Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДК+ОБЖД.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
129.29 Кб
Скачать
    1. Төтенше жағдайлар

1.3.1 Төтенше жағдайлардың жіктелуі

Төтенше жағдайлар негізгі үш белгісі бойынша жіктеледі:

  1. Шығу тегі бойынша.

  2. Салалық;.

  3. Таралу масштабы бойынша.

Шығу тегі бойынша:

-техногенді

-табиғи сипаттағы болып бөлінеді

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар:

-геофиқзикалық қауіпті құбылыстар(зілзала, вулкандардың атқылауы)

-геологиялық қауіпті құбылыстар(сел, көшкін, );

-метеорологиялық қауіпті құбылыстар(боран, құйын, құрғақшылық, қатты аяздар);

-теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар

-гидрологиялық қауіпті құбылыстар(су басу, грунт сулары деңгейлерінің көтерілуі)

-табиғи өрттер(даладағы, ормандағы, тофты)

-адамдардың жұқпалы аурулармен ауыруы(эпидемия)

-ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы аурулармен ауыруы(эпизоотия)

-ауыл шаруашылық дақылдарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы(эрифитопия)

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

-өндірістегі;

-көліктегі аварийялар(авиа, авто катастрофалар, темір жол көлігіндегі, магистралды құбырлардағы аварийялар);

-өрттер(жарлыстар);

-АХҚЗ, РЗ, БҚЗ (химиялық, радиациялық, биологиялық) төгілуіне қатысты аварийялар;

-электро-энергетикалық жүйелердегі аварийалар;

-коммуналды жүйелердегі аварийялар;

-гидродинамикалық аварийялар.

Салалық бойынша:

-құрлыстағы

-өндірістегі

-көліктегі

- ауыл шаруашылығындағы;

-орман шаруашылығындағы;

-көлік коммуникацияларындағы( газ, мұнай құбырлары)

Таралу масштабы бойынша

-обьектілік(қондырғы, цех, обьектіні қамтиды);

-жергілікті(облыс, қала, ауданды қамтиды);

-аймақтық(бірнеше облыстарды, ірі регионды);

-ауқымды(ҚР территориясын және көршіліс мемлекеттерді қамтиды)

1.3.2Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.

Су тасқыны – қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу

Су тасқынының негізгі себептері:

  1. Ұзақ нөсер жауын

  2. Қардың және мұздың қарқынды еруі

  3. Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы

  4. Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы

  5. Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы

  6. Өзен жолдарының бітеліп қалуы

  7. Цунами

Су тасқынының түрлері:

Топан су – жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемдегі қардың еруімен бірте-біртекөтерілуі;

Тасқын су – толассыз жауынның нәтижесінде су деңгейінің жылдам көтерілу;

Айдалған су тасқындары – қатты желдің ,өзен, көл суларын жағалауға айдауынан туындайтын су тасқыны;

Цунами – суасты жер сілкіністерінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауында туындайтын су тасқыны;

Бөгеттердің бұзылуы – гидротехникалық қорғаныс үймереттерінің бұзылуы немесе су көлемінің мөлшерден тыс құйылуы нетижесінде туындайтын су тасқыны.

Су тасқынының қиратушы факторлары:

  1. Үлкен су массасының қарқынды ағысы;

  2. Биік толқындар, су айналымдары;

  3. Судың төмен температурас;

  4. Судағы қалқынды заттар;

  5. Электр сымдарының үзілген жағдайдағы электр тоғы;

  6. Инфекциялық аурулар

Су тасқыны кезінде

Адамдарды,малдарды, жеке мүліктерді және материялдқық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары –теплоходтар, баржалар /суйретпе қайықтар/ катерлер, баркастар/ көп есікті қайықтар/, паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей пайдалануы тиіс. Егер онда жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөлшектерді, билондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.Әртүрлі мүліктер мен дүниелерді, материялдық бағалы заттардығ сондай-ақ малдарды тасу үшін жуан бөренедерден, сығаулардан сал жасау қажет, қайықтарды пайдаланып, олардың үстіне тақтайларды, бөренелерді, сырғауларды төсеп, шегелеп, байлап, тастауға болады.

Жер сікінісі

Жер сілкінісі – қаһарлы , кездейсоқ құбылыс және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пенжарылыс нәтижесінде пйда болады және әлеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі жанартаулық,денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жер сілкінісі қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен краст үңгірлердің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жер сілкінісі литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде , Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.

Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Табиғи жер сілкінісі табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде туындайды: тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, үлкен метеориттердің құлауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар т.б.

Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарлыстар, жер асты үймереттердің бұзылуы, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т.б.

Жер сілкінудің негізгі сипаттамалары

  1. Гипоцентр – жер астында сілкініс басталған орын

  2. Эпицентр – гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы.

  3. Сілкіну ошағының тереңдігі – жер бетінен гипоцентрге дейінгі қашықтық..Терең емес сілкіністерде ошақтың тереңдігі5-40км, тереңінде 500км дейін.

  4. Күшті дүмпулердің ұзақтығы – орташа сілкіністе 2-ден 5 секунқа дейін,күштісінде 20-90секунд.

  5. Жер сілкіну ауданының радиусы – орташада 5-15км, күштісінде 50-160км.

  6. Жер сілкінудің интенсивтілігі – белгілі бір жердегі жер сікінісінен болған шығынның дәрежесі, балл.

12 балдық халықаралық шкала бойынша жер сілкінісінің сипаттамалары:

1балл – елеусіз сілкініс, аспап арқылы тіркеледі

2балл – әлсіз дірілді жоғарға қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді

3 балл - әлсіз, дүмпуі аз ғана адамға білінеді, терезе дірілдеп, іле шамдар теңселеді, жекеленген адамдар ғана сезеді

4балл – елеулі сілкіну ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді – есік-терезе, ыдыс-аяқ, үй қабырғалары, шкаф, кереует сықырлайды.

