Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ СРСП 14-15.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
650.24 Кб
Скачать

Қызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер

Қызба кезінде ауыз қуысында сілекей бөлінуінің нейрогуморалдық реттелуі бұзылуымен байланысты сілекей бездері қызметінің өзгерістері әсерінен дамитын дерттік өзгерістер байқалады.

Қызбаның бірінші сатысында сілекейдің мөлшері өзгермейді, сілекей көпіршікті, қақырық пен мұрын бөлінісінің араласуынан қою болады. Лейкоциттер және сыдырылған эпителий саны артады.

Қызбаның екінші сатысында симпатикалық жүйке жүйесі тонусы артуынан гипосаливация, ксеростомия даиды. Сілекейдің альфа-амилазасының белсенділігі төмендейді, рН қышқыл жаққа ауысады, құрамында кальцийдің тапшылығы байқалуынан тіс кіреукесінен кальцийдің шығуына әкеледі. Ауыз қуысы шырышты қабатының жергілікті төзімділігі төмендейді, жарықтар мен жаралар пайда болады, дәмсезгіштігі төмендейді. Кейде гингивит, стоматит, глосситтер дамиды.

Қызба тіс жабынының пайда болуына әкеледі, ауыздан шірікті иіс шығады.

Қызба кезінде ауыз қуысын күту қажет: тұзды ерітіндімен шайқап, құрамында жұмсақ жабынды ерітетін, қабынған тіннен сұйықтықтың ағып кетуін күшейтетін протеолиздік ферменттері бар тіс пастасын қолдану керек.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.

  2. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С.145-230

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-145,

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.145-230

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 22-23, 45-47, 73-76

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 181-210

Қосымша

  1. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 21-44

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-41,230-232.

  3. .Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 110-192, 490-551

БАҚЫЛАУ –

  • Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

«Аллергия» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру

Оқыту тәсілдері: аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, тестілеу

1 тапсырма. Кейс-стади.

1. Төменгі жағының остеомиелиті бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин соң мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозулар, басының солқылдап ауырғаны, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, АҚ 180/90 мм с.б., тамыр соғуы 120 рет. 20 мин соң науқастың жағдайы нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен сипатталатын тұншығу ұстамасы, есінің кіресілі-шығасылы болуы, тырыспа-селкілдек ұстамасы; АҚ 75/55 мм с.б., тез төмендеуі пайда болды. Науқасқа жедел жәрдем көмегінің шаралары жасалынды.

1. науқаста антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай пайда болды?

2. бұл дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай?

3. осы жағдайдың патогенездік емдеу ұстанымы қандай?

2. Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты.

  1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды? байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

  2. IgE -нің иммуноглобулиндердің басқа топтарынан қандай ерекшелігі бар?

  3. Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?

3. Тісіндегі ауыру сезімін өздігінен басу мақсатында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емделу нәтижесінде науқаста дәрілік табиғатты лейкопения дамыды.

1.Науқастағы лейкопенияның негізінде қай аллергиялық серпіліс жатыр?

2. Лейкоциттер бұзылуының патогенезін түсіндіріңіз

4. Науқасқа сіреспеге қарсы сарысуды енгізгеннен 7 күннен соң дене қызымы 39 градусқа көтерілді, қатты қышитын бөртпе пайда болды. Буындары ісініп, онда ауыру сезімі байқалды. Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері мен көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентікке, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды.

  1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды?

  2. Байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай? Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

  3. Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?

5. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігінің бұлшықетіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

6. Туберкулиндік сынау (Манту реакциясы) баяу дамитын жоғары сезімталдыққа жатады. Балаға Манту сынауын жасады. 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.

  1. Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?

  2. Қабынуды дамытатын қандай жасушалар және оның даму тетіктері қандай?

7. Латекс қолғапты алғаш кигенде стоматологтың саусақтарының терісінде көпіршік және күлдіреуіктермен қабаттасқан айқын эритема пайда болды. Білезіктің ішкі жағына латекс қолғаптың бөлшегімен жасалған аппликациялық сынау 72 сағаттан соң оң болды. Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын баспады. Қабыну глюкокортикоидтар қолданған соң ғана емделді.

  1. Медицина қызметкерінде қандай аллергиялық серпіліс дамыды?

  2. Не себепті глюкокортикоидтар осы аллергияда қабынуға қарсы әсер етті? Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын неге баспағандығын түсіндіріңіз?

