Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ СРСП 14-15.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
650.24 Кб
Скачать

Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер

    1. Сахарозаның тіс жұғындысына ацидогендігін қамтамасыз ететін жайттар(3)

  1. оның тіс жұғындысы микрофлорасымен тез ыдыратылуы

  2. оның тіс жұғындысы микрофлорасымен баяу ыдыратылуы

  3. тіс жұғындысы көбеюін күшейтуі

  4. тіс жұғындысы дамуын тежеуі

  5. тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін күшейтуі

  6. тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін тежеуі

2. Ауыз қуысында ацидоз дамытатыны:

  1. Гипосаливация

  2. Түнгі ұйқы

  3. Тісті күнделікті тазаламау

  4. Сілекейдің қатты бөлінуі

  5. Тағамды аз мөлшермен жұту

  6. Ксеростомия

3. Ауыз қуысында алкалоз дамытатыны:

  1. Гипосаливация

  2. Түнгі ұйқы

  3. Тісті күнделікті тазаламау

  4. Сілекейдің қатты бөлінуі

  5. Тағамды аз мөлшермен жұту

  6. Ксеростомия

4. Қызбаның бірінші сатысында ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады:

A) сілекей мөлшерінің артуы

B) сілекей мөлшері өзгермейді

C) ауыз қуысының құрғауы

D) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы

E) сөйлеудің және тамақты жұтудың қиындауы

F) катаралды глоссит және стоматиттің көріністері

G) шырышты қабықтың жарылулары, жаралары және гиперемиясы

I) ауыз қуысының ылғалдылығы орташа дәрежеде

J) сілекей мөлшерінің төмендеуі

5. Қызба кезінде ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады

A) тіс тастарының түзілуі

B) тістің өңезденуі

C) ауызда шірікті иістің пайда болуы

D) рН-ң сілтілік жаққа ығысуы

E) р-ң қышқылдық жаққа ығысуы

6. Тіс-жақ аймағы тіндерінде қабынудың дамуына әсер етеді

A) иммундық тапшылық

B) лейкопениялар

C) тіс-қызылиек жүлгелерінің өзгерістері

D) ауыз қуысының тазалығы

E) организм резистенттілігінің жоғарылауы

F)ауыз қуысында әлсіз сілтілі рН-ң болуы

7. Тіс-жақ аймағы тіндерінің жіті қабынуы сипатталады

A) гипоергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы

B) гиперергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы

C) тұйықталған аймақта шектелуімен

D) қабыну үрдісінің шектелуімен

E) қабыну ошағынан метаболиттердің белсенді түрде сорылуымен

F) мыйдың жақын орналасуына байланысты асқынулар даму қауіпімен

8. Жіті пульпиттер мен периодонтиттерге тән

A) нейтрофилді лейкоцитоз және ЭТЖ-ң артуы

B лейкопениясыз ЭТЖ-ң артуы

C) агранулоцитоз және ЭТЖ-ң төмендеуі

D лейкоцитозсыз ЭТЖ-ң артуы

E) лимфоцитоз және ЭТЖ-ң артуы

9. Тіс-жақ аймағы тіндерінің сүлде қабынуы сипатталады

A) ағымының қысқалығымен

B) ұзаққа созылуымен

C) нейтрофилді лейкоцитоз дамуымен

D) мононуклеарлы сіңбелердің дамуымен

E) дәнекер тіннің пролиферациясымен

F) тіндердің айқын альтерациясымен

10. Тіс-жақ аймағы тіндерінің қабынуының мысалы бола алады

A) дерттік серпіліс

B) дерттік жағдай

C) аурулар

D) дерттік үрдіс

E) аурудың басталуы

«Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Жүрек қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі клиникалық -зертханалық сараптауда машықтық дағдыны, коомуникативті дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Қанайналым жүйесі ауруларындағы клиникалық -зертханалық сараптауда тәжірибелік дағдыны жетілдіру

  • ЖҚЖ физикалық жүктемеге серпілісін зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу барысында топта коммуникативті дағдыны жетілдіру

Жүргізу тәсілдері: кестелерді толтыру, кейс-стади, тест тапсырмаларын шешу

1 тапсырма.

Біріншілік артериялық гипертензия кезіндегі аталған жайттардың зақымдаушы әсерінің механизмін көрсетіңіз.

Қауіп қатер жайттары

Зақымдаушы әсерінің механизмі

Гиподинамия

Стресс

Кадмий, қорғасын

Магний тапшылығы

Шу

Созылмалы гипоксия

Ас тұзын артық пайдалану

2 тапсырма. Кейс-стади

1. 56 жастағы науқас А., 8 сағат бұрын пайда болып, 40 минут бойы жалғасқан, төс артындағы ауыру сезіміне байланысты реанимация бөлімшесіне түсті. Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, өкпені тыңдағанда дерт жоқ, жүрек ырғағы бұзылған. ЭКГ-да - миокард ишемиясы белгілері.Қанда АСТ белсенділігі, тропонин мен креатинфосфат мөлшері бірден жоғарылаған. Қан талданымында: лейкоцитоз, тромбоцитоз. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).

  1. Есептегі өзгерістер жүрек дерттерінің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

  2. Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

  3. Бұл дертте қанда АСТ, тропонин, креатинфосфат белсенділігінің артқанын, лейкоцитозды қалай түсіндіресіз?

  4. Науқасты емдеу үшін қолданылатын дәрілерді атаңыз.

2 есеп. Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде күшейетін жүректегі мезгіл-мезгіл пайда болатын ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың санының азайғаны анықталды.

  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?

  2. Анықталған дерттің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

3 есеп. 40 жастағы науқас ентікке, 4 апта бұрын пайда болып, бірте-бірте күшейген оң қабырғалықтағы ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: беті бозарған, ісіңкі, науқас алға қарай еңкейіп отырады, жүрек шекаралары оңға және солға 2 см-ге кеңейген. ЖСЖ 100 рет минутына, АҚ 90/60 мм с.б.б. өкпесінде – ұсақ көпіршікті сырылдар, тыныс жиңлңгң – минутына 30 рет, мойын тамырлары кеңейгендігі көрінеді, бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, сипағанда ауырады, аяқтары ісінген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]