5балл – дүмпуді барлық адамдар сезеді-

6 балл – күшті сілкіну – діріл жүруге кедергі келтіреді ғимараттар теңселеді (бүлінеді), сылақтарда жарықшақ пайда болады

7балл – адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, пенелдер арасындағы қилыстар жарылады

8балл – адамдар өзін-өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады,ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды, қирату күші мол сілкініс

9балл – адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жаппй зақымдалады;

10балл – ғимараттар толық қирайды; жойқын сілкіну,

11балл - апат;

12балл – жер бедерінің қатты өзгерісі

Кесте1 Жер сіліну кезіндегі ғимараттардың бүліну дәрежелері, балл

Құрлыстар мен ғимараттардың атаулары

Бүліну дәрежелері, балл

әлсіз

орташа

күшті

Кірпіштен(тастан) салынған 3 қабатты және одан көп

5-6

6-7,5

7,5

Кірпіштен(тастан) салынған 1-2 қабатты

6-7

7-7,5

7,5-8

Ағаш қаңқалы ғимараттар мен құрлыстар

5

6

6-7,5

Көп қабатты металл қаңқалы немесе бетон (темір-бетон)

панелдерінен салынған

5-6

6-7,5

7,5-8

Жер сілкінісі кезінде кезінде жасайтын әрекеттеріңіз

Жер сілкінісі кезінде адамдардың топырақ қабатындағы қозғалыстан өлім-жітімге ұшырауы өте сирек кездеседі. Олардың мұндай жағдайдағы өлім-жітімге көбіне күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны сынықтары, қабырғалық материялдары себеп болады.

Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты-басты себептер мыналар болып табылады:

  • Үйлердің жеке бөліктерінің қирауы, кірпіштердің, мұржалардың, карниздердің, жапсырылған әсемдік заттардың, балкондардың, қабырғаларын қаптаған тас тақталардың, есік-терезе жақтауларының, шамдалдардың, статуялардың, сәндік әшекейлердің құлап түсуі;

  • Қираған шынылардың құлап түсуі, әсіресе үйдің жоғарғы қабаттарынан түсетіндері ерекше қауіпті;

  • Үзілген электр желілерінің көшедегі адамдар көп жүретін жерінде жатуы;

  • Бүлінген газ құбырлары мен тұйықталған электр желілерінен пайда болатын өрттің шығуы: су құбырларының бүлінуі салдарынан су келмей қалуы мүмкін жағдайларда мұндай өрттің қатері күшейе түседі;

  • Шектен тыс дүрлігіп, асып-сасқан адамдардың орынсыз әрекеттері.

  • Жер сілкінісі кезінде адамдардың жарақаттануы мен апатқа ұшырауының қаупін азайтуға әбден болады. Ол үшін жер сілкінісі бола қалған жағдайда әркім өзінің не істеуі керектігін күні бұрын мұқият ойластырып, жан-жақты әзірлік жасауы тиіс.

Жер сілкінісіне дейін

Негізгі ереже. Әдеттегі үйреншікті жағдайдың қандай кезінде де – үйде, жұмыс орынында, кинода, театрда немесе көшеде-жер сілкінісі бола қалған жағдайда өзіңіздің қандай әрекеттер жасауға тиіс екеніңізді алдын ала ойластырып, жүйелей алуыңыз тиіс. Мұның өзі сіздің апатты жағдайда аспай-саспай, дұрыс әрекет жасай білуіңізге жәрдемдеседі.

Жұмыс орнында. Қай нәрседе де ретті тәртіп пен жауапкершілік болуы тиіс. Ең жақсы әзірлік, міне, сол. Жер сілкінісі кезінде оған дейін орын алған кез-келген ұқыпсыздық істі шала-шарпы тындырып, аяқсыз тастап кету бақытсыздыққа ұрындауы мүмкін . Мұның өзі әсіресе құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде айырықша есте болуы тиіс.

Әрбір мекемеде/ цехта және басқаларында/ жер сілкінісі бола қалған төтенше жағдайда іске асырылуы тиіс шұғыл шаралардың нақты жоспары болуы керек. Бұл жұмыстар үшін жауапты адамдардың аты-жөні, олардың атқаратын міндеттері айқын көрсетілуі тиіс.

Дәліздерді, өтпе жолдарды, сатылы өткелдерді,сыртқы жіне ішкі есіктерді түрлі жабықтармен және заттармен толтырып тастауға болмайды. Ауыр шкафтар мен стеллаж-сөрелер қабырғаларға мықтап бекітілуі тиіс. Олардың жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Әрбір қызметкер өрт сөндіретін крандардың, электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың және газ құбырлары крандарының орналасу тәртібін бес саусағындай білуі тиіс.

Үйде. Электр желілері мен газ құбырларының жағдайын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Барлық тұрғындар электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың, газ және су құбырларындағы крандардың қайда орналасқанын және қалай ашылып –жабылатынын жақсы білуі тиіс. Газдың негізгі құбырына таяу жерде размері сәйкес келетін кілт дайын тұруы керек. Қалта фонары мен жаңа батарейкалар, батареялық радиоқабылдағыштар әрқашан жаныңызда болғаны жөн. Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін аптечканың ыңғайлы жерде тұруы керек, семья мүшелерінің барлығы да алғашқы көмек көрсету ережелерін үйренуі тиіс. Пәтердің ішіндегі шкафтар, этажеркалар, сөрелер мен стеллаждар бөлменің қабырғасына мықтап бекітілуі тиіс. Сөрелердің жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Қауіпті материялдарды/лап етіп жанатын сұйықтар мен улы заттарды/ қауіпсіз жерде сақтау керек. Олар тұрған орнынан түсіп кетпеуі, шашылып не төгіліп қалмауы тиіс. Үйдегі кереуеттердің терезе алдында тұрмауы керек. Өзіңіздің тұрғын үйіңіздің таяу жердегі тоған бұзыла қалған кезде су астында, немес қар көшкіні мен сел тасқыны астында қалу қаупі бар не жоқ екенін анықтаңыз. Бірнеше табақ фанер немесе пластикалық зат сынган терезе шынысын алмастыру үшін әрқашан дайын тұрғаны жөн. Семья мүшелеріңіздің бәрі де, қызметтестеріңіз де, басқаларда да жер сілкінісі кезінде және одан кейін не істеу керек екендігін білетіндей болуы тиіс.

Жер сілкінген кезде

Жер сілкінісі кезінде жер неғұрлым қысқа мерзім ішінде-небәрі бірнеше секунд, ал тіпті күшті болған жағдайда бір минут қана сілкінеді. Сілкіністің үрейіңізді алуы мүмкін, бірақ сабырлылық сақтаңыз және өзгелерді де сабыр сақтауға шақырыңыз. Жер сілкінісінен қорғаныс шараларының мүмкін болатын түрлерінің ішіндегі ең жақсысы-үрейге берілмеу, айқай салып абыржымау, әрлі-берлі жүгіре бермеу. Егер сіз сабыр сақтап, терең ойластырып, әрекет жасасаңыз, сақтанудың мүмкіндіктерін арттыра түсесіз. Жердің немес ғимараттың тербетіле бастағанын сезген бойда-ақ шұғыл түрде әрекет етіңіз. Егер сіз көшеде болсаңыз, сол тұрған орыныңызда қалыңыз, ал егер үйдін ішінде болсаңыз, одан шыға жөнелуге асықпаңыз. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі адамдардың үйге кіруге, ал басқаларының үйден шығуға асығып ерсілі-қарсылы даурығуы кезінде болады. Кейде адамдар жоғарғы қабаттағы пәтерлердің терезесінен секіріп кетуге дейін барады. Үйдін ішінен жүгіріп шықпаңыз,өйткені үйдің құлап түсіп жатқан бөлшектері мен үзілген сымдар мейлінше қауіпті. Өте-мөте ерекше жағдайларда ғана бір қабатты үйлерден және көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан шығып кетуге болады.