  3. Аллергиялық серпілістің патогенезін түсіндіріңіз

8. Науқас С., 54 жаста, алынбайтын металл протезді бекіткеннен кейін пайда болған ауыз аймағы шырышты қабаттарындағы күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қанды in vitro сынауымен тексеру үшін никель тұзын қосқанда базофилдердің түйіршіксізденуі дамыды.

  1. Осы аллергиялық серпілістің патогенезін жазыңыз

  2. Металлдың организмге теріс әсері әруақытта аллергиялық серпіліспен байланысты ма? Жалған аллергиялық серпіліс деген не?

  3. Металға аллергиялық серпілістің болуы протездеуде металл қолдануға қарсы көрсеткіш бола ма?

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 210-224

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 293-311.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 362-404

  4. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С. 362-404

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 47-59

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 230-270

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-136

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 – 163

«ГИПОКСИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрену

  • есептерді талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади

1 тапсырма. Кейс-стади.

1. Ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шеккен 45 жастағы науқас К., асқазанынан қан кетуінен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түсер кезінде үдемелі әлсіздікке, басының айналуына, құлағындағы шуға, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Науқас бозарған. Айқын ентігу байқалады. АҚ 90/60 мм.с.б. Тамыр соғысы — 100 рет/мин,.

  1. Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз

  2. Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?

  3. Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

2. Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.

  1. Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз

  2. Науқастың қанын тексергенде не анықталды? Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?

  3. Науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

  4. Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

3. Науқас ауруханаға цианидтермен ауыр уланып түсті. Оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 2 көл%.

  1. Берілген көрсеткіш гипоксияның қай түрін анықтайды?

  2. Осы гипоксияда оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

4.Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқастың тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, қанның оттегіге сыйымдылығы төмендеген.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?

5.Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері – 98%, веналық қанда – 45%, эритроцит саны қалыпты; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) – 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі – 40 мм с.б.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?

  2. Оттегілік көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіріңіз.

6.Науқасты тексергенде оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 4-тен 2 көлемдік %-ға дейін төмендеді.

  1. Зерттеу нәтижелері науқаста гипоксияның қай түру дамығандығын мәлімдейді?

  2. Оттегілік басқа көрсеткіштер (қанның оттегіге сыйымдылығы, артериялық және веналық қандағы гемоглобиннің оттегігу қанығуы) қалай өзгереді?

  3. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезі қандай?

7.Науқасты тексергенде оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 5-тен 7 көлемдік %-ға дейін артты.

  1. Зерттеу нәтижелері науқаста гипоксияның қай түру дамығандығын мәлімдейді?

  2. Оттегілік басқа көрсеткіштер (қанның оттегіге сыйымдылығы, артериялық және веналық қандағы гемоглобиннің оттегігу қанығуы) қалай өзгереді?

  3. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезі қандай?

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Учебник //под ред А.Н. Волажина, Г.В. Порядина Т IМ.: «Академия» 2006, с121-139

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 201-211.

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 69 -72

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.2. – М.: «Академия», 2007.- с. 114-118

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

БАҚЫЛАУ:

  • ситуациялық есептер бойынша қорытынды.

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228

«ӨСПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • патофизиологиялық ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру

  • топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

  • 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • патофизиологиялық ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру

  • топта жұмыс жасау дағдысын жетілдіру

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: сөзжұмбақ шешу, кейс-стади

.

1. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп. Науқас Л., 65 жаста, от жағушы, жақында зейнеткерлікке шыққан, әлсіздікке, дене салмағын бірден жоғалтуына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, тынысының қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Ларингоскопияда кеңірдегінен кеңірдектің жартысынан көбін алып тұрған бұдыр, жараланған өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына еніп өскен, мойындағы лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда тығыз, ауырмайды.

  1. Науқаста дамыған өспенің мүмкіндік себептері қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады?

  2. Бұл канцерогендердің өспе дамытатындығын тәжірибеде кім дәлелдеді?

  3. Лимфа түйіндері ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз

  4. Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз

2 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда негізгі оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қандай тетіктері әсерленуі тиіс еді?

3 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.

      1. лимфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

      2. Осы үрдістің даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз

      3. Осы үрдістің дамуы канцерогенездің қай сатысына сәйкес келеді?

      4. Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз

4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.

  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

5 есеп. Науқас А., асқазан өспесімен ауырған жарты жылда дене салмағының 10% -ын жоғалтты. Зертханалық тексеруде: гипогликемия, аминқышқылдары мен холестерин мөлшерінің азайғандығы анықталды.

  1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

  2. Науқаста дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз

  3. Бұл синдром канцерогенездің қай сатысында байқалады?

  4. Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз

2. тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.

