Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДК+ОБЖД.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
129.29 Кб
Скачать

1.5 Қорғаныс ғимараттары

1.5.1 Тұрғындарды инженерлік тұрғыдан қорғау

Қорғаныс ғимараттарының топтасуы.

1.Қорғаныс ғимараттары қорғау қасиеттеріне байланысты бөлінеді:

1.Паналау ғимараттары

2. Радиацияға қарсы паналау ғимараттары

3. Қарапайым паналау орындары.

2. Салыну мерзімі бойынша:

1бейбіт кезде салынған

2 соғыс жағдайында жедел орнатылатын.

3. Орналасу жағдайы бойынша:

  1. Жалғасқан

2Оқшау тұрған

4Тағайындалуы бойынша:

1тұрғындар үшін

2басқару пункті үшін

Паналау ғимараттары.

Паналау ғимараттары дегеніміз – тұрғындарды ядролық жарлыстың барлық зақымдаушы факторларынан, уландарғыш және бактериалды заттардан, жоғарғы температуралардан, газдардан, ғимараттардың сынықтарынан сенімді түрде қорғай алатын қорғаныс ғимараттары.

Барлық қорғаныс ғимараттары тығылатындарды соққы толқынының фронтындағы артық қысым -100кПа - дан қорғайтындай дәрежеде және радиацияны әлсірету дәрежесі – 1000-ға тең болу қажет.

Баспананың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері тұрғындарды үздіксіз екі тәулік бойы қамтамасыз ете алатындай дәрежеде болу керек.

Сиымдылығы бойынша баспана бөлінеді:

-сиымдылығы кішілеу – 300 адамға дейін

-орташа сиымдылықты – 300-6000 адам

-сиымдылығы үлкен- - 600 адамнан көп

Баспана негізгі және көмекші бөлмелерден тұрады.

Негізгі бөлмелерге жататындар:

-тығылатындар үшін бөлме

-басқару пункті

-санитарлық пост(дәрігерлік пункт)

Көмекші бөлмелерге жататындар:

-сүзгіліжелдеткіш бөлмесі

-санитарлық торлар

-дизелдіэлектр станциясын орналастыратын бөлме

-азық-түлік сақтайтын бөлме

-тамбур-шлюз

-тамбурлар

Паналаушыларды орналастыратын бөлме белгілі бір адам санына есептеліп, отырғыштармен және жататын орындармен жабдықталады. Паналау ғимараттарының ішінде әрбір адам тәулігіне 7-8 сағат тыныға алатындай мөлшерде жататын орын жасалынады.

Паналаушыларды орналастыратын бөлме саңылаусыз, радиоактивті , уландырғыш және бактериалды заттар кіре алмайтындай етіп бітейді.

Екі ярусты жағдайда тығылатын бөлменің ауданы бір адамға 0,5кв.м, ал үш ярустыда 0,4 кв. м нормада болу керек. Бөлме көлемі бір адамға -1,5куб.м келу кажет.

Бөлменің биіктігі 2,15-3,5метрге дейін болады. Жататын орындар саны екі ярусты үшін – сиымдыдықтың 20% және үш ярусты үшін – 30% құрайды.

Сүзгілі финтиляция екі режимде жұмыс істейді:

-таза желдету-ауа шаңдардан, радиоактивті шаңдардан тазартылады

-сүзгілі желдету- радиоактивті шаңдардан, уландырғыш және бактериалды заттардан тазартылады.

Бір адамға берілетін ауа мөлшері:

-таза желдету режимі бойынша- 13куб.м дейін;

-сүзгілі желдеткіш режимі бойынша- 3куб.м дейін

Санитарлық торлар екеуден аз емес.

Жылу беру тығлатындар орналастырылғаннан кейін өшіріліп тасталады.

Судың аварийялық қоры- тәулігіне бір адамға 3литрден.

Үлкен және орташа сиымдылықты баспаналарда дизельді электр станцияларын орналастыру қарастырылады.

Баспананың шығатын жерлері екіден аз болмау керек және оның біреуі аварийялық шығатын жер ретінде қолданылады. Сыртқы есіктері қорғағыш-герметикалы, ішкісі-герметикалы болау қажет.