Егер сіз үйдің ішінде болсаңыз, мейлінше тез қауіпсіз орынға-ішкі есіктің қуысына, тіреу бағанасының жанына немесе бөлменің терезе мен балканнан қашықтау бұрышына тұра қалыңыз. Электр жарығы өшіп қалғаннан қорықпаңыз. Ыдыс-аяқтың сынуы, қабырғалардың сытырлап жарылуы, заттардың тас-тұрс етіп құлап түсуі сияқты жағдайда үрейленбеуге әзір болыңыз. Қараңғыда шырақ, сірінке, тұтатқыш жаға көрмеңіз. Өйткені газ шығып жатқан жағдайда өрт болып кетуі мүмкін.

Егер сіз көшеде келе жатсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен аулақтау ашық алаңға қашып шығуға тырысыңыз. Олай ету мүмкін болмаған жағдайда ең таяудағы ғимараттың есігінің қуысына тұра қалыңыз. Мұның өзі сізді жоғарыдан құлап түсетін заттардың соққысынан сақтайды. Құлағалы тұрған балкондардан, карниздерден, парапеттерден, салбырап тұрған сымдардан аулақ болуға тырсыңыз.

Егер сіз автомобильде келе жатсаңыз ашық алаңға тоқтай қалыңыз. Жердің сілкінісі өткенше автомольден шықпаңыз. Жаңа дүмбулерді сезе қалсаңыз, оған танданбаңыз. Алғашқы күшті дүмпуден кейін уақытша тыныштық болуы мүмкін. Мұндай дүмпулер бірнеше сағат немес бірнеше тәулік бойы қайталануы да мүмкін. Олар бұған дейінгі алғашқы басты дүмпуден мейлінше қатты зардап шеккен құрылыстардың одан әрі қирауын немесе бүлінуін болдыруы мүмкін.

Жер сілкінісінен кейін

Сабыр сақтай отырып, жағдайды анықтай біліңіз. Қандай жағдайда болса да жер асты дүмпуінің қайталануы мүмкін деген ойдан шығарылған үрейлі қауесет таратушы болмаңыз, бұл жөнінде ешқандай деректер, болжамдар, өсек-аяң әңгімелер айта көрмеңіз. Тек ресми деректерді ғана пайдаланумен шектеліңіз. Болашақ дүмпулердің мүмкіндігі жөніндегі әңгімелерге тыйым салыңыз, бірақ ондай дүмпулердің болуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.

Зардап шеккендерге қолма-қол көмек көрсетіңіз, алғашқы жәрдем жасауды ұйымдастырыңыз. Зардап шеккендерді суықтан сақтау үшін жылы жауып қойыңыз. Мединциналық көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға оны іздеп, тауып ұйымдастырыңыз.

Өрт шығып кету қаупінің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Қолыңыздан келсе, алғашқы жалынды көре сала өшіріңіз. Және өрт сөндіретін команданы шақырыңыз. Су және газ құбырларын тексерініз /газды иісін сезу арқылы ғана тексеру керек/. Электрмен жабдықтау жүйесінде бүлінген жерлер байқала қалса, оны жүйеден бөліп тастаңыз. Егер газдың шығып жатқанын сезсеніз, барлық есік-терезелерді ашуға асығыныз. Сөйтіп, үйден тез шығып кетіңіз де тиісті қызмет көрсететін орынға хабарласыңыз.

Электр қуатын жеткізетін желілерге, сымдарға немесе оған жанасып тұрған заттарға қол тигізе көрмеңіз. Канализацияның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізбейінше туалетті пайдалануға болмайды. Төгілген немесе шашылған улы химикаттарды және жанатын сұйық заттарды тезірек жоюға тырысу керек. Бұл жөнінде айналаңыздағы адамдарға ескертуге асығыңыз. Аяғыңыздан жаралап алмас үшін мықты аяқ киім киіңіз. Мейлінше қажеттілік болмайынша зақымданған ғимараттарға кірмеңіз. Өйткені олар мейлінше күтпеген жерден құлап түсуі мүмкін. Оның үстіне сыртқа шығып жатқан газ, зақымданған электр желісі қатер төндіруі мүмкін. Жеке сектордағы үйлердің пештері мен мұржалары қаншалықты бүлінгенін тексеріңіз. Егер сызат беріп, жарылған болса, оны оны жөндемейінше от жақпаңыз. Өйткені ол неғұрлым маңызды өзге істер үшін қажет болуы мүмкін.Туған-туыстарыңызбен жақындарыңызға қолыңыздан келгенше көрсетілген көмектің бәрін жасап болғаннан кейін үйінділерді аршуға және зақымданған ғимараттардағы құтқару жұмыстарын атқаруға қатысыңыз. Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, қоғамдық және мемлекеттік меншікті сақтауды ұйымдастыруда милиция мен басқа да органдарга көмектесіңіз. Ұрылардың, талан-таражға салып тонаушылардың, үрей туғызушылар мен өзге де бұзақы элементтердің іс-әрекетіне тыйым салуға жәрдемдесіңіз.

Жер сілкінісі және оның зардаптарымен күресудің қажетті шаралары туралы радио және жылжымалы күшейткіш құралдар арқылы берілетін хабарларды мұқият тындаңыз. Ірі-ірі жер сілкіністері кезінде екінші кезектегі зақымдаушы факторлардың –жарылыстардың, өрттердің, күшті әсет ететін улы заттардың және басқа да қатерлі заттардың айнала төңіректерді зақымдауы мүмкін екенін әрқашан есте ұстаңыз.

Көшкіндер – адам өмірі мен бенсаулығына қауіп төндіретін, гравитация күштерінің әсерінен тепе-теңдңкті сақтай алмай кенеттен туындаған қар, мұз, тау жыныстарының баурайға қарай қозғалысы.

