін осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген рұқсаттардың басқа нысандары пайдаланыла алмайды. Жазбаша рұқсат осы Нұсқаулықтың 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.       Рұқсат станция штемпелімен және станция бойынша кезекшінің қолымен рұқсатты толтырудың күні, айы, уақыты (сағаты) көрсетіліп бекітіледі.       Келген поездың машинисіне жазбаша рұқсатты беру үшін бағыттама посттарының кезекшілері, сигнал берушілер, орталықтану посттарының операторлары, құрама бригаданың қызметкерлері және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген тәртіппен басқа қызметкерлер тартылуы мүмкін.       331. Машинистке жазбаша рұқсат беруге тағайындалған қызметкерлер поезды кіру (маршруттық) бағдаршамы алдында, ал дұрыс емес жол бойынша (осы жолда кіру бағдаршамы болмаған кезде) - "Станция шекарасы" сигнал белгісінде тосып алады, келе жатқан поезд бағытын көрсетеді: күндіз – жайылған қызыл ту, ал түнде – қол сигналы фонарының қызыл жарығы. Поезд тоқтағаннан кейін машиниске жазбаша рұқсат беріледі.       332. Станция жолдарында бос учаскелерде қалпына келтіру және өрт поездарын, вагондары жоқ қосалқы локомотивтерді, қар тазалағыштарды және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, сондай-ақ шаруашылық поездарын қабылдау (жабық аралықтағы жұмыс жүргізу кезінде) (жолаушылар поезы тұрған жолдан басқа адамдар және разрядты жүгі бар поездар) қажетті жағдайда осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген рұқсаттар бойынша кіру сигналының тыйым салушы көрсеткіші кезінде ғана рұқсат етіледі, бұл ретте локомотив машинистері (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері) станцияда қабылдау туралы рұқсаттарды бір уақытта берумен (соның ішінде кіру бағдаршамында шақыру шамын жағар алдында) қай жерге тоқтауы қажеттігі туралы ескертулері тиіс.       Бұл жағдайда станцияда кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде локомотив машинистері (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері) хабарламада көрсетілген жерге тоқтайды, әрі қарай станция бойынша кезекшінің, орталықтану посты операторы, бағыттама посттың кезекшісі немесе сигнал беруші сигналдарымен немесе нұсқауларын басшылыққа алады.       333. Әзірленетін станциялық жолдардың белгілі бір учаскесіне итергіш локомотивтерді, станцияда орналасқан депоға бара жатқан немесе көрші станцияда орналасқан деподан поездар құрамына бара жатқан локомотивтерді қабылдау тәртібі олардың станция шекарасынан белгілі бір орынға – маневрлік бағдаршамға немесе «Итергіш локомотивтің аялдамасы», «Поезд құрамына бара жатқан локомотивтің аялдамасы», «Депоға бара жатқан локомотивтің (мотор-вагонды поездың) аялдамасы» деген жазуы бар арнайы нұсқағышқа дейін жүруін, сондай-ақ бұл локомотивтердің станциялық жолдар бойынша одан әрі жүру тәртібі көзделуі тиіс.       Станцияға бұл локомотивтердің кіруі үшін рұқсат ету осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поезд қабылдау үшін рұқсат ету мүмкін.       Белгіленген тәртіп станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі және депоға келетін локомотив (мотор вагонды поездар) және итергіш машинистеріне жарияланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]