Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ СРСП 14-15.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
650.24 Кб
Скачать

Тіс жақ аймағы тіндеріндегі қабынудың өту ерекшеліктері

Қабыну себебінің 95-98% биологиялық жайт (ақ немесе алтынтәрізді стафилококк)

Қабынудың дамуына әкелетін жағдай - организм төзімділігінің төмендеуі, тіс пен қызыл иек сайының дерттік өзгерістері (ауыз қуысына нейтрофилдер, лизоцим, IgA түсуі бұзылады)

Микробтың таралуы одонтогенді жолмен (тіс жегі асқынуларында) жүреді.

Тіс жақ аймағы тіндеріндегі қауырт қабыну

  • Альтерация мен экссудациясы басым болатын гиперергиялық ағым

  • Тұйық кеңістікте орналасуы (ауыру сезімі)

  • Уыттардың қабыну ошағынан қанға (қандануы жақсы дамыған) белсенді сіңірілуі

  • Асқыну дамуының қауіптілігі – мый тамырларының тромбозы

  • Жалпы серпілістердің (лейкоцитоздың, ЭШЖ жылдамдауы) айқындылығы төмен

Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну

  • Ағымы ұзақ

  • Продуктивті сипатты

  • Моноцитарлық инфильтрат дамуы

  • Дәнекер тіннің өсіп өнуі (мысалы: гранулематозды периодонтит)

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

  2. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С.498-516. 2 том С. 404-498

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-222

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С.498-516. 2 том С. 404-498

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-45

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 141-180

Қосымша:

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 87-92, 101-117.

  2. Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 214-351

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептер қорытындысын тексеру

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 96 -110

  • Сөзжұмбақтың орындалуын тексеру

«ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ: ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру

Оқыту тәсілдері: аз топта жұмыс жасау: кейс-стади

1 тапсырма. Есепті шешіңіз

1. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

  1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

  2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?

  3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

2. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды (СРБ).

  1. Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабы нәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?

3. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

4. 18 жастағы қауырт аппендицитпен ауырған науқастың дене қызымы 380С, тамыр соғысы минутына 82 рет. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

5. Науқас Т., 30 жаста, дәрігерге жұтынғанда күшейе түсетін тамағындағы ауыру сезіміне, әлсіздік, басы ауыратындығына, әлсіздік, қалтырауға шағымданды. Дене қызымы 39,5°С. Фарингоскопияда инфильтрат, жұмсақ таңдай тіндеріндегі ісіну, іріңдеген бадамша бездері көрінеді.

Диагноз: фолликулярлық ангина.

  1. Қызым түсіретін емнің ұстанымы қандай?

  2. Дене қызымы күрт түскенде организмде қандай өзгерістер дамиды?

  3. Организмге қызбаның теріс әсері қалай көрінеді?

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер, ақпараттар жинағы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]