Көшкіндер көп болатын жыл мезгілдері қыс-көктем, көшкіндердің осы уақытта 95 проценті тіренледі. Көшкіндкр тәуліктің кез келген уақытында туындайды, 68прцент –күндізгі уақытта, 22процент – түнде және 10поцент кешкі уақытта.

Көшкіндередің жылдамдығы 20-100 м\с аралығында

Көшкіндердің қауіпті факторы орасан қиратушы күші.Өз жолындағының бәрін қиратып, таулы аймақтардағы көптеген ТЖ –дың туындау себепшісі болады: құрлыс нысандарын ,жолдарды, техниканы зақымдап, қиратады; адамдарды жарақаттап, өлімге соғады.

Қар көшкіні – бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғитын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны.

Қар көшкінінің болу себебібеткейді қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан жәнеқар қайтадан кристалданғанда, қар қабатының ішінде қиыршық горизанттың болуынан туады. Жекеленген қар көшкінінің көлемі 2 млн \м 3 жетеді,

Қар көшкіндер іғиараттарды, инженерлік ғимараттарды қиратуы мүмкін, қалың қар жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып,қалың қардың сатында қалуы мүмкін.

Қар басып қалу қаупі төнгенде.

Қар басып қалу қаупі төнген кезде үрінді қардың жолын бөгейтін кедергілер жасауға әрекет етіңіз: қар жалдары мен қабырғаларын тұрғызыңыздар, құрғақ бұталардан және тақтайшалардан қалқан жасаңыздар. Ондай тосқауыл кедергілерді жол жиегінен, тұрғын үйлерден, ғимараттардан, мал қоралары мен басқа да құрылыстардан 15-20 метр жерден, жел соғатын жақтан орнату керек. Орнатылған кедергілерді үрінді қар басып қалған сайын оларды биіктете, нығайта тусу керек.

Селдер – тау өзнгднрінің арнасы мен ойпаттарында тосыннан пайда болатын уақытша су тасқыны мен тау жыныстары сынықтарының саз бөлшектерден бастап ірі жыныстар мен тастарға дейінгікөп мөлшері. Селдерде кесек тастардың үлесі75 процентке дейін жетеді Селдердің болу себептері

  • таулардағы толассыз жауын

  • қар мен мұздақтардың қарқынды еруі;

  • тау өзендері бөгеттерінің бұзылуы;

  • Тау баурайындағы ормандарды кесу және өсімдіктерді жою;

  • карьерлердегі жару жұмыстары;

  • тау-кен өндірісі технологиясының бұзылуы;

  • Үлкен көлемдегі тау жыныстарының бұзылуы;

  • Көп мөлшердегі су;

Сел қаупі төнгенде

Егер сіз сел тасқыны өтетін аймақта тұратын болсаңыз, немесе оған кездейсоқ тап бола қалсаңыз, онда жергілікті өкімет органдары қызметкерлерінің милицияның немесе азаматтық қорғаныс штабына берген жаңалығына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада қауіпсіз аймаққа шығуыныз тиіс. Ондай қауіпсіз аймақтар сізге арнайы айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретіндей болса, онда әлгі қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді де қолға алу керек. Сел тасқынының жолында өзіңіз тұратын елді мекенде тоғандарды нығайту, топырақ , сел тасқынына коп, суды өзге жаққа бұрып әкететін каналдар қазу сияқты шаралар жүргізіліп жатқан кезде ол жұмыстарға белсене қатысуыңз керек. Эвакуация жарияланған кезде өзіңізге берілген тапсырмаға сәйкес жасауыңыз тиіс.

Табиғи өрттер – қоршаған табиғи ортажағдайындағы туындаған өрт

Табиғи өрттердің негізгі туындау себептері: сөндірілмеген шылым, жанған сітіңке. Күн сәулесін шағылыстыратын шыны бөтелке, транспорт құралының дыбыс бәсеңдеткішінен шыққан ұшқын, шіріген шөптерді, қоқымтардынемесе тезекті орманға жаққан аумақта өртеу, орман алқаптарын өрт көмегімен тазалау және т.б

Өрт шыққан кезде

Ормандағы өртті өшіру кезінде лаулаған жалынды жас жапырақты бұтақтармен, ылғал кенептерден, басқа да лайықты құралдармен өшіруге тырысыңыз, жанып жатқан отқа топырақ тастаңыз. Жана бастаған ағаштарды өрттің келе жатқан жағына қарай аралап немесе балталап шауып құлата беріңіз. Ормандағы өр аймағын жел соғып тұрған жаққа қарай шығуға тырысыңыз. Ол ушін ашық алаңқайларды, жолдарды пайдаланыңыз. Сондай-ақ қылқан жапырақтыағашы мол учаскелер жағына шығуға тырысыңыз.

Шымтезекті аймақтағы өртті өшіру үшін ені кем дегенде 1 метр келетін, тереңдігі саз топырақты деңгейге дейін, немесе жер асты суының деңгейіне дейін жететін жыралар қазу керек.

Далалы / шалғынды/ жерлердегі немесе ауылшаруашылық дақылдары /бидай, қара бидай және басқалары/ өсіп тұрған жерлердегі өртті өшіру кезінде өрт қаптаған алқапты азайтуға тырысу керек, жалын атқан өртті өшіру кезінде өрт қаптаған алқапты азайтуға тырысу керек, жалын атқан өртті ылғал кенеппен басқа да қолайлы құралдармен өшіруге күш жұмсау қажет. Егер қол астыңызда ауылшаруашылық техникасы бола қалған жағдайда оны неғұрлым тиімді пайдалануға тырысыңыз-өрт болып жатқан учаскені айдап тастаңыз немес қорғаныс бораздаларын жасауға асығыңыз.

Өртпен күрес жүргізу және онда зақымданған адамдарды құтқару кезінде сіздер үшін мейлінше қауіпті нәрсе –температурасы қатты қызынған ауа болатынын ұмытпаңыз. Тынысты тарылтып, түншықтыратын түтін де, көмірдегі тотығының мол шоғырлануы да, ғимараттар мен құрылыстардың құлап түсуі де мейлінше қауіпті.

Өртті өшіру кезінде ең алдымен сумандаған жалынның өріс алуына жол бермей, қалай тоқтату керек, содан кейін оттың неғұрлым күшті жанып жатқан учаскелерін өшіруге кірісу қажет. Мұндай кезде шапшыған су ағыны лаулаған жалынға емес, лапылдап жанып жатқан заттың өзіне қарай бағытталуы тиіс. Егер тікесінен тік тұрған нәрсе жанып жатса, онда шапшыған су ағыны әлгі заттың жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай бағытталуы керек.