Паналау ғимараттары сумен, канализация, жылыту, жарық жүйелерімен жабдықталады,сондай-ақ родио, телефон болуы тиіс. Сонымен қатар құралдар комплектісімен (қорғағыш киім, радиациялық және химиялық барлау приборлары, әр түрлі инвентарлармен, (паналау ғимараттарының бітеліп қалған шығатын жерін ашатын, өртке қарсы инвентарлармен) аварийялық жарық беру құралдарымен жабдықталады.

Кең тараған қорғаныс ғимараттары жалғасқан паналау ғимараттары. Әдетте жалғасқан паналау ғимараттары ретінде қоғамдық, тұрғын үй және өндіріс ғимараттарының тереңдетілген, жартылай тереңдетілген қабаттарын пайдаланады.

Оқшау тұратын паналау ғимараттары жалғасқан паналау ғимараттарын салу мүмкін болмаған жағдайда салынады.

Мұндай ғимараттар жартылай немесе толық тереңдетіліп, жоғары және бүйір жақтары топырақ үйіндісімен жабылады. Бұларға жер асты өткелдерін, шахталарды, кендері қазылып алынған жерлерді икемдеуге болады.Оқшау тұрған паналау ғимараттарын халық көп жиналатын жерлерге орналастырады.

Радиациядан қоғайтын паналау ғимараттары

Радиациядан қорғайтын паналау ғимараттары дегеніміз- адамдарды радиоаутивті шаңдардан, сәулелерден, жарық шығарудан, сондай-ақ тамшы күйіндегі улағыш заттардан қорғауды қамтамасыз ете алатын ғимараттар.Радиациядан қорғайтын орындарды әлсіз бүліну аймағына орналастырғанда оның конструкциялары 20кПа қысымға шыдайтындай дәрежеде болу қажет.

Тереңдетілген бөлмелер жетіспеген жағдайда радиацияға қарсы арнаулы орындар салынады. Ол үшін қолдағы бар құрлыс материалдарын қолданады.

РҚО сиымдылығы әдетте 10-50адамға, кей жағдайларда 100-500 адамға есептелінеді.

Сиымдылығы 50 адамға дейін болса , ауа ауысу табиғи желдеткіш арқылы жүзеге асырылады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары етіп жер асты өткелдерін, подвалдарды, қоймалар мен жеміс сақтағыштарды, жер астындағы тереңдетілген және жартылай тереңдетілген үйдің төменгі қабаттарын жабдықтауға болады.

РҚО радиациялық сәуледен қорғайтын қабілеті әлсірету коэфициентімен анықталады. Радиациядан қорғайтын баспаналарды салғанда және басқа да ғимараттарды жабдықтағанда олардың радиацияға қарсы әлсіреті коэфициенті (К) есепке алынады.

Радиацияны әлсірету коэфициенті құрлыс метериалдарының қалыңдығы мен тығыздығына байланысты.

Әр түрлі материалдардың гама сәулелерін әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни гамма сәулелерінің өтімділігін екі есеге дейін әлсірете алатындай материал қабатының қалыңдығын пайдаланады.

Кесте4 Кейбір құрлыс материалдарының радиоактивті гамма сәулелерді жартылау әлсірету қабаты

Құрлыс материалдарының атауы

Тығыздығы,г/см3

Жартылай қабат,см

Ағаш

0,7

19

Шыны

1,4

9,3

Топырақ

1,8

7,2

Кірпіш

1,6

8,4

Бетон

2,3

5,6

Темір бетон

2,5

5,4

Болат, темір

7,8

1,8

Қорғасын

11,3

1,3

Берілген материалдың кез келген қабатының гамма сәулелерін әлсірету коэффициентін анықтау үшін

формуласын пайдалануға болады.

Мұндағы, h – материалдың қалыңдығы, см

d – жартылай әлсірету қабатының жуандығы, см

Радиацияға қарсы ғимараттарды гамма сәулелерін әлсірету коэффициентіне байланысты төрт топқа бөлуге болады.

1 К1 = 25-50 2. К2 = 50-100 3. К3 = 100-200 4. К4 ≥ 1000

Ғимараттарды радиацияға қарсы етіп икемдегенде, оларды әр түрлі материалдармен жапқан кезде, әрқайсысының әлсірету коэффициентін анықтап, сосон алынған мәндерді қайтадан көбейтеді.