1

2

15

3

17

16

4

18

5

19

6

20

9

7

8

21

10

22

23

11

12

25

24

13

26

27

14

28

29

31

31

32

Тігінен:

1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі

2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы

3. Май тіндерінің қатерлсіз өспесі

4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі

5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген

6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын канцероген.

7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі

8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы

9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені

10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы

11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы

12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің нәтижесін ашққан ғалым

13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт

14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым

Көлденеңінен:

15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген

16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп, бірақ өзі өспені туындатпайтын агент

17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын, канцерогенездің бірінші сатысы

18.Протоонкогендердің санының көбеюі

19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі

20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы

21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын хирургі 22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы

23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген ғалым

24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы

25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде дәлелдеген жапондық ғалым

26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы

27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы

28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген

29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс

30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы

31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын туындатуға қабілетті жайт

32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1 с.780-837

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 77-79.

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 238-254

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.2. – М.: «Академия», 2007.- с. 120-145

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.

  2. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

  • Сөзжұмбақты шешу

1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ (жалпы патофизиология)

Мақсаты:

  • студенттердің білімін өткен аудиториялық және аудиториядан тыс материалдар бойынша тексеру

  • клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын бағалау

  • ситуациялық есептер шешу бойынша ауызша сұрауда коммуникациялық дағдысын бағалау

Бақылау міндеттері:

  • өткен материалдар бойынша білімін бекіту

  • патофизиологиялық тәжірибе жоспарлау және орындау дағдысын бекіту

  • ауызша және жазбаша жауап бергенде ойын жеткізу дағдысын дамыту

1 аралық бақылаудың сұрақтары

  1. Патологиялық физиология. Жоғары медициналық білім берудегі патофизиологияның орны, оның басқа ғылымдармен байланысы. Патофизиологияның негізгі міндеттері.

  2. ҚР ДСМ 697 және № 575 бұйрықтары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелерін оқып білу.

  3. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері:денсаулық, ауру, ауру алды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, аурудың нышандары. Аурудың жіктелу ұстанымдары.

  4. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  5. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  6. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Ятрогендік аурулар туралы түсінік.

  7. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүліну деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері.

  8. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру түрлері.

  9. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігін анықтайтын жайттар (тұқымқуалаушылық, жас мөлшері, жынысы, жүйке, эндокрин жүйесі ж.б.).

  10. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

  11. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жасушаның жедел және созылмалы зақымдануының сатылары. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

  12. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдарлары

  13. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасы бүлінуіндегі негізгі тетік ретінде МАТ әсерлену жолдары. Мембраналық фослипаза және басқа гидролаздардың әсерленуі, осмостық зақымдануы, иммундық зақымдануы.

  14. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасуша ішіндегі бейімделу серпілістері.

  15. «Жіті кезеңдік жауап» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жіті кезеңдік жауап» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жіті кезеңдік жауап» организм үшін маңызы.

  16. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.

  17. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.

  18. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Пиротерапия туралы түсінік.

  19. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

  20. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

  21. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

  22. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттарының сипаттамасы.

  23. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік жайттарының сипаттамасы.

  24. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  25. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Әртүрлі гипоксияның себептері, патогенезі.

  26. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер,

  27. Жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер. Гипоксиялық жағдайларды емдеудің патофизиологиялық негіздері.

  28. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

  29. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

  30. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі.

  31. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары. Қантты диабеттің этиологиясы мен патогенезі

  32. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі

  33. Қантты диабеттің асқынуы. Макро – және микроангиопатиялардың патогенезі

  34. Шеткері қанайналым бұзылыстары, түрлері. Артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, анықтамасы, патогенезі, көріністері, микроциркуляция өзгерістері, салдарлары.

  35. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының патогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Томбоздық жағдайларды алдын алу және емдеу жолдары.

  36. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.

  37. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынудың онтогенез барысында дамуы.

  38. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабыну туындататын және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.

  39. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  40. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.

  41. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.

  42. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.

  43. Аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммундық-кешендік, жасуша қатысуымен болатын түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

  44. Жалған аллергиялық серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.

  45. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелердің биологиялық ерекшеліктері (атипиялар). Метастаздану, сатылары, патогенезі.

  46. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

  47. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары).

  48. Қатерлі өспенің организмге әсер. Паранеоплазиялық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық).Өспелерді емдеудің ұстанымдары.

Жүргізу түрі:

1-кезең -тестілеу (Тест тапсырмаларын қараңыз - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.)

2-кезең– клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]