Егер үй /пәтер/ ішінде шағын өрт шыға қалса, онда оған неғұрлым тезірек су құя қойыңыз, немесе оны салмақты да қалың ылғал кездемемен бүркеп жабыңыз. Жанып жатқан сұйық заттарды құрамында көбік пайда ететін заттармен өшіруге тырысыңыз, сондай-ақ құн немесе топырақ себіңіз, ауыр салмақты кездемемен, киіммен, т.б. заттармен бүркеп , жаба қойыңыз.

Ал, электр желісінің изолятор таспасы жаңа бастаса, ең алдымен ток келтірмеу жағын қарастырамыз. Ол үшін тиісті пробканы бұрып алып тастау керек, немесе ажыратқыш тұтқаны тоқтан бөле қою қажет. Электр жүріп тұрған желідегі өртті ОУ-2, ОУ-5 тұрпатты көмірқышқылды өрт сөндіргіш құралдар немесе соларға ұқсас құралдар арқылы ғана өшіруге болады. Шекті нүктесі жоқ электр желісіндегі өртті көбік шашатын ОП тұрпатты өрт сөндіргіштің күшімен өшіруге де болады.

Егер жанып жатқан үй ішіндегі адамдарды құтқару керек болса, ол үшін басыңыздан төмен қарай жамылған ылғал одеялыңыз, қалың кездемеңіз немесе сырт киіміңіз болуы тиіс. Түтін толып кеткен үйге кірерде есікті мейлінше абайлап ашыңыз. Олай етпеген жағдайда қатты ағынынан лап ете қалған жалын бетіңізді шарпып кетуі мүмкін. Түтін толып кеткен үйдіің ішінде еңкейіп немесе еңбектеп қана жүріңіз.

Зардап шеккен адамдарды іздестіру кезінде оларды да уыстап шақырыңыз. Мұндай кезде үрейі ұшқан балалардың әдетте кереует астына тығылатыны, шкафтың ішіне кіріп кететіні, сондай-ақ бұрыш-бұрышқа немесе адамның ойына келмейтін, қайдағы бір қол жетуі қиын жерлерге барып жасыратыны естеболуы керек. Егер зардап шеккен адам өздігінен қозғалып жүре алмайтын болса, онда оны өрттің ішінен тезірек алып шығуға жәрдемдесіңіз. Содан соң оны ылғал көрпемен, ақжаймамен, плащпен, пальтомен немесе басқа бір ылғал нәрсемен орап қою керек.

Егер өрт сөндіру кезіңде өзіңіздің үстіңіздегі киімдеріңіз жана бастаса, онда ешқашан да жүгіріп қаша жөнелуге болмайды. Өйткені жүгірген сайын үстіңіздегі өрт өршей түседі. Сондықтан да мұндай жағдайда үстіңіздегі жана бастаған киімнің сыртынан ылғал көрпе, жамылғы, пальто сияқты басқа да нәрселерді жамыла қою арқылы жалынды өшіруге тырысу керек. Мұндай жағдайда жалынды жерге аунау арқылы жа өшіруге болатынын ұмытпау қажет

      1. 3.3.3 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ

Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар

Өндірісте қолданылатын мейлінше көп таралған өте-мөте күшті улы заттар хлор мен аммиак болып табылады.

Хлор- адамды тұншықтыратын, иісі күшті жасыл сарғыш түсті газ. 5-7 атмосфералық қысым кезінде сұйыққа айналады. Осындай жағдайда жабық сақталады және тасылады. Суда жақсы ериді. Өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оның басым көпшілігі коммуналдық шаруашылық саласындағы ауыз сулар мен ағын суларды тазарту мен зиянсыздандыруға қолданылады.

Адамның жоғарғы тыныс жолдарына қатты әсер етеді. Газдың көп шоғырланған жағдайында өкпе ісінеді. Сондықтан да хлормен зақымданған кезде жасанды түрде тыныс алдыруға болмайды. Газ түріндегі хлор/ауада буланған кезде/ ауадан 2,5 есе ауыр болады. Сондықтан да ол бұлт түрінде жер бетіне таяу шөгеді, неғұрлым төмендегі қуыстарға, подвалдарға және басқа да терең орындарға жинақталады. Ондай жерге шоғырланған хлор концентраты адамды уландырып өлтіреді.

Аммиак- мүсәтір тәрізді иісті күшті түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан құрғақ түрі /4:3/мөлшерінде қопарылыс жасауға қабілетті. Ол -33 С температураға дейін салқындаған кезде түссіз сұйыққа айналады. Оның өте жоғарғы улы қасиеттері болады. Адамның жоғарғы тыныс жолдарына және көзіне қатты әсер етеді. Жоғарғы контрциялы болған кезде орталық нерв жүйесіне әсер етіп,адамның тұла бойын қалшылдатады. Көздің күйіп қалуы немесе үсіп кетуі теріні күйдіріп үсітуі де мүмкін.

Хлормен, аммиакпен немесе басқа да күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кезде химиялық зақымданған ошақтардың пада болғаны жөніндегі хабарды ести салысымен өзіңіз тұратын аудандағы немес жұмыс орынындағы үйдің есік-терезелерін неңұрлым тығыздап жабыңыз, газ құбырларын және электрмен жылытатын құралдарды тез өшіріңіз. Егер уақыт мұрша беретін болса, есіктердің, терезелердің қуыс-қуысының бәрін де ескі-құсқы қалдық заттарды суға малып алып, мұқият бітеп тастаңыз. Егер қажет болса әлбетте улы заттың буын байқасаңыз немесе иісін сезсеңіз, өндіріс орнында «В» маркалы сары түсті қорапқа салынған /хлорға қарсы/ немес «ҚД» маркалы сұрғылт түсті қорапқа салынған /аммиакка қарсы/ өнеркәсіптік противогазды киіңіз.

Ондай өнеркәсіптік противогаздар өндірісте не үйде жоқ болған жағдайда кез-келген маркадағы /егер ондай противогаздар сізге берілген болса/ азаматтық противогаздарды пайдаланыңыз. Олар тыныс алу органдары 30-100 минутқа дейін сенімді түрле сақтай алады. Бирақ аммиактың, метилхлоридтің және винилхлоридтің улы заттарынан сақтау екі-талай.

Ал протвогаздардың ешқандай түрлері жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарына кез-келген кездемені суға батырып немес ас содасының 2 проценттік ерітіндісіне малып алып /бір стакан суға 1-2 шай қасық ас содасы ерітіледі/, немес киімнің түкті немесе мақта салынған бөлігін /жаға, мойынорағыш, жер/ баса қоюға болады. Тыныс алу органдарын хлордан сенімді түрде қорғаудың бір түрі өз несібіңізге немесе балаңыздың несібіне малынған кездеме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.

Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде болсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда көрсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуға асығыңыз. Онда желдің бағытына келсе көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрлым жоғарғы қабаттарына көтеріліп кетуге болады.

Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүруден сақтаныңыз, сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрлым ойпаң жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткені ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрлым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.

Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақындарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.

Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды орындауға тырысыңыз.

Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрынын, ауызын және тамағын жуып шаю керек. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп, жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек. Өз несебіңізге немесе балаңыздың несебіне малынған кезде ме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.

Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде бола қалсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда корсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуғу асығыңыз. Онда желдің бағытына кесе – көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрылым жоғарға қабаттарына көтеріліп кетуге де болады.

Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүріден сақтаныңыз. Сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрылым ойпан жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткенң ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрылым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.

Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақыңдарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.

Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды рындауға тырысыңыз.

Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп , мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрнын, ауызын және тамағын жуып-шаю керек,. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп,жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек.

Аммиактың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тез алып шағап, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Қажет болған жағдайда жасанды түрде тыныс алуына жәрдемдесу қажет.

Ауылшаруашылық малдары уланып қалатындай қауіп төнген кезде оларды мал қораларына қамап, оның есік-терезелерін, қуыс-қуыстарын мықтап бітеу керек. Сондай-ақ қауіпсіз аймаққа, жел жақсы соғатын орынға айдап шығу керек.

1.3.4 Соғыс кезінде туындайтын төтенше жағдайлар

Соғыстың түрлері:

1 Индивидтер арасындағы соғыс (төбелес)

2 Топтар арасындағы соғыс (қақтығыстар)

3 Ұлттар арасындағы қақтығыстар

4 Расалар арасындағы соғыс

6 Этностар арасындағы соғыс (қақтығыстар)

7 Мемлекетаралық соғыс

8 Цивилизация аралық соғыс

Индивидтер арасындағы соғыс екі адам арасындағы кикілжің , төбелес оның біреуі арандатушы (провакатор), екіншісі сол арандату іс-әрекетіне еліктеуші ( поддающийся к провакцию) Индивиддер арасындағы соғыстар топтар арасындағы соғыстарға (төбелес) ұласады.

Қарудың түрлері:

1 Ядролық қару

2 Химиялық қару

3 Биологиялық қару

4 Гендік қару

5 Психопропты қару : гипноздау, кодтау, зомбылау

1.3.4.1 Ядролық қару

Ядролық қару – уран және плутоний изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезіндегі тізбектелген реакцияларға немесе сутегі(декйтрий, тритий) изотоптарының жеңіл ядролары мен гелий изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезінднгі термоядролық реакцияларға негізделген жаппай қырып-жою ұаруы.

Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы факторлары:

  • соққы толқыны;

  • жарық сәулесі;

  • өткіш радиация;

  • жарлыс орнының радиобелсенді заттармен залалдануы;

  • электромагниттік импульс.

Соққы толқыны - бұл жарлыс ошағының дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен барлық бағытта тарайтын, кенеттен қысылған ауа қозғалысы.

Ядролық қарудың қуаты (q) тротилды эквивалентпен өлшенеді, демек белгілі бір мөлшердегі жарылғыш зат тротил жарылғанда қанша энергия бөлінсе, қуаты сол мөлшердегі ядролық қару жарылғанда сонша энергия бөлініп шығады.

Тротилды эквивалент тоннамен, килотоннамен, мегатоннамен белгіленеді.

Соғу толқынының фронтындағы артық қысым дегеніміз – соғу толқынының фронтындағы максималды қысым мен қалыпты атмосфералық қысымның айырмасына тең.

Артық қысымның бірлігі – паскаль (Па) немесе бір сантиметр квадрат ауданға түсетін килограммен өлшенетін күш (кгк/см2).

Ядролық зақымдану ошақтары шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді: толық, күшті, орташа және әлсіз

Ядролық зақымдану ошағының мөлшері жарылыстың қуатына, түріне, жер бедеріне, құрылыстың сипатына, ауа райы жағдайларына байланысты болады.

Толық бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысым 50 және одан көп болғанда пайда болады. Толық бүліну аймағы бүкіл зақымдану аймағының 12%-ін құрайды.

Бұл аймақта тұрғын үйлер, өнеркәсіп ғимараттары, радиациядан қорғайтын баспаналар толығымен бүлінеді, жарылыс центрінің айналасындағы жер асты комунальды – энергетикалық торлар зақымдалынады.

Іздестіру – құтқару жұмыстары өте қиын жағдайда жүргізіледі. Баспаналарды үйінділерден тазартып, ішіндегі адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіледі. Ең бірінші кезекте баспанаға ауа жіберіледі. Мұнда өрт болмайды, тек үйінділерде тұтанып, бықсып жану байқалады.

Күшті бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 50-ден 30 кПа-ға дейінгі аралығында пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 10%-ін құрайды.

Жер бетіндегі ғимараттар мен құрылыстар күшті бүлінуге ұшырайды. Баспаналар және жер асты комунальды – энергетикалық торлар сақталады. Ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуінен жергілікті үйінділер пайда болады.

Халықтың қорғалмаған бөлігі бірталай шығынға ұшырайды. Адамдар үйінділер астында қалуы мүмкін немесе жарақаттар, орта дәрежелі күйіктер алуы мүмкін.

Жарық шығарудан тегіс өрт аймақтары пайда болады. Негізгі жүргізілетін іздестіру-құтқару жұмыстары:

- үйінділерден тазарту;

- өрттерді өшіру;

- үйінділер астында қалған баспаналардағы, радиацияға қарсы баспаналардағы адамдарды құтқару

Орташа бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 30-дан 20 кПА-ға дейінгі аралықта пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 18%-ін құрайды. Ағаштан салынған ғимараттар күшті және толық бүлінуге ұшырайды, тастан салынған ғимараттар орташа және әлсіз бүлінуге ұшырайды. Баспаналар, радиацияға қарсы баспаналар толығымен сақталады, көшелерде жекеленген үйінділер пайда болады.

Халықтың қорғалмаған бөлігі жаппай санитарлық шығындарға ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жаппай өрттер пайда болады.

Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және жанып жатқан ғимараттардан адамдарды құтқару.

Әлсіз бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 20-дан 10 кПа-ға дейінгі аралықта пайда болды. Бүкіл зақымдану ошағының 60%-ін құрайды.

Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстар әлсіз бүлінуге ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жекеленген өрттер пайда болады, адамдар жеңіл жарақаттар алады.

Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және өртенген ғимараттар бөліктерінен адамдарды құтқару.

Жарық сәулесі – спектрдің ультракүлгін, инфрақызыл аймақтарындағы және көрінетін көрінетін оптикалық жиіліктегі электромагниттік сәулелену.

Жарық сәулесінің зақымдау қабілетін анықтайтын негізгі көрсеткіш – жарық импульсі.

Жарық импульсы – жарық энергия мөлшерінің сол жарық түскен беттің ауданына қатынасы. Бет жарық таралу бағытына перпендикуляр орналасқан.

Жарық импульсының бірлігі – бір квадрат метр бетті жарықтандыратын, джоульмен өлшенетін энергия, джоуль/м2 немесе кал/с2.

Құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында, өрт аймақтары мынандай аймақтарға бөлінеді:

  • үйінділерде тұтанып жану U≥2000 кДж/м2;

  • тегіс өрт аймағы U=2000-800 кДж/м2;

  • жекеленген өрт аймағы U=800-100 кДж/м2

Жарық сәулесінің адамға әсері, ол – дененің ашық бөліктерін күйік шалу, көрмей қалу немесе көз қабыршықтарын күйдіру.

Күйіктке ауырлығы бойынша төрт дәрежеге бөлінеді.

Бірінші дәрежелі күйікте тері қызарады, ашып ауырады, үлбіреген ісіктер шығады.

Екінші дәрежелі күйік теріде көпіршіктердің түзілуімен сипатталады.

Үшінші дәрежелі күйік терінің жансыздануымен сипатталады.

Төртінші дәрежелі күйік терінің және теріасты клеткаларының ісінуімен сипатталады.

Иондағыш сәулелер

Өтімділік радиация – жарылыс болған аймақтан қоршаған ортаға таралатын – гамма сәулелері мен нейтрондар ағыны.

Бұдан басқа иондағыш сәулелер бета және альфа бөлшектер бөлінеді.

Гамма сәулелері көптеген радиоактивті заттардың ыдырауынан, ядролық реакциялар нәтижесінде бөлінеді. Гамма сәулелері – электромагнитті толқындар, рентген және жарық сәулелері тәрізді 300 000 км/сек жылдамдықпен таралады.

Бета сәулелері – электрондар мен позитрондар ағыны. Бета бөлшектері теріс зарядпен зарядталған. Олар радиоактивті ыдырау кезінде атом ядросынан бөлініп шығады. Қорғану үшін бірнеше миллиметр (қалыңдығы) алюминий қаңылтыны жеткілікті.

Сыртқы сәулену кезінде терінің ашық жерлерінде әр түрлі дәрежедегі радиациялық күйіктер пайда болады. - сәулелері тамақпен, сумен , ауамен ұшырайды және бұл жағдайда организм сәуле ауруларына ұшырайды.

Альфа сәулелері – оң зарядталған ауыр бөлшектер ағыны. Физикалық табиғаты жөнінен – бөлшектер гели атомының ядросы болып табылады және екі оң зарядталған электр заряды болады.

Нейтрондар - сәулесінің иондау қабілеті улкен, өтімділік қасиеті үлкен емес зарядсыз бөлшектер

Дозалар жөнінде түсінік және олардың өлшеу бірліктері

Адам ағзасы иондағыш сәулелерді жұтады және сәулелену дәрежесі жұтылған энергияның мөлшеріне байланысты болады.

Сәулелердің жұтылу энергиясын сипаттау үшін ,жұтылу дозасы деген түсінік енгізілген.

Жұтылған доза дегеніміз сәулеленуге ұшыраған заттың бірлік массасына жұтылған энергия мөлшерін айтады. Жұтылғант дозаның халқаралық СИ системасындағы өлшеу бірлігі – Грей (Гр)

Гр = 1Дж/кг

Жұтылған дозаны бағалау үшін, системаға кірмейтін бірлік рад қолданылады:

1рад = 0,01Дж/кг 1Гр = 100рад

Рад біршама үлкен бірлік, сондықтан сәулелену дозасы әдетте радтың жүздік (сантирад), мыңдық (миллирад)

Және миллиондық (микрорад) бірліктермен белгіленеді.

Жұмыс және тұрғын бөлмелердегі, жер-жерлердегі немесе гамма сәулелеріне қатысты радиациялық жағдайларға баға беру үшін экспозициялық сәулелену дозасын пайдаланады. Экспозициялық дозаның Си систеасындағы бірлігі Кулон/кг, Кл/кг. Практика жүзінде системаға кірмейтін бірлік рентген (Р) қолданылады.

1Р =2,58*10-4 Кл/кг

Жұтылған 1рад дозаға экспозициялық доза 1Р сәйкес келед 1рад = 1Р

Рентген – гамма сәулелері 1см3 құрғақ ауаға жұтылғанда (қалыпты жағдайда) 2,083 миллиард жұп иондар түзіледі және олардың әрқайсысының заряды электрон зарядына тең болады.

1Р=2.58*10-4 Кл/кг

Тірі ағзалар сәулеленуге ұшырағанда жұтылу дозалары бірдей болғанымен, биологиялық әсерлері әр түрлі болады, және бұл сәулелену түрлеріне байланысты (альфа, бета, гамма) түсіндіріледі. Сондықтан кез келген иондағыш сәулелердің тудырған биологиялық әсерлерін рентген және гамма сәулелері тудырған әсерлермен салыстыру қабылданған, яғни эквивалентті доза туралы түсінік енгізілген. Си системасындағы бірлігі Зиверт (Зв). Системаға кірмейтін бірлік – сәуле шығарудың экспозициялық дозасы – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті)

К – сәуле шығарудың сапалық коэффициенті, бағаланып отырған сәуле түрінің биологиялық тұрғыдан (жұтылу дозалары бірдей) ренген және гамма сәулелерімен салыстырғандақанша есе қауіпті екенін көрсетеді.

Ренген және гамма сәулелері үшін К=1

Сонымен эквивалентті доза жұтылған доза мен сапалық коэффициенттің көбейтіндісі арқылы анықталады

Дэкв.= Д жұтылу * К

Ренген және гамма сәулелеріне қатысты алғанда 1Р=1рад =1бэр

Сәуле аурулары. Бір реттік сәулелену кезінде адам ағзасы экспозициялық дозаға байланысты сәуле ауруларына ұшырайды.Сәулелену төрт түрге бөлінеді.