Мысал. Қалыңдығы 40см ағаштан жабылған және 50см топырақ салынған паналау орнының әлсірету коэффициентін анықтау керек.

  1. Ағаш үшін жартылай әлсірету коэффициенті 19см, топырық үшін 8,4см.

  2. К1 = K2 =

  1. К = K1* K2 K = 4*64 = 256

Коэффициент көп болған сайын паналайтын орын соғұрлым тұрақты болады.

Радиациядан қорғайтын паналау орындары негізінен кіші-гірім қалаларда , қала типтес кеттерде, ауылды жердің бәрінде құрылады.Радиациядан паналау орындарына ыңғайластыратын бөлмелер жетіспеген жағдайда жергілікті құрлыс материалдарын пайдалана отырып, радиацияға қарсы арнайы паналау орындары құрылып жоспарланады, ал қажет болған жағдайда салынуы тиіс. Азаматтың қорғаныстың ұсыныстары мен радиацияға қарсы паналау орындарынын жобалау құрылыс нормалары мен ережелерінде нұскауларда баяндалған. Арнайы құрылған РҚО әдетте өте берік етіп жасалынады. Олар 200 әлсірету коэффициентімен, 20кПа қысымға мөлшерленген, сондықтан радиоактивті сәуле шығару мен соғу толқынынан және екінші қайтара зақымдану күштерінен қорғай алады.Орындардың мұндай түрлерін қала сыртындағы аймақтарда медициналық пункттер, байланыс нүктелерін, қосалқы басқару орындарын орналастыру үшін пайдалануы мүмкін.

РҚО бейбіт және соғыс кезінде пайдаланатын талаптарға сәйкес желдеткішпен, жылумен, сумен жабдықтау жүйелерімен , канализациямен және жарықпен жабдықталуы тиіс.

Сиымдылығы 50 адамға дейін болатын паналау орындарында табиғи желдеткіш қолданады.. Бөлме ауа кіретін және ауа шығатын қорабтар арқылы жәлдетіледі. Ауа кіретін қорабқа әр түрлі материалдардан шаңға қарсы сүзгіш орнатады. Желдету процесін тездету үшін ауа шығаратын қорап ауа кіреті (соратын) қораптан 1,5-2м жоғары тұру керек.

Бір қабатты үйлерде ауа шығаратын саңылау ретінде түтін шығатын жерлерді пайдаланады.

Кез келген пайдалануға жарайтын бөлмелерді РҚОлайықтау үшін мынадацй жұмыс түрлерін іске асыру қажет:

-қорғағыштық қасиетін арттыру

-герметизациялау(саңылаусыз етіп бекіту)

-қарапайым желдеткіш орнату

Бөлменің қорғағыш қасиетін арттыру үшін терезенің және басқа да артық ойықтарды бітейді. Жер бетіне шығып тұрған жерлеріне топырақ үйіп төбесін де топырақпен жабады.

Бөлмені герметизациялау үшін бөлме ішіндегі қабырғалармен төбелердегі, есіктердегі, терезелердегі, су және жылу құбырлары енгізілген жерлердегі тесіктерді, саңылауларды мықтап бекітеді. Есіктерді қалың материалдармен(киіз, линолиум, рубероид) қаптап, шетіне білік қыстырады, есік тығыз жабыл

Кірпіштен немесе саманнан салынған үйдің дір бөлмесін лайықтау.

1 Терезенің ойығын бітейді (кірпішпен немесе ішіне топырақ салынған қаптармен) Терезенің ойығының жоғарғы жағынан кішкене ойық қалдырады.Ауа кіретін саңылау орнатады. Саңылауға материалдан жасалған сүзгіш орнатылады. Ауа шығатын саңылау ретінде түтін шығатын жерді пайдаланады.

2. Қабырғаны сыртқы жағынан топырақпен үйеді.

3. Төбесін бөлменің ішінен бекітіп үстіне 30-40см етіп топырақпен жабады.

4. Есікті қалың материалдармен қаптап, білік орнатып тығыздап жабады.

Қорғаныс құрлыстарын бейбіт кезде пайдалану.

Қорғаныс құрлыстарын бейбіт кезде халық шаруашылығының әр түрлі мақсаттарына пайдаланады.

