Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ СРСП 14-15.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
650.24 Кб
Скачать

«Жалпы этиология мен патогенез. Реактивтіліктің патологиядағы рөлі» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімін қолдануды үйрету

Оқыту тәсілдері: Кейс - стади.

1 – тапсырма. Кейс - стади

1.Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды.

  1. Аурудың себебі не?

  2. Аурудың жағдайы не?

  3. Этиотропты емдеуді негіздеңіз

2. 14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған. Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Өмір сүру жағдайы орташадан төмен.

  1. Аурудың себебі не?

  2. Аурудың жағдайы не?

  3. Этиотропты емдеуді негіздеңіз

3. Тағамда «С» витаминінің жеткіліксіздігі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

4. Организмнің тағамның аз түсуі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

5. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

  1. Не себепті бірінші топ жануарларда биіктік ауруы дамып, екінші топта бұл белгілер байқалмады?

  2. Биіктік ауруының патогенезін негізгі тізбегін көрсетіңіз. Биіктік ауруы патогенезінің кері айналып соғу шеңберін көрсетіңіз

6.Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе өткізілді: суының температурасы 10 °С аквариумға № 1 егеуқұйрықты отырғызды. 5 минөттен кейін жануарды алып, бақылау егеуқұйрықпен (№2 егеуқұйрық) және 10 минөт бұрын 2,5 мг/кг мөлшерде психостимулятор фенамин еңгізілген егеуқұйрықпен (№3 егеуқұйрық), барокамераға орналастырады. Сосын барокамерадағы барометрлік қысым 180 мм с.б.деңгейге дейін азайтылды. Өмір сүру ұзақтығы (барокамерадағы барометрлік қысымның 180 мм с.б. бойынша төмендеген уақыттан тыныстың толық тоқтауына дейін) №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 — 7 минөт және №3 егеуқұйрықта — 4 минөтке созылды.

  1. Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігіне әсер ете ме?

  2. Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етті?

  3. Төзімділігін арттыратын басқа мысалдар келтіріңіз

7 есеп. Қыс мезгілінде екі топ жануарлардың (саршұнақтар мен егеуқұйрықтар) сәулеленудің ең жоғары мөлшеріне шалдықты. Егеуқұйрықтың 95%, саршұнақтың 10% өлімге ұшырады.

Егеуқұйрықтар мен саршұнақтардың реактивтілігіне қандай жайттар әсер етті?

8 есеп.

1 жастағы балада, 35 жастағы әйелде және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты?

  1. Әр жынысты және әр жастағы қабынулық үрдіс пен температураның өзгерісі неге байланысты?

  2. Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз

9 есеп. Қауырт респираторлық вирустық ауруы бар науқастың қан сары суында интерферон мөлшері жоғарылаған.

  1. Бұл серпілістің организм үшін маңызы қандай және не себепті дамыды?

  2. Науқаста реактивтіліктің қай түрі дамыды?

  3. Науқаста жауаптың қай түрі дамыды?

10 есеп. 35 жастағы пациент П., бағдарламашы (программист) болып 10 жыл жұмыс жасайды, маңдай тістерінің қарайып, бұзылып, эстетикалық түрінің жойылғандығынан стоматологқа келді. Дәргердің қойған аңғарымы: тістердің компьютерлік некрозы.

Сәуленің әсерінен тіс тінінің зақымдану тетіктерін түсіндіріңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С.73-89, 232-319

  4. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.121-139

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30-87.

  6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 73-89.

  7. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 12-21

  8. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 31-55, 121-140

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-33.

  2. .Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 29-110

  3. Имамбаева А.А. Патофизиологические основы побочного действия лекарственных средств- Алматы, 2005, с.90

Бақылау:

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.

«ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАБЫНУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Шеткері қанайналымы бұзылыстары мен қабыну кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері:

аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу

1 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару.

1 есеп.56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».

  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады? Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

  2. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

2 есеп. Жүрек жеткіліксіздігімен жапа шегетін науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3 есеп.Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

  1. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?

  2. Шеткері қанайналымының осы бұзылысының себебі не?

  3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

  4. Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?

4 есеп. Іш қуысында жиналған сұйықтықты ажыратып диагноздау үшін пункция жасалынды. Ашық сары түсті мөлдір сұйықтық алынды. Нәруыз мөлшері 1,5%, біріндеген эпителий жасушалары және біріндеген лейкоциттер көру аймағынды, рН 7,4.

    1. Алынған сұйықтық қалай аталады және туындау себебі не?

    2. Қабыну белгілеру бар ма?

5 есеп. Науқас 15 жаста, жоғары ерініндегі солқылдаған ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке, дене қызымының 37,5С-қа дейін көтерілгеніне шағымданып келді. Қанында: лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдауы. Қарап тексергенде: жоғары еріні ісінген, сипағанда тығыз инфильтрат байқалады, ерін үстіндегі терісінің шеттері қызарған, ортасы көгістенген (цианоз).

Сұрақтар:

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

  2. Анықталған бұзылыстардың механизмі қандай?

  3. Зақымданған бөліктегі тері түсінің әртүрлілігін және солқылдаған ауыру сезімін қалай түсіндіресіз?

6 есеп. Науқас А., 7 жаста, стоматологиялық клиникаға жоғары қатардағы алтыншы тісіндегі қауырт ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: тіс жегі қуысы бар, тісті соққылағанда ауырады, жоғары альвеолярлық өсіндінің шырышты қабаты қызарған, ауыратын тіс аймағындағы жұмсақ тіндер ісінген. Клиникалық диагнозы: қауырт периодонтит.

1. Осы үрдістің құрамбөлшектерін және патогенезін атаңыз.

2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ерекшеліктерін сипаттаңыз.

7 есеп. Науқас Б., 9 жаста, дәрігерлік тексеруден өту кезінде стоматологқа жіберілді. Қарап тексергенде: сол жақтағы төменгі алтыншы тісінде терең емес тіс жегі қуысы, қызыл иегі ісінген, тісті басқанда ауырады, айналасындағы тіндер ісінген, шеткері лимфа түйіндері ұлғайған. Клиникалық диагнозы: созылмалы периодонтит.

1. Осы дерттің жергілікті белгілерін атаңыз. Олардың пайда болуы тетіктерін түсіндіріңіз.

2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ерекшеліктерін сипаттаңыз.

8 есеп. Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

  1. Қай қоян өлді және не себепті? Жауапты негіздеңіз.

2 тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

1.Бронхтың қабынуы

2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері-

3. еттің қабынуы

4. Калликреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін медиаторлар

5.Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)

6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы

7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)

8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы

9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы

10. Қалқанша бездің қабынуы

11. Тіс жетінің қабынуы

12. Пролиферация тежегіштер

13. Бүйректің қабынуы

Көлденеңінен:

1.Плевраның қабынуы

2. Өкпенің қабынуы

3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер

4. Бронхылардың қабынуы

5. Артерияның қабырғасының қабынуы

6. Қол саусақтарының қабынуы

7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар

8. Жүрек етінің қабынуы

9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы

10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы

11. Тілдің қабынуы

12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы

13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті

14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы

15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер

16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары 17.Арахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары

18. Жүйке қабынуы

19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары-

20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы

21. Қуықтың қабынуы

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ, ақпараттар жинағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]