Бірінші дәрежелі сәулелену (жеңіл) Д= 100-200р

2- дәрежелі (орташа) Д= 200-400р

3- дәрежелі (ауыр) Д= 400-600р

4- дәрежелі (аса ауыр) Д> 400-600р

Бір реттік сәулелену дегеніміз – алғашқы төрт күннің ішінде алатын дозаны айтады.

Бір реттік сәулелену дегеніміз – төрт күннен артық уақыт ішінде алатын дозаны айтады.

Бір реттік сәулелену 25-75р қауіпсіз деп есептелінеді.

Радиобелсенді заттармен зақымдану аймағы

Ядролық жарлыс кезінде пайда болатын улану аймақтары

Радиациялық улану аймақтары қалыпты, күшті, қауіпті, аса қауіпті улану аймақтары болып бөлінеді. Радиоактивті улану аймақтары экспозициялық сәулелену дозасы және радиация деңгейлерімен сипатталады.(жарлыстан соң1сағ немесе 10сағ келтірілген)

Кесте2 Радиобелсенді улану аймақтары

Радиациялық улан. аймақтары

Экспозициялық сәулелену дозасы, р

1сағ. келтірілген радиация деңгейі, р/cағ.

Қалыпты улану, Азонасы

40 -400

8

Күшті улану, Б зонасы

400 -1200

80

Қауіпті улану, В зонасы

1200 -4000

240

Аса қауіпті улану, Г зонасы

Д ≥ 4000

800

Жергілікті жерлердегірадиация деңгейі р=0,5р/сағ болғанда, мұндай аймақтарды радиациялық уланған аймақтар деп атайды.

Электромагниттік импульс.

Ядролық жарлыс кезінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістер туындайды, олардың толқын ұзындағы 1 метрден 1000 метрге дейін жетеді.

Адам ағзасына басқа зақымдаушы факторлармен салыстырғанда электромагниттік импульс аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әртүрлі электр аспаптардаң, байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары кабельдері жоғары кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және әуедегі жарлыстардың салдарынан болады. ЭМИ- тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау.

1.3.4.2 Химиялық қару

Химиялық қару деп- улағыш заттардың зақымдаушы қасиеті организіміне уытты әсерін тигізуге негізделгенсоғыс қаруын айтамыз

Улағыш заттар – белгілі бір физикалық және химиялық қасиеттерге ие уытты химиялық заттар. Улағыш заттар адамдарды, малдар мен өсімдіктерді, азық-түлікті, су көздерін, техниканы зақымдау үшін қолданылады.

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Олар тыныс алу органдары, тері қабаты мен жаралар арқылы өтіп, адам организмін зақымдайды.

Улағыш заттарды топтастыру.

  1. Улағыш қасиетіне қарай:

Жүйке-сал ауруына ұшырататын УЗ (табун, зарин, зоман, Ви-Икс )

Ви-икс – газдары мейлінше аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі де болмайды. Қысқы суықта қатпайды. Суда баяу / 5 процент / , ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Негізінен алғанда аэрозольдар түріңде қолданылады. Адамдарды тыныс алу органдары, терісінің ашық учаскелері жіне кідімгі киіміне сіну арқылы уландырады. Ви-икс жаздыгүні бір жерде 7-15 тәуілік бойы, ал қыстыгүні 2-3 айға дейін сақталып, зақымдандырады.

Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез – келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен де тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне, басқа да саңлаулы қуысы бар материалдарға тез сіңіп кете алады. Оның негізгі жауынгерлік зақымдауы буланып ұшып жүретін кезі болып табылады. Зариннің буы оны қолданған жерден бастап желдің бағытымен 20 километрге дейін тарала алады. Зариннің шұңқырлардағы, жыралардағы, подвалдардағы тұрақты сақталуы жаздыгүні бірнеше сағатқа, ал қыстыгүні 2 тәуілікке дейін созылады.

Осы тәріздес уландырғыш заттардың бір түрі – зоман. Ол уландырғыш қасиеті жағынан зарин мен ви-икс газдарының екі аралығынан орын алады.

Теріні күлдірететін УЗ (иприт) көпжақты зақымдау әсеріне ие. Бу тәрізді және тамшылы-сұықтық күйінде теріні және көзді зақымдайды, тыныс алу және ас қорту органдарын зақымдайды.

Жалпы улайтын УЗ (синиль қышқылы, хлорциан)

Тұншықтырғыш УЗ (фосген) тыныс алу органдары арқылы әсер етеді

Психохимиялық УЗ (Би-Зет) орталықжүйке жүйесіне әсер етіп , психологиялық немесе физикалық ауытқуларға ұшыратады.

Тітіркендіргіш УЗ

  1. Тактикалық мақсатына қарай:

Өлімге соқтыратын УЗ

Уақытша әсер ететін УЗ

Жаттығу барысында қолданылатын

  1. Тұрақтылығына қарай:

Тұрақты УЗ. Әсер ету уақыты бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға созылады.

Тұрақсыз УЗ

  1. Әсер ету уақытына қарай:

Тез арада әсер ететін. Әсері бірнеше минуттың ішінде байқалады.

Баяу әсер ететін УЗ . Әсері жасырын түрде болады.

1.3.4.3 Биологиялық қару

Биологиялық қару – бұл, биологиялық микроорганизмдермен жарақталған және нысанға жеткізу құралы бар арнайы соғыс қаруы. Адамдарды, ауыл шаруашылық малдары мен егін алқаптарын жаппай зақымдауға арналған.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әсері, потагенді микробтардың және олардың тіршілігіндегі уытты өнімдердің адамдарды, жанурларды, өсімдіктерді жаппай зақымдауға қабілетті ауру тудырғыш қасиеттерін қолдануға негізделген.

Потагенді микроорганизмдер – адамдар мен жануарлардағы инфекциялық аурулардың қоздырғыштары. Өлшемдеріне,құрлысына, және биологиялық қасиеттеріне байланысты келесі кластарға бөлінеді: бактериялар, вирустар, қоздырғыштар (грибки), уытты микробтар.

Бактериялар – пішіні бойынша әр түрлі және өсімдіктер табиғатынан келетін бір клеткалы микроорганизмдер.

Вирустар – тасымалдауыш клеткасының биосинтетикалық аппаратынқолдану есебінен тек қана тірі клеткаларда өмір сүріп, көбейетін микроорганизмдардің үлкен тобы және клеткалар ішіндегі паразиттер болып табылады.

Қоздырғыштар - өсімдік ткбиғатынан келетін бір клеткалы немесе көп клеталы организмдер.

Уытты микробтар – адам мен жануарға өте уытты клетін, кейбір бактериялар тіршілігінің өнімдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]