Бейбіт кезде пайдаланғанда қор.құр. қойылатын талаптарына сәйкес пайдалану қажет:

-қорғаныс құрлысының жалпы алғандағы және жеке-жеке элементтерінің- кіретін, шығактын, жерлердің герметикалық-қорғағыш есіктердің қорғау қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етуқажет;

-қорғаныс құрлыстарының герметизациясын;

-инженерлік-техникалық қондырғылар кез келген уақытта соғыс режиміне көшуге дайындықта тұру қажет.

Қорғаныс құрлыстарының бөлмелерін қайтадан жобалауға, сыртқы қабырғаларынан ойықтар, тесіктер жасауға тиым салынады.

Бейбіт езде қорғаныс құрлыстарын пайдаланатын өнеркәсәптер мекемелер,ұйымдар жауапты адам тағайындайды. Жауапты адам қорғаныс құрлыстарының дұрыс пайдалануына бақылау жасап отырады.

Пайдаланып отырған қорғаныс құрлыстарының мынандай құжаттары болу керек:

-күтіп ұстау ережесі;

-сыртқы және ішк инженерлік торлардың жоспары, және ондағы торларды үзіп тастайтын тетіктері көрсетілуі қажет;

-паспорт, тексеріс журналы;

-эвакуация жолдарының жоспары;

-инженерлік, желдеткіш қондырғыларының , приборлардың инструкциялары:

Қорғаныс құрлыстарының жай-күйлері тексеріліп отырады.

1. Жыл сайыеғы тексеріс. Объекті басшыларының тағайындауымен жыл сайын тексереді:

-қорғаныс құрлыстарының кіретін, шығатын жерлерінің жалпы жай-күйлері тексеріледі;

-есіктердің, герметиеалық-қорғағыш есіктердің жай-күйлері

-сумен, электрмен, байланыспен қамтамасыз ету жүйелерінің, желдеткіш қондырғылардың дұрыстығы

2. Арнаулы тексеріс (кезектен тыс) табиғат апаттарынан кейін өрттер, жер сілкіну, су басу, дауыл).

3. Комплексті тексеру 5 жылда бір рет жүргізіледі. Оған аудандық, қалалық. Обдыстық азаматтық қорғаныс өкілдері қатысады. Комплексті тексеру кезінде:

-баспананың герметикасы

-инженерлік-техникалық қондырғылардың жұмыс істеу қабілеттері;

-қорғаныс құрлыстарының дайындыққа келу мүмкіндіктері

-6 сағат бойы қорғау режимінде желдеткіш қондырғылардың таза және сүзгілі желдеткіш режимінде тексереді.

Кіретін және шығатын дерлерді заттармен толтыруға болмайды және шығатын жерлерге азаматтық қорғаныстың рұқсатынсыз құрлыстар салуға болмайды.

Қорғаныс құрлыстарының іші құрғақ болу керек. Қысқы және жазғы мерзімдерде қажетті температураларды ұстап тұру қажет.

Жоспар бойынша ремонт жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы

1.6.1 Объектінің тұрақтылығын раттыру

Объектінің (шаруащылық объектілерінің) төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығы дегеніміз – олардың аварийялар мен катастрофалардың алдын-алуға, төтенше жағдайлардың зақымдаушы факторларына қарсы тұруға, зақымданған элементтерін қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келтіру қаблеттілігі.

Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру дегеніміз – тұрғындардың денсаулығына, өміріне төнетін қауіптіліктерді, материалдық құндылықтардың шығындарын азайтатын комплексті шаралар.

Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру күні бұрын орындалатын ұйымдастыру, инженерлік-техникалық және арнаулы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады.

Тұрақтылықты арттыратын шараларды анықтау үшін тұрақтылыққа әсер ететін факторларға талдау жасау қажет. Ол үшін объектілерді төтенше жағдайларға әкелетін барлық мүмкін болатын жағдайларды қарастыру қажет. Бұл жағдайлардщы аумақтық аудандық және объектілік масштабта қарастырған дұрыс болады.

Объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар.

* орналасу аймағы - аймақтың ең мүмкін болатын қауіпті стихиялық апаттар, метеорологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

* Әлеуметтік-экономиеалық жағдайлар – экономиканың жай-күйі, тұрғындардың еңбекпен қамтылуы, адамдардың тұрмыс деңгейі.

* Объектілердің орналасқан жері – жергілікті жерлердің жер бедері, құрлыстардың сипаты, көлік коммуникацияларымен қамтылуы, қауіпті потенциалды объектілердің бар-жоғы.

* Ішкі факторлар – жұмыс істейтіндердің саны, олардың компетенциясы, тәртібі, объектінің сипаты, өндіретін өнімдер, қолданылатын технологиялар, энергиямен қамтамасыз ету, басқару жүйесі, материалдақ-техникалық қамтамасыз ету т.б.

Осы факторларға талдау жасай отырып, мүмкін болатын төтенше жағдайларды және олардың объектінің тіршілігіне әсерлерін анықтап, тұрақтылыққа баға беруге негіз жасайды.

Бейбіт жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын зерттеу.

Шаруашылық объектіленінің жұмыс тұрақтылығын зерттеудің мқсаты олардың әлсіз элементтерін анықтап, алынған мәліметтер бойынша тұрақтылықты арттыратын ұйымдық, инженерлік-техникалық, арнаулы шараларды қарастыру болып табылады. Бұл жұмысты ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарын қатыстыра отырып, өнеркәсіп басшысы ұйымдастырады. Зерттеу үш этаппен жүргізіледі:

1. Ұйымдастыру этапы – қажетті күштер мен құралдардың, зерттелетін жұмыстардың көлемі анықталады. Ғылыми-зерттеу топтары құрылады. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру үшін – құжаттар – басшының бұйрығы, зерттеу жұмыстарының жоспары, зерттеу топтарынына тапсырмалар жасалынған құжаттар болу керек.

2. Екінші этапта тікелей тұрақтылыққа баға беру – жекеленген элементтерге, жүйеге, бүкіл объектіге баға беру жұмысы жүргізіледі.

3. Үшінші этапта зерттеу нәтижелері біріктіріліп, тұрақтылықты арттыратын шаралар жасалынып жоспарланады.

Біріктірілген жоспар - негізі құжат болып табылады.. Ол екі бөлімнен тұрады:

-бірінші бөліміне бейбіт жағдайда орындалатын шаралар енгізіледі;

-екінші бөліміне соғыс жағдайына қатысты шаралар енгізіледі.

Жоспардың екі бөлігінің әрқайсысы бір-бірімен байланысқан жекеленген құжат болып табылады.

Тұрақтылықты арттыру шаралары төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-объектінің өзінде немесе оның жақын маңында ТЖ шығу мүмкіндігі;

-ғимараттар мен құрлыстардың физикалық тұрақтылығы;

-технологиялық және станокты жабдықтардың тұрақтылығы,

-технологиялық процестердің тұрақтылығы;

-персоналдарды қорғау сеңімділігі;

-басқару жүйесінің тұрақтылығы;

-материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өндірістік байланыстар сенімділігі;

-объектінің бүлінген өндірісін қалпына келтіруге қабілеттілігі.

ТЖ алдын алатын және тұрақтылықты арттыратын шаралардың негізгі бағыттары (ШО)

Олардың ішіндегі бастылыры:

-потенциалды қауіпті өнеркәсіп орындарын қазіргі заманғы қауіпсізрек технологияға көшіру немесе оларды тұрғын пункттерінен шықару;

-автоматты бақылау және басқару жүйелерін енгізу;

-технологиялық күрделі өндірістерді аварийясыз тоқтату жүйесін жасау;

-ТЖ жөнінде құлақтандыратын және хабарлайтын жүйелерді енгізу;

-өндірс орындарында қауіпті заттар мен материалдардың мөлшерін азайту;

-зардаптарды жоятын күштер мен құралдардың болуы және дайындықта тұруы;

-объектідегі технологиялық тәртіпі және объектіні қорғауды жақсарту.

Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын «қанағаттанарлық» және «қанағаттанғысыз» деген бағалармен бағалайды.

Қанағаттанарлық бағасын алу үшін:

-бес жылда бір рет тұрақтылықты зерттеп отыру қажет;

-зерттеу негізінде шаралардың орындалу мерзімін, орындаущыларды, қаржыландыру көзін анықтау қажет;

-экономикалық эәне әулеметтік дамудың перспективті және ағымдағы жоспаларында кіргізілген шаралардың 75проценттен аз болмайтын шараларын жүзеге асыруды жоспарлау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]